Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

/p>

1864 — 1873 жылдар аралығында ағылшын банкирлері египет үкіметіне үлкен пайызбен төрт ірі займды ұсынды. Бұл займ 52,5 миллион фунт — стерлингті құрады. Оның 35 миллион фунт стерлингін ғана Египет төлей алды, ал қалғаны ағылшын қаржыгерлерінің комиссионныйына қалды. 1876 жылға дейін Египеттің қарызы 80 миллион фунт — стерлингке дейін жетті.

1874 жылы Египеттің жағдайы күйзелісті болды. Египеттік қазынаның толығымен банкротқа ұшырауын болдырмау мақсатында, хедив Исмаил Египетке қарасты канал акциясын сатуға мәжбүр болды. Египеттің 172 мың акциясын Англия не бары 4 миллион фунт — стерлингке сатып алды.

1874 жылдың 26 қарашасында барлық египеттік акциялар Каирдегі британдық елшілікке, одан ары Лондонға жіберіледі.

Осы келісімнің нәтижесінде каналдағы бақылау толығымен Англияның қоластына көшті. Суэц каналы Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі ең басты стратегиялық позиция және де Үндістанға баратын жолдардың ең қысқасы болып табылады. Ал, Египет ресми түрде ағылшын отарына айналды.

1876 жылы Англия және басқа да державалар Египеттің банкрот екенін және шетел державаларының қолына көшуі жөнінде ресми түрде жариялады. Англияның мақсаты, Египетті толығымен жаулау болды. Ағылшын отарлаушылары Египетті жаулау, тек Африканы одан әрі экспансиялаудың бірінші қадамы екенін хабарлады.

Египетте өзінің беделі мен билігін нығайтқаннан кейін, Англия енді өзіне Түркияны бағындыруды мақсат етті. Осылайша, өзіне Кипр аралын бағындыруды көздеді.

Дизраэли үкіметі орыс түрік қақтығысының басталуын көздеді. Осылайша, әлсіреген Түркиядан Кипрды жаулауға келісімін алып, Константинопольді «Англияның қорғауындағы еркін портқа» айналдыруды көздеді. Ресейдің Балқандағы беделінің нығаюынан қорыққан ағылшын үкіметі Ресейдің балқан қалаларына көмек беруіне қарсылығын білдірді.

1877 -1878 жылда аралығында орыс түрік   соғысыныңбасталуынан кейін, Түркия жеңілген сайын, Англия Австрияның Ресейгесоққы   беруіне   септігін   тигізуді   көздеді.    Түріктердің   суына   ағылшын эскадрасы жіберілді. Бұл эскадра Дарданелладан өтіп, Принциптік аралда тоқтады. Осылайша, олар Константинопльге орыс әскерінің енуін тоқтатуды көздеді.

1878 жылдың  4  маусым  айында Ресейге  қарсы   ағылшын  - түрік келісіміне қол қойылды. Осы келісім бойынша, Англия Кипрді жаулады және Кіші Азиядағы түрік саясатына бақылау орнату құқығына ие болды.

ХІХ ғасырдың аяғында Англия Азияның жаңа мемлекеттердің көмегімен өзінің отарлы иеліктерін кеңейтуді жүзеге асырушы жаңа қадамдарды бастады.

Азия мемлекеттеріне жаңа шабуыл 1875 — 1876 жылдар аралығында Үндістанға Уэльстік принцтің салтанатты түрде келуі болды. Осыдан кейін парламент Дизраэлидің үсынысы бойынша, Виктория ханымның басқа титулдарымен бірге Үндістанның Ханымы титулын беруді қабылдады. 1877 жылдың 1 қаңтарында Делиде ағылшын ханымы Викторияның Ундістанның ханымы титулын алуы салтанатты түрде жүрді.

1874 жылы ағылшын отарлаушылары Малайда өзінің позицияларын орнатты. ХІХ ғасырдың басында Джохор патшалығындағы династияның қақтығысты отарлаушылар өз пайдасына қолданды. Отарлаушылар жергілікті сұлтанның Англияға Сингапур аралын беруге мәжбүр болды. Кейін, бұл жер Оңтүстік — Шығыс Азияның әскери базасына айналды. 1885 -1895 жылдар аралығындағы кейінгі қақтығыстар Малайды ағылшын отарына айналдырды.

Азияда ағылшын буржуазиясы сонымен қатар, Ауғанстанды да жаулауға талпынды.

60- жылдардың соңында Англия мен Ресей арасында Ауғанстанды бейтарап мемлекет ретінде сақтау жөніндегі келісім жүзеге асырылды. Бірақ, ағылшын үкіметі келісімнің бұл үстанымдарын орындамады. Керісінше,

Ауғанстанды Ресейге қарсы қақтығыстағы база ретінде айналдыруға талпынды. Бұл Шығыстағы ағылшын — орыс қатынастарында қақтығыстар туғызды.

1877 жылы Дизраэли үкіметі бурлармен соғысты бастады. Бірақ, ағылшын әскері өте қатты қарсылықпен кездесті. Бұл Трансваальдің ағылшын иелІктеріне кіру жолын үзді.

1879 — 1880 жылдар аралығында ағылшын жаулаушылары зулустерге қарсы әскери қимылдарды бастады.

Бірақ, бұл отарлаушы қимылдар жүзеге асырылмады жэне 1880 жылдың сәуіріндегі парламенттік сайлауда жеңісті либералдар иемденді. Өзінің үкіметін Гладстон басшылығымен қайта құрды (1880 — 1885 жылдар аралығындағы екінші министрлік).

1872 жылы ағылшын капиталистері Персияға, оны толығымен бағындару мақсатымен шабуыл жасады. Лондон қаржылық олигархиясының өкілі, әлемге танымал телеграфты тыңшылықтың басшысы, банкир Ю. Рейтер шах үкіметінен концессия беруді сұрады. Оның сұранысы жүзеге асқаннан кейін, Рейтер елдің басты экономикалық салаларында жағымды жағдайды иемдене алдаы. Рейтердің жұмыстарын жүргізуде, оған Англиядағы парсы елшісі Муксихан көмек беріп отырды. Рейтерге концессия берілу жұмысының көптеген жақтары құпия болды. Орыс дипломаттарының ойынша, ағылшындар Хуссейн — ханға — 60 мың туман, ал Муксиханға — 30 мың туман төленген. Сонымен қатар, ағылшын үкіметі мен оның Тегерандағы миссиясы үлкен колдау мен тірек болды. Қолдау өте қажырлы бірақ, құпия түрде беріліп, жүргізілді. Ағылшын үкіметі Рейтерге тек, «өнегелі» түрде ғана көмек беретінін ресми түрде жариялады.

Нәтижесінде, Рейтер шахтан келісімді алуға қолын жеткізді. Осы концессионды келісімнің мазмұны төмендеі негізгі белгілерге тән келеді.

Парсы үкіметі Рейтерге Лондонда компания немесе бірнеше компанияларды Персияның территориясында «концессияның басты мақсатына сай, қоғамдық — пайдалы жұмыстар» жүргізу үшін ұстаным берді.

Ең біріншіден, Рейтерге немесе дәлірек айтқанда, ұйымдастырылған компанияға Каспий теңізінен Парсы бүғазына дейінгі темір жол құрылысына 70 жыл көлемінде кұкық берілді сонымен бірге, басқа да «Еуропа мен Үндістанға» дейінгі темір жолдармен қосылуға құқықты болды. Бұл концессиондық келісімнің осы шарты Рейтерге Персияда жалғыз өзі темір жол салуына толығымен жол ашылды. Рейтер трамвай жолын салуға да толығымен құқылы болды.

Парсы үкіметі концессионерге темір жол салуға және басқа да құрылыстарға қажетті жерлерді беруге мәжбүр болды. Ол концессионерге жеке жер иеленушілердің жерлерін зорлық экспропирация көмегімен алып беруге мәжбүр болды. Құрылыс материалдары мен басқа да кұрылысқа қажетті материалдарды алуда концессионерге бірқатар жеңілдіктер берілді. Ол салық төлеуден босатылды және материалдар мен басқа қажеттіліктерді әкеліп жеткізуде баж салығын төлеуден босатылды.

Сонымен бірге, Рейтер мен оның әріптестеріне осы берілген 70 жыл көлемінде бүкіл парсы мемлекетінің территориясындағы таскөмір шахталарын, темір кендерін, мыс, қорғасын, мұнай кендерін жэне басқа да шахталарды иемденуге рұқсат берілді.

Парсы үкіметі концессионерлерден жыл сайын темір жолдарының кірісінен 20 пайызын, ал шахталар мен кендердің кірісінен 15 пайыз төлем алып отырды.

Концессионер Персияның барлық территориясында суландыратын жұмыстар жүргізуге толығымен қүқылы болды. Ол өзеннің ағысын бұзуға, бөгеттер салуға, құдықтар, каналдар мен су қоймаларын салуға құқылы болды.

Рейтерге сонымен қатар, бүкіл Персиядағы мемлекеттік тоғайларды пайдалану құқығы берілді.

Осыған қосымша, парсы үкіметі Рейтердің салынған капиталының үстіне жылдық кіріс 5 пайыз беруге, оған қосымша, амортизациясына 2 пайыз төлеуге кепілдік берді. Бұл кепілдік шахталардан, судан, тоғайлар мен парсы мемлекетінің кеденінен түсетін төлемдермен қамтамасыз етілді. Кепілдік Рейтер Каспий жағалауындағы Рештадан Исфаганиге дейінгі жерлерде темір жол қүрылысын аяқтағаннан кейін өз күшіне енді.

Бұл тәуелділік келісімі 1872 жылдың 25 шілде күні қол қойылды, шах оны бекітті. Парсы үкіметі бұл келісімді ұзақ уақыт бойы құпиялықта сақтады.

Егер Рейтердің концессиясы жүзеге асырылатын болса, онда Персия толығымен Англияның отарына айналар еді. Елдің бүкіл экономикалық дамуы толығымен ағылшын капиталына беріліп, толығымен тәуелді болар еді.

Концессия иран халқының наразылығын тудырды. Егер концессионды келісімге деген халықаралық — дипломатиялық реакцияны айтар болсақ, онда шешуші позиция Патшалық Ресейдің қолында болды. Орыс үкіметі шахтың осы актына өз наразылығын білдірді.

Рейтердің концессиясы Персиямен сауда қызығушылығы бар орыс буржуазиясына үлкен зиянмен қауіп төндірді. Мысалы, осындай ұсыныс берілді, Рейтерге темір жол қүрылысына қажетті материалдарды әкелуге кедергі келтіру. Себебі, Рештаға құрылысқа қажетті материалдарды еш қиындықсыз тек орыс территориясынан өткізу ғана мүмкін болды.

1873 жылдың көктем айында шах Еуропаға, одан кейін мамыр айында Петербургке сапарға шықты. Горчаков, орыс үкіметінің шахтың концессионды келісімнің келісуіне қатты наразы екенін білдірді. Орыс үкіметі Наср Эд — Динге осы концессионды келісім әлі сақталатын болса, онда Персияның Ресеймен қарым қатынасында қиындықтар туатыны жөнінде хабарлады. Шах бұл жағдайдан сескеніп, Рейтермен келісімді үзетіні жөнінде кепілдік берді.

Шах Рейтермен келісімді үзді. Себебі, Рейтер, келісім бойынша берілген 15 ай көлемінде темір жол құрылысын уақытында аяқтай алмады. 1873 жылдың 23 қазан күні шахтың бұйрығымен Хуссейн — хан мырза телефон арқылы Рейтермен келісілген концессияны үзетіні жайлы хабар берді. Бұл кең таралмаған келісімнің үзілгендігі жайлы бүкіл халыққа 28 қазан күні «Иран» газетінде жарияланды.

Рейтер концессияның үзілгеніне қарсылығын білдіріп, Тегерандағы ағылшын миссиясына сүйеніп, компенсация төлеуді талап етті.

Рейтердің концессиясын үзгеннен кейін,

12345
скачать работу

XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ