Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде

сол балалардлы болашақта Қазақстанды шоқындыруда қолданбақ. Қорыта айтқанда, Қазақстанда дендеген миссионерлер мәселесі бар. Бұл исламға қарсы жасалып жатқан әрекет. Ислам дінінің өз отанында қарқынды дамуының алдын алу үшін. Тарихта қазақ дінге бөлінбеген және басқа дінге кірмеген сенімі таза ұлт болатын. Сол ел қазір 40 шақты конфессияға бөлінді. Бұл жерде тек христиандарды ғана айтып отырмын. Ал, басқа діндердің ағымы қаншама. Олар сайнтология, хара кришна, будда ағымы, Батыстан келіп жатқан бахаизм сенімі, сатанизм шіркеуі т.т.. Бұлардың барлығын қосқанда қазақтың діни бірлігі жайлы сөз қозғау қыйындау секілді. Қайта діни бөліну жайлы әңгіме қозғау оңайырақ секілді және оған мәжбүрміз. Шіркеулер ұйымдасқан түрде үгіт жүргізіп жатыр. Нәтижесінде бір деректерде 50 мың қазақ, ал кейбірінде 500 мың қазақ басқа дінге кірген делінген. Оның нақты санын дөп басып ешкім айтып бере алмайды. Барлығы да мемлекетіміздің тұтастығы, халқымыздың береке-бірлігі тұрғысынан алғанда өте қауіпті. Он бес жыл бойы миссионерлер елімізде қарқынды жұмыс істеді. Он мыңдаған қандасымызды өзінің дініне тартты. Бұған қандай көзқарастағы адам да болса қарсы тұру керек. Себебі, халықтың дінге бөлінуі асқандықтың, тасығандықтың, еркіндіктің, демократияның, адам құқықтарының, дамығандықтың көрінісі емес. Бұл ыдырау мен әлсіреудің айғағы. Бұл бақытты өз дінінен емес, басқа діннен іздеушіліктің көрінісі. Ғылыми теориялар басқа дінге кеткен азаматтар басқа этносқа айналатындығын дәлелдеген. Ұлттардың қалыптасу теориялары бар. Осы теория бойынша пенделер ортақ дін айналасында бас қосады. Секталарда бүгін мың адам болса, ертең 10 мың, 100 мың, тіпті миллион адамға дейін өсе береді. Басқа діннің жетегінде кеткен азаматтарымыздың өмір сүру салты, киген киімі, ішкен асы, той-томалағы, өлім-жітімі, өмірге деген көзқарасы, менталитеті өзгереді. Кейбірі өздеріне басқа ат қояды да, басқа ұлтқа айналады. Оған тарих дәлел. Мысалы: Югославиядағы хорват, серб, босния халықтарын алайық. Бұлар негізінен бір ұлт. Тілдері бірдей, бет-әлпеттері бірдей. Бөлінген себебі сербтер — православие, хорваттар — католик, босниялықтар болса — ислам дінін қабылдаған. Бұл тәжірбиенің тірі куәсімін. Қазақ халқы оны қайталамауға тиіс. Ата-бабамыз қабылдаған ислам діні 1250 жыл бойына қазақтармен бірге жайылып келеді. Қазақ халқы моңғол шапқыншылығы кезінде де моңғолдардың дінін қабылдаған жоқ. Қайта Шыңғыс хан бастаған моңғолдар біздің салт-санамызға сіңісіп түркіленді, біздің дінімізді қабылдады. Одан кейінгі жоңғарлармен болған ғасырлық соғыста қазақ жоңғардың дінін қабылдаған жоқ. Жоңғарлар жойылды, басқа ұлттарға сіңді. Ресей Патшалығының бодандығында екі ғасыр болған қазақ дінге бөлінген жоқ. Кеңес билігінде де дінге бөлінбедік. Бұл тарихи деректердің барлығы да қазақтың дінге бөлінбегендігін көрсетеді.
Ендігі мәселе басқа діннің жетегінде кеткен қандас бауырларымызды өз ата-бабасының жолына қайтару қалай болмақ дегенге келіп тіреледі. Осы уақытқа дейін оларды исламға қайтарумен шұғылданатын мекемелер мен ұйымдарды көргенім жоқ. Бірлі-жарым мұсылман қоғамдары жұмыс істеген болады. Бірақ олар халыққа исламды түсіндіруден арыға бара алмауда. Қазақстан заңдары шеңберінде, қоғамның ішкі тұрақтылығын ескере отырып, орта және ұзақ мерзімді жоспарлар жасап, басқа дінге кірген бауырларымызды өз ортамызға қайта тартуымыз шарт. Бұл үшін үлкен кешенді жұмыс атқарылуы керек. Біріншіден, бұл азаматтар неліктен басқа дінге өткендігін тексеруіміз керек. Оның ең басты екі себебі бар тәрізді. Оның біріншісі экономикалық, ал екіншісі әлеуметтік себептер. Экономикалық себептерді жою үшін не істеуге болады? Әлеуметтік мәселелердің біразын жоғарыда айттық. Бұл жерде өкініштісі азаматтарымыз өз дінін білмейтіндігі болып отыр. Еш діни білімі жоқ қазақ азаматтары жеткілікті. Осыған орайластырып, жоспар жасауымыз керек. Олар миссионерлерге қарсылықсыз бірден беріледі. Ал миссионер оның жүрегіне қалай жол табу керек екендігін жақсы біледі.
Қазірдің өзінде қаламызда ағылшын тілін үйретіп жатқан көп мекемелер бар. Әлемдік тәжірибеде, әсіресе Африка елдерінде, Таяу Шығыстағы мұсылман елдеріндегі халықтың наразылығынан қорыққан миссионерлер бастапқыда өздерін ағылшын тілінің мұғалімдері ретінде танытқан. Бұл мәселені де дұрыстап жолға қоюымыз керек. Мына қаптап кеткен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) шын мәнінде қандай бағытта жұмыс істеп жатқанын бақылауымыз керек. Дүниежүзінде 20-дан астам бүкіл әлемге хабар тарататын миссионер телеарналары бар. Олар ағылшын тілінде, орыс тілінде және басқа тілдерде хабар таратады. Бір қазақ тілінде хабар тарататын 3 миссионер радиосы бар екенін ескерелік. Бір қорқынышты мәселе тағы бар. Бөтен дінге өткен азаматтарымыздың өздері де уақыт өте келе миссионерлерге айналады. Мұсылман кезінде дінімізге шорқақ болып жүргенімен, басқа дінге кіргенде олардың жан-тәнімен беріліп кететініне таң қаламын. Олардың ішінде, әсіресе, әйелдер көп. Әйелді кіргізу арқылы күйеуін, баласын, бауырларын, әке-шешесін оңай тартады. Қазақ халқы әйелге жауапсыз да бодаусыз еркіндік беріп қойған. Өзбек, тәжік, түрік секілді бауырларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі, қызын аңдиды. Басқа дінге дендеп енуде мұның да өзіндік орны бар секілді. Протестанттыққа кірген кейбір қазақтардың туған дінін, елін, руханиятын ұмытып, Иса Мәсіхті мадақтаған қазақша әндерді көз жасын көл етіп айтқанын көргенім бар. Олар діни рәсім кезінде домбыра және гитарамен хор болып өлең айтады. Мұнда да бір сәйкессіздік бар сияқты. Осы жерден өз кемшілігімізді іздеуіміз керек. Олай болса, Қазақстан мұсылмандар басқармасына үлкен жауапкершілік артылып отыр деген сөз. Олар халыққа ағартушылық қызмет атқарып, діни сауат ашатын шараларды күшейту керек. Ол үшін діни басқарманың мәртебесін көтеріп, мүмкіндіктерін кеңейтуіміз керек.
Миссионерлер көбіне дініміздің кейбір қағидаларын бұрмалау арқылы дегендеріне жетеді. «Мұхаммед пайғамбар да Исаны мойындаған, келеді деп айтқан» деген сынды түсініктермен халықты өздеріне тартады. Осындай ұлт тамырына балта шабылып тұрғанда елі үшін шыбын жанын шүберекке түйетін зиялы қауым болушы еді. Бізде бірен-саран болмаса, олардың даусы естілмейді. Әр нәрсе заңмен шешіле бермейді. Үкімет саяси механизм болғандықтан халықаралық саясатпен санасуға мәжбүр. Ал, өзіміздің ішімізді жегі құрттай жегендерге жалпы халық, ал бірінші кезекте зиялы қауым наразылық танытуы керек. Ондай зиялылар жоқтың қасы. Қайта кейбірі «дініміз өзгерсе өзгерсін, бірақ мәдениетіміз өзгермесін» — дегенді айтып, миссионерсіз-ақ халықты шатастырайын деп жүр. Кейде миссионердің жасай алмағанын зиялыларымыз істеп беруде, оларға материал боларлықтай орынсыз мәселелерді көтеруде. Сонымен қоса, білім жүйесін жолға қоюымыз керек. 4-сыныптан бастап, дінтану сабағын орта және арнаулы мектептерге енгізетін кез келді. Жас өренге «сен мұсылмансыз, қазақсың, түркі халқысың» деп үйрету керек. Ал, басқа діндегілер де өз діндерін осылай үйренсін. Сонда еш діни қақтығыстар бола қоймайды. Университет студенттеріне де Қазақстан тарихы, философия сабақтары секілді дінтану дәрісін беру керек. Себебі қазақ халық дінге бөлінді. Қайтадан біріктіру өте қиын шаруа. Ол үшін шоқынған қазақтың жүрегіне, санасына, ойына жол табу керек.

[1]Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Ұлтымыздын тамырына балта шапкан миссионерлер, «Қазақстан ZAMAN» Халықаралық саяси-қоғамдық газет, №17(580), 21.04.2006 ж., 4-5 беттер.

 

Миссионерлердің қазақша сөйлегеніне неге мәз боламыз?

Қазақ халқы атам заманнан ислам дініндегі халық. Біздің жеріміз Ислам тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында аса маңызды уақиғалар болған жерлер. 751 жылғы Талас соғысы түркі халықтарының тарих арнасын өзгерткен ғажайып елеулі уақиға. 870 жылы қазақ сахарасында дүниеге келген бабамыз Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) ұлы ойшыл, хакім, нағыз мұсылман ғалым. Х-ғасырда ислам дінін ресми дін етіп жариялаған Қарахан билеушісі Әбдұлкәрім Сатұқ Бұғыра ханды (915-955) айтсақ та жеткілікті. Одан кейінгі Ахмед әл-Йесеуи (уаф. 1166), Сүлейман Бақырғани (уаф. 1186), Йұсұф Хас Хажиб әл-Баласағұни (1016?-?) қатарлы толып жатқан бабаларымыз дінімізге, мәдениетіміз бен әдебиетімізге қызмет еткен жандар. Қазақ хандары да түгелдей мұсылманшылықта болған кісілер еді. Қылышынан қан тамған Кеңес билігі тұсында жасалған алуан түрлі іс-әрекеттер мен қырғындар нәтижесінде еліміз руханиятынан айырылып қала жаздады. Мұсылмандық сана әлсіреді, діни білім алу мүмкіндігі болмады. Кеңес билігі халықты дінсіздікке, оның ішінде исламнан тыс діндер мен пұтқа табынушылыққа үгіттеді. Осының нәтижесінде халқымыздың рухани иммунитеті жарақат алды, сырттан келген бөтен ағымдарға қарсылық беру қауқары азайды. Егемендік алған жылдары қуанышымыз қойнымызға сыймай, бөркімізді аспанға атып жүргенімізде, сырттан келген миссионерлердің елді қалай азғырып үлгіргенін байқамай қалғандарымыз қаншама. Әсіресе, АҚШ пен Еуропа елдерінен келген дін таратқыш миссионерлер негізінен қазақтарды өз дініне тартумен болды. Ал, Миссионер деген кім? Миссионер сіздің жүрегіңіздегі мұсылманшылық сезімді, исламға деген иманды жойып, оның орнына өзінің жолына деген сенімді қоятын адам деген сөз. Әрине, ұлттардың бірден қалыптаспайтыны белгілі. Ұлт деген үлкен организм адамдардың ғасырлар бойы ортақ отан, ортақ тіл, ортақ дін, ортақ тарих пен тағдыр төңірегінде біте қайнасуы нәтижесінде пайда болады. Ұлтты қалыптастыратын құндылықтардың қайсыбірін болсын ауыстыру – сол ұлттың тағдырымен ойнау деген сөз. Ал, миссионер өзі жіберілген халықтың тілін, мәдениетін, руханиятын әбден зерттеп алуға онсыз да міндетті. Миссионерлер дінге көндірілетін халыққа жағымды көрінуге, оларды алдап-сулап тартуға, ұйымдастырушылық жағынан тәжірибелі болуға міндетті. Павелдің (3-67) не айтқаны белгілі. Бұған таң қалмауымыз керек...
Ал, біз болсақ, миссионерлердің қазақша сөйлегіне мәз боламыз да, оларды жан сала жарнамалап, мадақт

12345
скачать работу

Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ