Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде

қазақ халқын діндерге бөліп, тариқаттарға бөліп, сананы улай отырып өздерінше халқымыздың тұтастығына нұқсан келтіргісі келеді. Осыған өте сақ болуымыз керек. Жоғарыда келтірілген маңызды мәселелерді шешуде, қасиетті Отанымызды ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауда әскерлердің атқарар рөлі аса маңызды. Әскерлік қыйын да қасиетті кәсіп. Осының мән-маңызын жақсы білуіміз керек. Өйткені, әскерлік – Отан деп аталатын ұлттың киелі ата-мекенін қорғауды, қажет болған жағдайда өз жанын Отан үшін құрбан етуді, шәһидтікті ең жоғары рухани дәреже деп білуді талап ететін кәсіп. Қарулы күштеріміз тәуелсіздігіміздің, азаттығымыздың, еліміздің тұтастығының, болашақ ұрпақтарымыздың амандығының мызғымас қорғаушысы екенін естен шығармайық. Әскери қызметтегі азаматтарымыздың Отанды қорғау бағытындағы мақсаттарды толыққанды орындауы Отан деген ұғымды дұрыс түсінуіне және Отанды өз жанынан артық сүйе білуіне тікелей байланысты. Пайғамбарымыз Әз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) бір сөзінде: «Отанды сүю иманнан» деп айтқан екен. Яғни, иман сияқты мұсылман пенденің ең басты рухани байлығының құрамдас бөлігінің бірі – Отанды сүю болып табылады. Бұл не деген сөз? Отанын сүймейтін адамның иманы толық емес деген сөз, әрине. Ал, иманы толық болмаған адамның рухани дәрежесі төмен және ахиреттегі ахуалы мүшкіл болмақ...
Отан деген киелі ұғымды Пайғамбардай дәл суреттеген жан болмаса керек. Ол, Отанды сүюді ең қымбат ғибадаттардың қатарына жатқызған. Жоғарыдағы сөзі осының дәлелі. Бұларға қоса отанды жаугершіліктен, бұзақылықтан, шабуылдан қорғау мақсатында жасалатын соғыс (жиһад) та дініміздегі маңызды ғибадаттардың қатарына жатады. Отанымыздың амандығы заманауи ғылымдарды меңгерген, діні мен тіліне берік, көзі ашық, көкірегі ояу, еркін ойлай алатын ұрпақтарға аманат етілсе, көзіміз артта қалмас...
 



12345
скачать работу

Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ