Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Венесуэла



 Другие рефераты
Гвинея Вьетнам Біріккен Араб Әмірліктері Бутан Патшалығы

Венесуэла — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Венесуэла, Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км2. Халқы – 28 миллион адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс. Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады. Оңтүстік-шығысында Гвиана таулы үстірті бар. Климаты субэкваторлық, ыстық. Орташа температура қысы-жазы 25 – 29ӘС. Жауын-шашын мөлшері солтүстік жағында 280 миллиметр, ал оңтүстігінде 2000 – 3000 миллиметр. Ең ірі көлі – Маракайбоның төңірегінде ірі мұнай қоры бар. Негізінен, тропикалық өсімдіктер өседі. Жерінің 53%-ы орман. Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді. 16 ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратты. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына Африкадан әкелінген зәңгілердің еңбегі пайдаланылды. 19 ғасырда испан отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1811 жылы елдің тәуелсіздігі жарияланды. 1819 жылы ол Колумбия Республикасымен қосылып, Ұлы Колумбия деп аталынды. 1830 жылы қайтадан жеке бөлініп шықты. 1913 жылы ірі мұнай көздері ашылғаннан кейін елдің экономикасына АҚШ-тың мұнай компаниялары үстемдік жүргізді. 1975 жылы үкімет мұнай және кен шығару өндірістерін мемлекет меншігіне алды. Қазіргі кезде Венесуэла экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америкасы елдері арасында төртінші орын алады. Ұлттық табыстың орташа мөлшері жан басына шаққанда 2,8 мың АҚШ доллары. Өнеркәсіптегі жетекші салалар: мұнай шығаратын және өңдейтін өндіріс орындары, көлік және байланыс салаларының басым бөлігі – мемлекет меншігінде. Елде мұнайдан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір, алтын, алмас, тағыда басқа пайдалы қазбалар өндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тамақ өнімдерінің 50%-ы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Бразилия, Канада, тағыда басқа елдер.

Тарихы

Америго Веспучи 1499 жылы осы жерге келгенде, су үстінде орналасқан үйлер көрілді, бұл оның есіне Венеция қаласын түсіреді. Сондықтан ол осы жерге «Кіші Венеция» (венесуэла) деп ат қояды. Испандықтар алғашқы отарын 1522 жылы осы жерде ұйымдастырады. 16 ғасырдан бастап, Венесуэла испандықтардың Жана Гранада атты отарының құрамына кіреді.

1811 жылы Еуропада Наполеон соғыстары жүріп жатқан кезде Венесуэла өзін тәуелсіз деп жариялды. Тәуелсіздік соғысы басталды, бірақ испан әскерлер көтерісшілерді басып-жаншиды. 1821 жылы Венесуэланың қолбасшысы Симон Боливар Карабобо шайқасында жеңіске жетеді. Симон Боливар испандықтармен күресті бастап, бүгінгі Боливия, Колумбия, Эквадор елдерін азат етті. Осы жерде ол Ұлы Колумбия мемлекетін жариялайды, бірақ 1831 жылы Ұлы Колумбия бөлшектеніп, Венесуэла оның құрамынан шығып тәуелсіз мемлекет болады.

Бүкіл 19 ғасырда Венесуэланы әскери диктатуралар биледі. 1992 жылы сайлауда Уго Чавес жеңіске жетті. Чавес Венесуэлада социалистік республикасы құра бастайды. Ол экономикалық реформалар жасап, «Боливар революциясын» жариялады, революцияның негізі – бүкіл Оңтүстік Американың мемлекеттерін бір елге одақтастыру. Бүгінгі Венесуэла – Ресей, Иран, Қытай, Белорусь, Куба және Боливия сияқты елдермен жақын қарым-қатынас жасайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Салық құқығы негіздері. Салық түсінігі, мәні және белгілері
Управление рисками в коммерческом банке
Определение активности ферментов
Өзара шарттық бағалар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ