Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Вьетнам



 Другие рефераты
Гвинея-Бисау Гвинея Венесуэла Біріккен Араб Әмірліктері

Вьетнам, Вьетнам Социалистік Республикасы(виет.: Cộng Hòa Xã Hội Chủ Nghĩa Việt Nam) – Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.

Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атта шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандары өңір болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды.

Вьетнамның солтүстік аймағын Хонга (Қызыл), оңтүстігін Меконг өзендері суландырады. Социалистік Вьетнам – көп ұлтты ел: мұнда алпысқа жуық халық қоныстанған. Астанасы – Ханой. Мұнан өзге ірі қалалары – Хошимин және Хайфон. Елдің еделгі астанасы Хюэде көне ғимараттар сақталған.

Мазмұны

  • 1 Жағрапиясы
  • 2 Вьетнам тарихы
  • 3 Әкімшілік құрылысы
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Жағрапиясы

Вьетнам, Вьетнам Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км2. Халқы 85 миллион адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, тағыда басқа ұсақ халықтар. Ресми тілі — вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15°С, шілдедегі орташа температура 26°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 – 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол, тағыда басқа жануарлар кездеседі. Вьетнам жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемлекеттік құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Қытай жаулап алды да, 10 ғасырға дейін бодандықта ұстады. 11 ғасырдың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 – 13 ғасырларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Камбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. Вьетнам халқы 1257 – 1288 жылы үш дүркін Шыңғыс хан империясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 – 1427 жылдар аралығында Қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғасырдың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1884 жылдан бастап Вьетнам толықтай Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. 20 ғасырдың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үндіқытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 жылы француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солтүстігінде 1959 жылы отыз бірінші желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал оңтүстігінде 1955 жылы жиырма алтыншы қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы кейіннен соғысқа алып келді. 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 жылы екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді. Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея. Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.

Вьетнам тарихы

Бұрын талай ежелгі мемлекеттер Валанг, Аулак, Дайвиет, болған Вьетнам жерін 1884 жылы француз отаршылдары жаулап алды. Вьетнамдықтар күші басым жауға қарсы бостандақ күресін бастады. Олардың ондаған жыл бойы толассыз күресі 1954 жылы елге алғашқы жеңіс әкелді. Вьетнам халқы өз жерінен отаршылдарды қуып шықты. Бірақ осы кезде АҚШ оңтүстік Вьетнам оккупацияға алып, Оңтүстік Вьетнам Республикасы істеді. Вьетнам соғысы бастады. Вьетнам халқына өз күресін одан әрі жалғастыруға тура келді.

1975 жылдың көктемінде халықтын тоқсан жылға созылған күресі елге толық жеңіс әперді, Оңтүстік Вьетнам азат етілді. 1976 жылы Вьетнам біртұтас социалистік мемлекет болып жарияланды. Сөйтіп, Вьетнамдықтар өз елінің ұлттық бостандығы, арнамысы үшін күресудің асқақ үлгісін көрсетті.[2]

Әкімшілік құрылысы

  • Ханой — астана қаласы
  • Бьенхоа
  • Винь
  • Вунгтау
  • Далат
  • Дананг
  • Камфа
  • Кантхо
  • Куангчи
  • Куинён
  • Лонгсюен
  • Лонг Ань
  • Метхуот
  • Митхо
  • Намдинь
  • Нячанг
  • Ратьзя
  • Тхайнгуен
  • Фантхьет
  • Хайфон
  • Хонггай
  • Хошимин
  • Хюэ
скачать работу


 Другие рефераты
Георгий Жуков
История города Уфа
Проблема твердых бытовых отходов в г. Ленинске-Кузнецком. Cпособы её решения
Проблема опустынивания


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ