Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

лпынды.

1872 жылдың 17 қазанында лондондық кабинет патшалық үкіметтен Ауғанстанның солтүстік шекарасын, Түркмендаласының орта ағысындағы Ходжа Салех пунктіне дейінгі Амудария өзенін мойындауды талап етті.

Орыс үкіметінің жауабы 19 қазанда жіберілді. Ол Бодахшан және Вахан хандықтарының территорияларының төменіндегі Амудария өзені ағысы бойынша шекараны мойындады. Бірақ, кейіннен патшалық үкіметтің ұстанымы өзгерді. Лондонның қайталанған талабын қабылдай отырып, 1873 жылдың 31 қаңтарында, Англияға ұсынылған Ауғанстанның солтүстік шекарасы линиясын қабылдады. Вахан мен Бодахшан мәселесіне өзінін келісімін берген патшалық үкіметтің мақсаты бір болды: ол, Англияның Хивин хандығын жаулауын әлсіретті. 1872 жылдың 4 желтоксанында II Александрдың басшылығымен Ерекше жиналыс Хиуаға шабуыл жөнінде ұйым кұруды шешті.

1873   жылдың    10   маусымында   орыс  әскері   Хиуа   хандығының астанасын жаулап алды. Осыдан кейін ханмен келісімге қол қойылды. Ол басқа мемлекеттермен сыртқы қатынасты өз бетімен жүргізуден бас тартып, патшаның   вассалы  болды.   Хиуа   патшалығы   Ресейдің   протекторатына айналды.

Хиуаны жаулау ешқандай халықаралық қиындықсыз жүрді. Іс тек ағылшындардың баспасөзіндегі қарсылықпен ғана шектелді. 1874 жылдың 7 қаңтарында орыс әскерінің Хиуаны жаулағанынан кейін, 6 айдан соң, шетел істер министрі лорд Гренвиль Петербургтегі британдық елшіден патшалық үкіметке хат жіберілді.

Хатта, егер Ресей Мервк қарай жүретін болса, онда Хиуамен көршілес түркімен тайпалары ауған территориясьшдағы орыстардан көмек сұрауға тырысатындары жайлы көрсетілген. Бүл жағдайда орыс әскері мен ауғандар арасында қақтығыс болуы мүмкін еді. Ағылшын кабинеті орыс үкіметінің Азия мен Британдық Үндістандағы қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін Ауғанстанның «тәуелсіздігін» қабылдайды деп үміттенді. Хиуа хандығын бағындыруда ағылшын үкіметі қарсылық көрсетпеді. Себебі, Англияның өзі осы сияқты жолмен Ауғанстанды бағындыруға тырысты.

Ауған шекарасы жөніндегі келіссөзде отарлаушылардың дипломатиясының нұсқасы болады. Келіссөз Ауғанстан жөнінде болды, бірақ, оның орнына келіссөздерде осы елді таныстыру құқығын ағылшын үкіметі өз мойнына алды.

1875 жылдың 29 сәуірінде меморандумда Англия мен Горчаков арасындағы келіссөзде Ресей мен Англияның бәсекелестігі, екеуінің де қызығушылығына теріс септігін тигізетінін көрсетті. Бұл бәсекелестікті болдырмау үшін орыс министрінің пікірінше, осы екі ел арасында Орталық Азияда ортақ буфер орнату дұрыс болады деп шешілді. Егер екі жақ Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаған жағдайда, буфер Ауғанстан болар еді. Осы кезде Горчаков, Ресей өзінің иелігінің Орталық Азияда Бұқар жағынан да, түркмендер жағынан да кеңейтпейтінін жариялады.

 

Батыс Қытайдағы ағылшын дипломатиясы

Батыс Қытайда ағылшын отарлау биліг60 — жылдары қытайлық үкіметке қарсы Қашғариядағы қозғалысты бастаған авантюрист Якуб — бекті қару — жарақ пен ақшаның көмегімен Үндістаннан ығыстырды.

Якуб — бек Қашғарияда билікті иемденіп, Қытайдан кетті. Ағылшын дипломатиясы Якуб — бекпен байланысты жақсартты. Олар сол жылдары ағылшын үкіметінің қармағында болған түрік сұлтанын қолдады. Ұлт-азаттық қозғалысты бастаушыларынан қорғанысты. Англиядан іздеген сұлтан ағылшындарға өзінің бүкіл беделді халифатын, сонымен катар, оларға мұсылман елдерінде өзінің жұмыстарын атқаруға көмек берді. Сұлтан Якуб — бекке Әмір титулын беріп, Ресейге қарсы бүкіл мұсылман билеушілерінің басын қосуына тырысты. Ресей де Якуб — бекпен байланысын орнатуға тырысты. Бірақ, сұлтан мен ағылшын тыңшылығының ықпалымен Якуб — бек тек Қытайға ғана емес, сонымен қатар Ресейге де қарсы қатынаста болды. Якуб — бекке ресми ағылшын елшілігі берілді. Бірінші ретінде Қашғар билеушісі ағылшындарга сенбегендіктерінен бұл ұсынысты қабылдамады. Бірақ, ағылшын-үнділік билікті бұл тоқтатпады.

1873 жылы жазда олар Қашғарға екінші елшілікті жіберді, бұл жолы ол қабылдаған болатын. Олар Қашғар билеушілеріне ағылшын королдігі мен Британдық Үндістанның вице-королінен хаттар берді. Елшілік сонымен қатар бағалы сыйлықтар да әкелді: артиллериялық қарудың батареясын, винтовканың бір партиясын және қомақты қаржы бөлігін. Ресми түрде қару сұлтаннан болды. Якуб ағылшындармен қанаушылық сауда келісіміне қол қойды, ол бойынша Якуб оларға экстерриториялық құқығын берді.

Ағылшын елшілігінің мүшелері аз ғана таныс жерлермен орыс шекарасына дейінгі жолдардан қарады. Ағылшындар Якуб — бекке бірнеше қару — жарақ зауыттарын салып берді. Оның мақсаты, осылайша, Якубты Ресейге де Қытайға да қарсы қолдану.

Якуб — бек Қашғариядағы билігіне көңілі толмады. Бірнеше жылдар көлемінде ол өзінің билігін солтүстіктен ары қарай таратуға талаптанды. Оның иеліктерімен Ағылшын ыкпалы сферасының да таралуы мүмкін еді.

Орыс үкіметі өз жағынан Якуб — бек пен ағылшындарға солтүстікке қарай жолды жабуға шаралар қолданды. 1870 жылы ол өзінің әскерімен Тянь — Шаньдағы Музартті иемденді, ал 1871 жылы жазда — Құлжа қаласын және де Іле ауданын жаулады. 1871 жылдың 20 сәуірінде әскери министр Милютиннің билеуімен өткен ведомствоаралық жиналыста орнықтырылды. «Біздің Батыс Қытай ісіне араласуымыздың басты мақсаты бөлшектенген Қытай империясының батыс провинциясында қытайлықтардың өз билігін орнату.» Қашғариядағы халықтың наразылығы мен феодалдық езгінің нәтижесінде Якуб — бектің жағдайы үзілді. 1877 жылы ол қайтыс болды.

 

Орталық Азияда ағылшын үкіметінің экспансиясына көшуі

Ауғанстанға қарсы соғысқа дайындалу. 1874 жылы либералдар кабинеті Гладстонның орнын ауыстырған Дизраэлидің консервативті үкіметі британдық отарлау империясының кеңейту ұранымен билікке келді. Отарларға назар аудару әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі нәтижесінде өсті. Әсіресе, бұл назар аударушылық Германия жағынан көп бөлінді. 1873 жылы Германияда, Австро — Венгрияда және АҚШ — та болған экономикалық күйзеліс сыртқы экспансияларға талпынысты тудырды.

Дизраэлидің кабинеті экспансия мен отарлау саясатын жер шарының әр түрлі аудандарында — Оңтүстік Африкада, Египетте, Түркияда жүргізді. Орталық Шығыс та бақылаусыз қалмады. Ағылшын үкіметі өзінің тыңшылары Персия мен Түркменияға жіберуді жеделдетті. Онда тыңшыларының көмегімен әскери        саяси бақылауды күшейтті және Ресейге қарсы барлық мұсылмандық билеушілерді мобилизациялауға тырысты. Сол уақытта Дизраэлидің үкіметі Ауғанстанды толығымен бағындыруға дайындық жүргізді. Ол осы жөнінде Ресеймен келісімге келуге талпынды. 1875 жылдың мамыр айында Ресей мен Англияның Германияға қарсы одақтасып шығуы біраз уақытқа осы екі мемлекет арасындағы қарым қатынасының жақсарғаны көрінді. Бірақ, бұл олардың Түркменияда, Персияда және Батыс Қытайда жұмыстарын жүргізуді тоқтатпады.

Бірақ, келісімге келуді ұсынған ағылшын консервативтік үкіметі Ресеймен келісім ретінде «аралық» база ретіндегі ойынан бас тартты. Ол Ресейге Орталық Азияны бөлісуді үсынды. Жаңа британдық кабинет орыс үкіметіне Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауы жөнінде келісушіліктен бас тартты. Оның орнына 1875 жылдың қазанында ағылшын кабинеті осы мемлекетте еркін іс — қимылдар жүргізетіні жайлы ресми түрде жариялады. Оған Горчаков 1876 жылдың ақпанында жауабын берді. Ол оған ағылшын позициясынан шыққан қорытындымен жауап қайтарды. 1873 жылы

Ауғанстанның шекарасы жөніндегі келісімге қол жеткізгеннен кейін, ол орыс үкіметі үшін бүл келісім жүзеге асырылды және жүзеге асырылуы аяқталды деп шешті. Екі үкімет те осы елдерде еркін іс — қимылдар жүргізуді сақтап, бірақ, өзара қызығушылықтарын назарға алып, сонымен қатар көрші болу жағдайдан аулақ болуды көздеді.

Ресейге қарағанда ағылшын үкіметіне алдына қойған мақсаттарына жету қиынырақ тиді. Дизраэлиді премьер деп жариялағанға дейін өзара жақтыртпаушылыққа қарамастан, Англияның Шер — Әлиге қарым — қатынасы қолдаушы болды. Шер — Әли 60 жылдардың аяғынан Ресейге қарсы Англияға қарағанда жағымды саясатты үстанып, жүргізді. Ол Амударияның оңтүстік жағалауында орнығуы, сонымен қатар, Түркменияға да өзінің ықпалын жүргізуді мақсат етті.

Шер Әли ағылшындардан ақша алмай, олардың талаптарын орындамай, ағылшын үкіметімен байланыс орнатты. Бірақ, бұл байланыс Англияға бағынудан кұтқарып қалуды көздеді. 1873 жылдың шілде айында Үндістанның Симл қаласында ағылшын — ауған конференциясы болып өтті. Әмірдің атынан Сеид Нур — Мухаммедхан шығып, таныстырды. Ол Англиядан әмірдің династиясын мойындауын, ақшалай, қару — - жарақпен көмек көрсетуін, сонымен қатар Сеистандағы ауған — парсылық шекара жөніндегі мәселені шешуді талап етті. Ағылшын өкілдері Герат пен Кандагарда ағылшын резиденттерін енгізуді ауғандардан талап етті.

Әмірге өзінің тыңшыларын қосу Ауғанстанмен қарым қатынаста ағылшын дипломатиясы үшін негізгі мәселе болды. Орталық әлсіз билігі бар феодалдық мемлекетте британдық резиденттердің пайда болуы ауған мемлекетінің ішкі құлдырауына және ауған мемлекеттерін иемденуге әкелетін бірнеше қадам болар еді. Англия мен Ауғанстан арасындағы келесі келіссөздер осы ағылшын резиденттері мен онда орталық орынға ие болу жөніндегі мәселелер жөнінде жүрді.

Симлде ауғандардың осы ағылшын талаптарын орындаудан бас тартуы ағылшын ауған қарым қатынастарының бұзылуына әкел

12345
скачать работу

XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ