XIX ғасырдың 40 — 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
королінің билігі Парма мен Моденді, сонымен қатар басқа да венециялық провинцияларды мойындады. Қосымша көмекке ие болғаннан кейін австриялық әскер шабуылын бастады. Әскери қозғалыстар өзгермелі сәттілікке әкеле бастады. 28 мамыр айында Мантунға жақын жерде австриялықтар пьемонттік әскерді талқандады. 30 мамыр айында пьемонттік әскердің 20 — мың корпусы австриялықтарға қысым көрсетті. Пескьера қамалы пьемондіктерге берілді. Бірақ, көп ұзамай, итальяндықтар жаңа сәтсіздіктерге ұшырады. 11 маусым айында австриялықтар ешбір қарсылықтарға кезікпей, Виченціні алады, ал 3 — 4 күннен кейін Падуяны алады. 23 — 25 маусым аралығындағы Кустоццедегі шешуші шайқаста пьемонттік әскер талқандалып, кері шегінуге мәжбүр болды.
Италиядағы ұлт - азаттық соғыстың бірінші кезеңі итальяндықтардың жеңілуімен аяқталды. Австрия мен Сардина арасында бейбіт қарым -қатынас орнады. Реакция бұл жеңілісті прогрессивті күштерге қарсы қақтығыста қолданды. 1848 жылдың тамыз айында үлкен неаполитандық әскер Сицилияға қарсы бағытталды. Мессиныдағы шайқас бес күнге созылды.
1848 жылдың күзінде Италияның кейбір жерлерінде жаңа революциялық бой - көтерулер басталды. 15 қараша айнда Римде халықтық көтеріліс басталды. Ішкі істер министрі граф Росси өлтірілді. Осыдан бірнеше күннен кейін, папа неаполитандық Гаэту бекінісіне қашуға мәжбүр болды. 1849 жылдың қаңтар айында римдік Кеңселік жиналыста сайлау өтті. Онда либералдарға бірталай орын және радикалды демократтарға бірталай маңызды орындар берілді.
1849 жылдың 5 ақпан күні ашылған Кеңсе жиналысы папаның зайырлы билігін алып тастауды және 9 ақпан күніРимде республикандық қатарды жариялауды белгіледі. Наурыз айында Римдік республика үкіметтерінің басшылығымен триумвират орнады. Оған Мадзини, Армеллини жэне Саффи кірді.
1849 жылдың 12 наурыз күні Сардиния патшалығының үкіметі халықтың қысымымен Австриямен бейбітшілік орнатып,соғысты қайта бастады. Бірак, Карл — Альберттің үкіметі соғысқа жалпыұлттық көрініс бергісі келмеді. Ол Тоскананың, Венеция мен Римнің республикандықтарынан көмек сұрамады және Ломбардияда австриялықтарға қарсы шабуылды бастауға тырыспады.
20 наурыз күні құрамында 75 мың әскері бар австриялықтар шабуылды бастады. Пьемонттік генералдардың біреуінің өзгермелі қимылдарына байланысты, австриялық әскерге еш қарсылықсыз Тичино өзені арқылы өтуге жол ашылды. 23 наурыз күні Новарда австриялықтар Карл — Альберттің әскерін талқандап, жеңіліс әкелді. Осындай үлкен жеңілістен қорыққан патша, сол сәтте таққа орнына үлын отырғызып, өзі Португалияға қарай қашуға мәжбүр болды. 26 наурыз күні жаңа патша Виктор — Эммануил австриялықтармен келісімге отырды.
Кейбір жерлерде халық бұқарасы қарсыласына әлі де қарсылық көрсетіп жатты. 1 сәуір күні австриялықтар Брешияны жаулап алады. Қаланы алған уақытта жабайы қаталдықтар көрсетілді: әскерлер дарға асылды, бейбіт, қарапайым түрғындар, сонымен қатарәйелдер мен балалар тірі күйлерінде отқа жағылды.
1849 жылдың 6 тамыз күні Сардиния патшалығы Австриямен бейбіт келісімге қол қойды, оған контрибуция төлеуге мәжбүр болды.
Австрияға қарсы ұлт — азаттық соғыс. Итальяндық жұмыстар жөніндегі Еуропа дипломатиялық конгресінің себептері.
¥лы державалардың араласуы тек қана Германияның ісіне ғана байланысты болған жоқ. Ол австро — итальяндык соғыс кезіндегі Италияның бірігуі жолындағы қақтығысқа да өзінің үлкен эсерін тигізді.
Италиядағы революциялық және ұлт — азаттық қозғалыс сардиния королі Карл — Альбертті Австрияға қарсы соғыс ашуына итермеледі. Карл -Альберт Австрияға қарсы соғыс арқылы Ломбардия мен Венецияны қосумен өзінің иеліктерін кеңейтіп, үлкейтуді көздеді. Басқа итальяндық монархияларды бұқаралық халық қысымымен Сардинияға қосты. Австриялықтар сардина әскерін талқандап, Пьемонтке кірумен қорқытты.
Патша Австрияға өнегелі тірек жасаап отырды; ол Сардиниямен дипломатиялық қарым — қатынастарын үзіп, австриялық елшіге итальяндықтарды талқандау туралы кеңес береді. Карл — Альберт Франция мен Англиядан делдалдылық жөнінде сұрады.
Франциямен жақсы қатынаста болса да Пальмерстон Италияда француздық ықпалдың өсуінен сескенді. Нәтижесінде, австриялықтар Миланды иемденді, ал 9 тамыз күні Франция мен Англия арасында Австриядан Венеция мен Ломбардияның қалуын сақтау жөніндегі келісімге кол қойылды.
Француздық үкімет итальяндық жүмыстарды талқылау жөнінде бүкіл еуропалық дипломатиялық конгресті немесе конференцияны шақыруды үсынды. Англия мен Австрияның үкіметі бүл жобаға қарсы болмады, бірақ, патша өз қарсылығын білдірді. Нессельроде батыс державалар шығыс мәселесін қайта көтеруі мүмкін деген қорқынышта болды. Конгресстің жобасы жүзеге асырылмады.
Итальян мемлекеттерінің жеңілу себептері.
Ломбардиядағы австриялық әскердің жеңісі Италияның басқа да жерлеріндегі жағдайларға өз әсерін тигізді. Әсіресе, Тосканаға. 11 сәуір күні Флоренцияда қалаға басып кірген қарулы шаруалардың қолдауымен контрреволюциялық төңкеріс болды. Бірнеше күннен кейін австриялық әскер Тосканаға басып кірді.
Италиядағы ұлт — азаттық соғыстың екінші кезеңінің сәтсіздігі Сицилиядағы жағдайға да өз әсерін тигізді. 1849 жылдың 29 наурыз кұні аралда әскери қимылдар қайта өрши бастады. Неаполитандық әскер құрамы Сицилия әскер құрамынан екі есеге көп болды. Сәуірдің басында Сицилия әскері бірқатар салмақты сәтсіздіктерге тап болды. Парламент пен Үкіметте басшылық еткен орташа — либералдық буржуазия мен дворяндықтың либералды жіктері қақтығысты тоқтатуды шешті. Билік Палермодан кетеді. 1849 жылдың 11 мамыр күні патшалық әскер Палермоны басып алады.
Римдегі революцияны басуда жэне папаның зайырлы билігін қалпына келтіруде төрт католиктік мемлекетердің араласуы шешуші рольді ойнады. Яғни, Франция, Австрия, Испания және Неаполь мемлекеттері.
1849 жылдың сәуір айының аяғында генерал Удиноның басшылығымен француздық эскер корпусы Римнің қақпасына жақындайды; бірақ, интервенттер үлкен шығынмен кейін шегерілді. Бұл сэттілік Римді қорғаушыларды жігерлендірді. Мамыр айының басында гарибальдилік жасақ Римге жақындап қалған неаполитандық әскерге қарсылық көрсетіп, оны кейін қайтуға мәжбүр еткізді. Гарибальдидің жасағы неаполитандықтардың территориясына кірді. Онда оларды халық азаткерлер ретінде қарсы алды.
Бірақ, басқа жерлерде Римдік республикасы үшін әскери қимылдар сэтсіздікпен жүріп жатты. Австриялық әскер Болонья тұрғындары қарсылығының бетін қайтарды. 27 күн бойы қақтығысқан австриялық интервенттерге Анкона бекінісі құлады.
Мамыр айынын ортасына қарай Римге француз дипломаты Фердинанд Лессепс келді. Франция мен Рим республикасы арасында бейбітшілік жөнінде келіссөздер жүре бастады. Бүл келіссөздер Луи Бонапарттың үкіметімен жоспарланған болатын. Оның негізгі мақсаты уақытты созу үшін осылайша қоғамдық ұстанымды алдау болды. Келіссөздердің көмегімен Удино корпусы Франциядан жаңа қосымша көмек алып отырды. Біршама күш жинаған француздық эскер бүкіл фронт бойына шабуылын бастады. Римдік республикандықтар жаудың шабуылына өжет қарсылык көрсетті, бірақ соңында 1849 жылдың 1 маусым күні австриялықтар Римге кірдІ. Римдік республика өз өмірін тоқтатты.
Римдік республика құлағаннан кейін, Италияның тәуелсіздігі мен азаттылығы үшін қақтығыста алынбаған Венеция қалған.Австриялық әскердің осы қала үшін күресі 11 айға созылды. Пьемонтпен соғысты аяқтағаннан кейін австриялық әскер Венецияны беруді талап етті. Венецияда халық бұқарасының бой көтеруі басталды. Австриялық әскер қаһарлы шабуылын бастады. Бүған сонымен қатар, аштық пен азық -түліктің тапшылығы қосылды. Венеция ешқандай қосымша көмегінсіз қарсылық көрсетті. 1849 жылдың 22 тамыз күні ғана Венеция жауға берілді.
1848 — 1849 жылдар аралығындағы Италиядағы революцияның соңғы ошағы осылайша басылды. Сонымен, Италия жат елдің езгісінен босатылмады, азат етілмеді, реакциялық — монархиялық тәртіп пен феодалдық ескіліктің қалдығын жоя алмады, біртұтас үлттық мемлекет те құра алмады. Сардина патшалығында ғана ірі буржуазияға саяси құқықпен қамтамасыз ете алатын конституциондық жүйе сақталды.
Ресейдің Венгрияға интервенциясы. Еуропа жандармы сияқты орыс патшалығы. Ресейдің жаңа сыртқы саяси курсының негізі
1849 жылдың көктемінде австриялық әскерді венгерлік әскердің талқандауы Габсбург империясының құлау шегіне, немесе бүкіл Еуропада жаңа революциялық қақтығысқа әкелер еді. Патша Германияда Австриялық империяның құлдырауы прустық гегемонияның күшейіп, нығаюына және жаңа прустық көтеріліске әкеледі деп қорықты. Ресеймен революция мемлекет-бекіністік жікке әкеледі деген қауіп туындады.
Өзінің әскерін Венгрияға қарай бет алмастан бұрын патша веналықтардан орыс әскерінің австриялықтарға бағынбауы жөнінде келісімді талап етті. Австриял
| | скачать работу |
XIX ғасырдың 40 — 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар |