Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онмен жұмысты аяқтау.



 Другие рефераты
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері Деловая игра как метод подбора персонала Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі Деловая карьера

Жұмыстың мақсаты: MS Word редакторында құжатты құру, сақтау, ашу және құжат текстін редакциялау және форматтауды үйрену.

1-тапсырма.

1.      Word текстік редакторын  іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен жаңа құжат құрыңыз.

2.      Файлды (құжатты) өз бумаңызда “Қауіпсіздік ережесі” деген атпен сақтаңыз.

3.      Парақ бетінің параметрін көрсетіңіз: верхнее – 1,5, нижнее – 2,  левое – 2,5, правое – 1,5.

4.      Текст тақырыбын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – KZ Decor, көлемі – 24, асты сызылған.

5.      Текст екі жақ шетке қарай туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, көлемі –14.

6.      Әрбір 3 минут сайын сақтау опциясын қосыңдар.

7.      Терілетін текст:

 

Есептеуіш техникасы кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.

Есептеуіш техникасы кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегілерді білуі тиіс:

 

1.      Жалпы ережелерді;

2.      Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді;

3.      Жұмыс жасау кезіндегі ережелерді;

4.      Апаттық жағдайдағы ережелерді;

5.      Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

·           Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

·           Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

·           Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

·           Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

·           Клавиатура үстіне артық заттар қоюға болмайды;

·           Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жаныңдағы құрбыларыңды алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

·           Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

·           Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.

Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

·           ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау керек;

·           Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

·           Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуын орындауға болады;

·           Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.

Көз жаттығуларын білу міндетті.

4.Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

·           Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;

·           От сөндіруде көмек көрсету қажет;

·           Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету керек;

·           Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білу қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

·           Электр тоғының әсерімен зақымдалған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тоғы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5.Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары.

·           Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

·           Жұмыс орнын  ретке келтіру;

·           Жұмыс орнындағы тіркеу жолына белгі қою.

                                                                                                                                                  

1.      Текстте арнайы маркерлерді қолданыңыз.

2.      Қатар аралықтарын өзгертіңдер (Формат→Абзац).

3.      Файлды пернелердің көмегімен сақтаңдар және жабыңдар.

 

2-тапсырма.

1.      Проводник программасының көмегімен “Қауіпсіздік ережесі” файлын ашыңыз.

2.      Текст теруді жалғастырыңыз

            6.  Шаршаған  жағдайда  қолданылатын  жаттығулар

Оқушыны компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет:

  1. Шаршаған  кездегі  көздің  қарау  бағытын  өзгерту (ауыстыру):

·           Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау;

·           Сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау;

·           Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.

  1. Басты бұру жаттығуларын жасау:

·           Басты сағат тілі бағытымен және керісін

12
скачать работу


 Другие рефераты
Метафизика Канта. Некоторые положения
Тынышбаев Мұхаммеджан (1879-1937)
Сила Земного притяжения
Отызыншы жылдардағы әдеби сын


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ