Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

XIX ғасырдың 40 — 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар

ық үкімет ұзақ уақыт бұған келісімін бермеді, бірақ, Николай Австриялық империяны сақтап қалуды өтінді. Интервенция кезінде патшалық дипломатия Англия мен Франция үкіметінің позициясын бақылады. Бұл жағдайда патша осы елдердің толық саяси тірегіне көзі жетті.

1849 жылдың көктемінде Германия жаңа революциялық бой көтеруді басынан кешірді. 28 наурыз күні Франкфурттық парламент прустық корольге Біріккен Германиямен бірге басшылықта тұруды ұсынды. Баденде, Пфалыдеде және Дрезденде революциялық қақтығыс басталды. Осы жағдайда прустік монархия Германияның жандармы рөлін атқарды.

Король Фридрих — Вильгельм IV жалпыгермандық конституцияның жобасын кейінге қалдырды, ал прустік әскер контрреволюциялық интервенцияны жүзеге асырды жэне Оңтүстік Германия мен Саксонияда көтерілісті басады.

Наурызда Даниямен қайтадан басталған соғыста прустік әскер Ютландияны жаулап алады. І Николай, Пальмерстон жэне Француздық республиканың үкіметі Германиядағы көтерілісті Пруссияның басуына жақсы қатынаста болды. Патша қайтадан өзінің әскери кемелер эскадрасына Альзен өзені бойымен Данияны қорғау үшін жылжуды бұйырды. Пальмерстон   және   француздық  үкімет   те   Пруссияға   қарсылықтарын

білдірді. Фридрих — Вильгельм IV шегінуге мәжбүр болды. Осылайша, ол Даниямен келісімге отырады және Шлезвиг пен Ютландиядан өзінің әскерін әкетуге келісімін береді.

 

1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Англияның, Францияның, Ресейдің дипломатиясы. Қырым жүйесінің қалыптасуы

Париж конгресінен кейін, Ресейдің шетел министрлігінің жұмыстары Нессельроденің қолынан князь Александр Михайлович Горчаковтың колына көшеді. Ол өте ақылды, көпті көрген және кең ой — өрісті адам болған. Ол терең білімді болмағанымен, қазіргі заманға жақын Еуропа дипломатиясының тарихын жақсы білді. Мінезі жағынан тәуелсіз адам болды, сол мінезі үшін де оны канцлер Нессельроде онша ұнатпады. Нессельроде мен ІІ Николай қарағанда, Горчаков ІІ Александр тәуелсіз қарым — қатынаста болды. Ол өзінің тағайындалуынан кейін, ІІ Александр берілетін баяндамасына өз саясатының негізі мен өзектілігін көрсетті. Сонымен қатар, бүкіл Еуропаға Ресейдің дипломатиялық рөлі жөнінде циркулярлы хатында да баяндады. Ресей еуропалық жұмыстарға белсенді түрде араласуынан ұстанады; Ресей болашақта достық, қарым — қатынас үшін мемлекетті өзі таңдауына құқылы.

Бір жағынан Ресей француз императорына әрекетіне бостандық берді, екінші жағынан — Горчаков Қасиетті Одақтағы Ресейдің одақтастарынан көңілі қалғанын білдіріп, Австрияға ниетін білдірді.

Француз императорының пиғылы үшін жағдай өте қолайлы болды. Париж бейбіт келісімінен кейін Ресеймен қатынас ай өткен сайын жақсара түсті. 1856 жылы Мәскеуде Александр II таққа отырғызу мерей тойына ІІІ Наполеон өзінің сенімді адамдарының бірі Қырым соғысы кезінде тез арада достасу қажет деген ұсынысты айтқан граф де Морниді жібереді. Бүкіл Успен соборы мен Кремльдегі мерй тойға қатысушыларды Морнидің күймесін собордан алыс қашықтықта тоқтатып койғаны таң қалдырды. Басқа елшілер олай жасамады. Граф де Морни орыс — француздық одақтың өте тиімді екенін айтты. Орыс аристократиясы граф Морниді өте жақсы қабылдады. Трубецкая ханымына үйленгеннен кейін, француз елшісі Мәскеуде де, Петербургте де өз адамы болып саналды. Патша оны қастерлеп, қандай да болмасын уақытта және қандай да болмасын жағдайда қабылдауға   дайын   болды.   Морни   Ресейде   француз   капиталына   біраз экономикалық жеңілдіктерге ие болды.

Ресеймен жақындасу ІІІ Наполеон үшін өте қажет болды. Оның себебі, Қырым соғысында Францияға қарағанда көп нәрсеге ие болған Англияны әлсірету болды. Бірақ, сонымен қатар, ІІІ Наполеон Англиямен де қарым -қатынасын үзгісі келмеді. Орыс — француз одағын құру үшін, Қырым соғысынан кейін де жалғасын тапқан Англиямен қатынасын Францияға үзу керек болды. Өйткені, Пальмерстонның Ресейге қарсы өштесуі Кавказда да, Персияда да, Түркияда да басқа жерлерде де жалғаса берді. Екінші жағынан, ІІІ Наполеон Париж трактатын қайта қарауға келісімін бермеді. Егер, Франция Австрияға қарсы шабуыл жасаса, онда Ресей австриялықтарға көмек беріп қана қоймай, сонымен қатар Францияға қарсы достық бейтараптық позицияны ұстануын III Наполеон ойластырды.

1857   -    1862   жылдар   аралығында   Қиыр   Шығыста,   Сербияда, Черногорияда және дунайлық княздығындағы патшалық үкімет және III Наполеон бірігіп, ондағы Англияның, Австрияның, Түркияның ықпалын әлсіретуді ойлады.

1858 жылдың 20 шілде айында III Наполеон Сардиния патшалығы Кавурды Помбьер курортына шақырады.  Осында император мен Кавур өздерінің дипломатиялық рөлдерін шешіп, келісімдерінің негізін анықтады. III Наполеон Сардина патшалығынан Савойа мен Ницца облыстарын беруді талап етті. Ол үшін III Наполеон Сардинаның патшасы Виктор – Эммануил II одақтасып, Австрияға қарсы соғыс жариялауға келісімін берді. Сонымен қатар, ол австриялықтарды Ломбардия мен Венециядан ығыстырмағанша, шегінбейтіні жайлы айтты. Австрияға қарап түрған осы екі аудан Сардиния патшасының иелігіне кіруі қажет болды. Пломьберлік келіссөздің құпия түрде келісілгендігіне қарамастан, 1858 жылы күзде Австрия қауіпті сезініп, соғысқа дайындала бастады. Франция мен Сардиния патшалығында да үлкен дайындық жүріп жатты. 1859 жылдың 1 қаңтар айында Парижде Тюильрийстік сарайында дипломатиялық корпустың жаңа жыл кеші өтіп жатты. Осы кезде III Наполеон австриялық граф Гюбперннің алдына келіп, келесі сөздерді айтты: «Сіздің үкіметіңіз бен достық қарым — қатынасымыздың әлсіреп бара жатқанына мен өкінемін» деді.

 

1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Франция мен Англияның қарым — қатынасы.

Францияға ең қиын жағдай болып Англиямен қатынас болды. Пальмерстонді Морнидің Мәскеу мен Петербургтегі сәттілігі және 1857 -1858 жылдар аралығындағы Молдова мен Валахиядан жаңа мемлекет Румынияны құру туралы екі елдің, яғни, Франция мен Ресейдің бірігіп жасалынып жатқан қимылдары сескендірді. Пальмерстонды бұл жағдайдың барлығы ашуландырды. Сондықтан, басында ол қорқыту әдісіне жүгінді. Бірақ, бұл әдіс еш нәтижеге әкелмеді. III Наполеон королева Викторияның күйеуі принц Альбертті кездестірген жағдайда оның император екенін жэне Пальмерстонның ешқандай меморандумдар мен ноталарды көрсетпеуі жайлы өзінің дипломаттарына айтқаны туралы хабар берді. Себебі, Пальмерстон оларды дұрыс толтыра алмайды.

1858 жылдың 14 қаңтар айында итальяндық революционер Феличе Орсини мен оның серіктестері жағынан III Наполеон қастандық жасалды. Олар Наполеонды өлтіруді ойластырды. Себебі, ол Италияның бірігуіне кедергі келтіреді деген. Сонымен қатар, Италияда III Наполеон Кавурды алдап, Қырым кампаниясындағы 15 мың итальян әскеріне көмек көрсетуге тырыспады деген ой таратылған.

Тергеу уақытында Орсини және оның серіктестері Англияда қару -жараққа ие болуы жайлы мәлім болды. Француздық наполеондық баспасөзде Англияға қарсы ашулы кампания көтерілді. Нәтижесінде, франциялық империяның «Монитер» атты ресми органында Англияға қарсы француздық императорлық гвардия полковниктерінің қорқыту резолюциясы басылып шықты. Англияда ақсүйектер мен буржуазия алаңдауда болды. Пальмерстон Англиядағы революциялық эмигранттардан сескеніп, парламентке оларға қарсы заң жобасын енгізді. 1858 жылдың 19 ақпан айында Пальмерстонның заң жобасы күйреуін тауып, Пальмерстон отставкаға береді. Оның орнына консерватор лорд болып Дерби сайланды. Ал, шетел істер министрлігінің лорды болыпп Малибери сайланды. Осыдан кейін Еуропаның соғыстың шарасыз екеніне көзі жетеді. Бірақ, бір ғана басты мәселе туындады. Ол Австрияның Сардиния патшалығына өзі соғыс жариялауы қажет болды. Себебі, германдық одақтың конституциясында қорғаныстық соғыс жағдайында Австрия Герман одағынан әскери көмек сұрай алды. Сондықтан, бұл соғысты дипломатиялық көзқарас жағынан австриялықтар бастаулары керек болды.

 

XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ — орыс қарым — қатынастары

1848 — 1849 жылдар аралығындағы революциялық оқиға Таяу Шығыстағы халықаралық жағдайға үлкен әсерін тигізді. 1848 жылы Молдавияда қозғалыс бой көтерген уақытта, сұлтанмен келісім арқылы бұл княздықты патшалық әскер иемденген. Көп ұзамай, түрік әскері Валахиядағы революциялық қозғалысты басты. Тамызда Бухарестте түріктермен біріккен патшалық әскер Валахияға енеді. 1848 жылдың қыркүйек айында патша сұлтанмен одақтасуды ұсынады. Австриялық министрлік патшалық әскердің княздыққа енуіне қарсылық көрсетуге бел байламады. Патшалық әскердің дунайлық княздыққа енуі батыс державаларының наразылығын тудырды.

Ағылшын отарлауының экспансионистік талпынысы тек Ауғанстанға ғана бағытталмады, сонымен қатар, ортаазиялық хандықтарға да бағытталды. 1825 жылы Бұхарға ағылшын тыңшылары Муркрофт пен Требек, 1833 жылы Бернс келген болатын. 1824 жылы бірнеше ағылшын тыңшылары саудагер кейпімен Бұхарға кіріп, қүпия түрде қаланың жоспарын түсірген.

1840 жылы ағылшын тыңшылары Аббот пен Шекспир Хиуада болады. Олар ханды орыстарды Хиуаға кіргізбеу жөнінде және орыс әскери экспедициясының дайындалып жатқаны жөнінде азғырады. Хан Абботқа сенбей, оларды өз жерінен қуып жібереді. Аббот пен Шекспирге Англияға Ресей арқылы кетуге мәжбүр болады.

Орталық Азияда ағылшын экспансиясы орыс экспансиясымен кездесіп түрды. Ағылшын эскерінің Ауғанстандағы жеңілісінен кейін Ресейдің Ор

1234
скачать работу

XIX ғасырдың 40 — 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ