Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде

аймыз! Олардың қазақша сөйлегеніне неге таң қаламыз осы?! Қазақтың тілі тіл емес пе сонда? Ал, біз ағылшын тілінде таза сөйлеп, ислам дінін насихаттасақ, бізді АҚШ-тың газеттері мадақтап, сала-құлаш мақала бермес еді ғой! Әйтеуір, шетелдік біреу қазақша сөйлесе болғаны, кім екеніне қарамастан, оны әлпештей жөнелетініміз бар. Дәл, осы тұста рационалды болуымыз шарт. Мәселе, тек қазақша сөйлеуде емес, одан да маңыздысы, қазақша не туралы сөйлегенінде емес пе?! Тіл құрал болғанда, ең маңызды мәселе сол құрал арқылы бізге қандай мәліметтің жеткізілгенінде. Бүгінде Қазақстанда миссионерлер қатты күшейіп кеткен. Олар халқымыздың жұмсақ жерін тауып алған. Аңқау елге арамза молда деген нақ осы. Ал, оянатын кез келген сияқты...
Америка шоқындыру саясатын ертеден жүргізіп келе жатыр. Бұл елдегі билік негізінен йаһұдилер (еврейлер) мен ақ нәсілді англо-саксон протестанттардың қолында (WASP - White Anglo-Saxon Protestants, менің сөзім емес, олардың өз сөзі – М.Б.). Америка 1950-1953 жылғы Корея соғысынан кейін экономикалық көмек, абаттандыру, әлеуметтік қолдау т.т. жобалары арқылы Оңтүстік Кореяны шоқындырды. Бүгін бес мың жылдық жазба тарихы бар корей халқының 1/3 бөлігі ресми түрде христиандықты қабылдаған.
Қытай Халық Республикасында миссионерлік өте қарқынды жүріп келеді. Американың ендігі мақсаты Қытайды шоқындыру. Онда шамамен 15-20 миллионнан астам халық христиандықты қабылдаған. Қытайдағы мыңдаған миссионерлер құдды біздегі әріптестері сияқты қытай тілін меңгеріп, қытай қыздарына үйленіп, дін таратуда. Егер Қытай христиандықты, оның ішінде протестанттықты қабылдайтын болса, оның Американың азулы қарсыласы болмасы анық. Бүгінде атақты жапон халқының өзі жоғалып кету қаупінің алдында тұр. Жапония уә Корея сияқты елдерде вестернизация және американизация процестері аса қарқынды һәм аса табысты жүргізілуде. Жапон жастары лек-лек болып Австралия мен АҚШ-қа көшіп кетуде. Олардың өз елдерінің болашағына деген сенімдері әлсіреген. Шоқынған жапондардың саны көбеюде. Үндістандағы миссионерлердің жұмыстары да сәтті жалғасуда. Бұл елдегі шоқынғандардың саны одан да көп. Барлық өмірін үнділерді шоқындыруға жұмсаған Тереза Анаға (Mother Teresa, 1910-1997) Рим Папасы 2003 жылы «әулие» мәртебесін берген. Үндістанда христиандықты қабылдаған үнділердің бизнес жүйелері, саяси құрылымдары мен жоғары дәрежелі мемлекет қайраткерлері белсенді әрекет жасауда. Мұңғұлияда да миссионерлер мұңғұлша сайрап, мұңғұлдың ата-бабаларын мадақтап, көрші халықты шоқындурда. Бетке жымия күліп, өз мүдделеріне сай әрекет жасауда. Сөйтіп, айналамыз түгел миссионерлер тарапынан қоршалған. Қазақстан мен Қырғызстандағы миссионерлік іс-әрекеттер туралы 15 жыл бойы жазып та, айтып та келе жатырмын. Бұл елдер Американың шоқындыру саясатының маңызды нысаналарынан. Осы халықтардың діни сауаттылығының тапшылығы миссионерлердің бұл елдерге көбірек тартылуына мүмкіндік жасады. Интернеттегі миссонерлердің парақшаларына қарасаңыз олар «шоқындыруға ең қолайлы халықтар қазақтар мен қырғыздар», деп масаттана жазады.
Тарихты жақсы зерттейтін болсақ, христиандықтың Азия құрлығына кіре алмай қалғанын көреміз. Азияда негізінен екі дін үстем болды: ислам және бұддизм. Христиандық еуропалықтардың отарлаушылық жылдарында ғана аздап таралды. Онда да тек Филиппин сияқты азғантай отар елдерде ғана таралды. Қазір, Азия халықтарының саны қарқынды көбею үстінде. Азия экономикасы да жылдам дамуда. Минералды ресурстар мен білікті адам күші жағынан Азия әжептәуір табыстарға қол жеткізді. Бұлар тек басты себептер ғана...
Сондықтан, Азия елдерін шоқындыру саясаты АҚШ үшін аса маңызды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін АҚШ-тың мемлекеттік құрылымдары мен үкіметтік емес ұйымдары, шіркеулері мен арнайы қызметтері керемет деңгейде ынтымақтаса отырып, ортақ мақсатқа жету үшін біріге жұмыс істейді, бірін-бірі қолдайды. Ақша мен жоғарыда келтірілген ынтымақтасқан одақтың көмегін қолға алған миссионерлер біршама табыстарға қол жеткізді. Осындайда біз қазақтар ойланумыз керек, көзді ашуымыз керек. Дос кім, дұшпан кім, оны да білуіміз керек. Қазақстан бұдан кейін де ислам елі болып қала бермек, бұны миссионер «достарымыз» да ұғатын кез келген сияқты. Ал, оларға жаны ашыйтын және миссионерлерге болысатын өз қандастарымызға - алдымен туған халқыңыздың тағдыры мен болашағына жаныңыз ашысын деп айтқым келеді.

[1]Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Оян,Қазақ! Миссионерлердің қазақша сөйлегеніне неге мәз боламыз? «Президент және Халық», Республикалық қоғамдық-саяси газет, №14(014), 23.12.2005 ж., 7-бет және «Ислам және Өркениет» газеті, №6(66), 16-31 наурыз, 2006 ж., 8-бет.

ОТАНДЫ СҮЮ ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ


Адам баласы ХХ-ғасырда бұрын-соңды болмаған ғылыми-технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, «Жер» деп аталатын планетамыз кішірейген сайын кішірейіп, бір алақанға сыйарлық жағдайға дейін жетті. Өткен ғасыр ғылым, білім, мәдениет және өнер, спорт салаларындағы орасан зор табыстармен ерекшеленді. Дегенмен, өткен ғасырда адам баласының тарихында болмаған зұлымдықтар да болды. Еуропа халықтары екі рет әлем соғыстарын ашып, дүние жүзін қызыл қанға бояды. І және ІІ дүниежүзілік соғыстарда бір діннің уәкілі болғанына қарамастан еуропалықтар бірімен бірі қырылысты. Батыс халықтары басып алған мемлекеттерде үш жүзден астам ірілі-ұсақты соғыстар жүріп жатты. Кей халықтар ұлт-азаттық көтерілістерді бастап жатса, енді бір елдерде төңкерістер жасалып, мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар қырылып, өлмегені сүргінделіп яки жарғыланып (сотталып), әсілі, жабайы һәм тұрпайы әлеуметтік кезеңде болмаған зұлымдықтар жасалды.
Жер бетінде ұшпақты орнатамын деген қызыл империя құлады. АҚШ кішкентай ғана ауылға айналған жиһанның сақшысы бола қалды. Трансконтиненталдық қаржы ұйымдары мен концерндер ауыл базарын басып алды. Доллар мен евро осы базардың ақшасына айналды. Бірақ, ХХІ-ғасыр да зобалаңдар мен дүрбелеңдерді ала келді. Араны әбден ашылған отарлаушы һәм қанаушы күштердің күпті болар түрі жоқ екені белгілі болды. Қару-жарақ жарысы одан да үдей түсті. АҚШ сияқты мемлекеттердің қорғаныс бюджеттері рекорд деңгейге дейін жетті. Ғылым мен технология жағынан мезет сайын жаңа табыстарға қол жеткізіп отырған адамзаттың қабағы түйік, көңілі қаяулы күйінде қала берді. Соғыс атаулының саны көбеймесе азайған жоқ. Жаңалықтың бәрін ашқан адам баласы бірімен бірі қалай тату-тәтті өмір кешу керек, міне осы сұрақтың жауабын әлі таба алмай жатқан тәрізді. Адамды тек жегіш тұтынушыға теңейтін материалист жүйе осы түрімен адам баласына тыныштық әкеле алмайтыны меніңше анық болды. Бір жағынан толық түсініктемесі әлі күнге дейін берілмеген «терроризм» қауіпі күллі адамзатты мазалайтын халге жетті. Бірақ, сонда да ең көп тауқымет біздің мұсылманның басына төніп жатты...
Міне, осы қорқынышты да үрейлі сахнаны көре білген зерделі адамдар адам баласын экономикалық, әскери, саяси шаралармен татулыққа, бақытқа жеткізу мүмкіндігінің шектеулі екенін аңғарғандай. Себебі, ХХ-ғасырдағы соғыстар аштық пен кедейшілік салдарынан емес, қайта байлық пен бақуаттылыққа таласудан, ұлтшылдық пен нәсілшілдіктен, әсіресе материализмнен пайда болды. Бізге мәлім тарихта адам баласы ешқашанда осыншама көп байлыққа, материалдық мүмкіндіктерге ие болған емес. Алайда, қазіргі адамзат материал жағынан емес, руханият жағынан жүдеп кеткен сияқты. Күллі жиһанды үйдегі теледидар мен компютерге сыйғызған адам баласы, жұдырықтай жүрегіне барлық адамзатты сүю, жақсы көру сезімін сыйғыза алмады. Демек, бүгінгі адамзат баласы бірінші кезекте материалдық байлыққа емес, рухани байлыққа, ізгі адамдарға зәру. Өзгелердің діни сенімдеріне толеранттылықпен қарап, адамды адам болғаны үшін жақсы көріп, сыйлайтын, барлық мәселелерді сабырлылықпен, кешірімділікпен, татулықпен шешетін адамдарға мұқтажбыз.
Ислам діні әркімнің діни сеніміне еркіндік беретін, басқа діндердің болуын мойындайтын бірегей дін. Әркімнің өз діні бар. Бұл адам баласының тума құқығы. Біреуді зорлап дінге кіргізуге болмайды. Ислам діні бұған тыйым салған. Дініміз адамдардың түрлі-түстілігін, алуан тілде сөйлеуін адами байлықтың көрсеткіші деп мойындаған. Мұқтаж адамдарға олардың діни сеніміне қарамастан жәрдем беруді бұйырған. Мұсылман үмметінің 1400 жылдық тарихына қарайтын болсақ діни толеранттылық пен хошкөрушіліктің көптеген үлгісін байқауға болады. Әсілі, ислам діні бірінші рет барлық адамзатты диалогқа шақырған бірегей дін. Дініміз адам баласын Аллаһ Тағалаға ортақ қоспау төңірегінде келісімге шақырған. Құлға құл болудың орнына бәріміз бірдей Жаратушыға ғана құл болайық дейді Құран Кәрім. Пайғамбарымыз бір сөзінде «Адамзаттың ең хайырлысы, адамдарға пайдалысы» деген. Ислам дініндегі ахирет сенімі болса бұ дүниеде жамандық һәм зұлымдық жасаудың алдын алатын ең үлкен күш. Ахиретте Жаратушының алдында жауап беретінін білетін адам бұ дүниеде қылмыс жасай ала ма? Ал, қылмыстың ең үлкенінің бірі күнәсіз адамдарды қанау, олардың құқықтарын таптау, зұлымдық жасау емес пе? Сондықтан, ислам дінінің басты мұраты ізгі адамдарды өндіру болған. Исламның барлық бұйрықтары да адамды этикалық дамуға, рухани байлыққа, ізгілікке, әділеттілікке, тазалыққа шақырады. Әр адамның қасына бір-бір сақшыдан қою мүмкіндігі жоқ. Оның орнына әр адамның жүрегінде өз сақшысы болуы керек. Қылмыспен күресте құқықтық және полициялық шараларды қолданумен қатар азаматтарға рухани жауапкершілік артатын ислам дінінің керемет қағидаларын насихаттау жұмысы да қатар жүргені жөн. Діни тәлім-тәрбие алған, Аллаһ Тағалаға иман етіп, ахирет күні жауап беретінін білетін адамдар қылмысқа бармайды. Осыған қарамастан кейбір залым күштер дінімізді басқаша көрсетуге тырысуда. Батыс елдеріндегі кейбір ақпарат құралдары ислам дінін террормен, лаңкестікпен байланыстыра атағанды әдетке айналдырды. Бұған инанушылар бізде де бар көрінеді. Осы күштер мұсылман

12345
скачать работу

Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ