Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

ді. Ағылшын үкіметі енді әмірге қарсы қозғалысты бастады.

Әмір ағылшындарға қарсы өзінің шараларын қолданды. Ол 1874 жылы өзінің кіші үлы Абдул — ханды мұрагері деп жариялады.

1876 жылдың сәуір айында вице — корольдің орнына таққа Дизраэлидің жолын қуушы лорд Литтон отырды. Үндістанға сапарының алдында ол үкіметтен нұсқаулар алды. Ол Англия Ауғанстанды қорғайды және көмек береді, сонымен қатар әмірдің мұрагерін мойындағаны жөнінде әмірді көндіреді. Бірақ, ол үшін Англия ауған шекарасында болып жатқан оқиғалар мен жағдайларды біліп отыруы қажет деген мәлімдемені айтады. Сол үшін барлык маңызды жерлерге ағылшын офицерлерін енгізу қажет болды. Осы уақытта ағылшын үкіметі Мейменді және Ауғанстанның солтүстік — батыс шекараларындағы басқа да түркмендік хандықтарды жаулауда әмірге өз ықпалын жүргізді. Орыс әскери биліктің мәлімдемесі бойынша, ол жерлерге ауған әскерінің тең жартысы жіберілген болатын.

1876 жылдың мамыр айында Литтон әмірден Кабулда ағышлын елшілігін қабылдауды талап етті.

Шер — Әли өзінің астанасында вице — корольдің елшілігін қабылдаудан бас тартты. Ол мемлекетке ағылшын резиденттерін енгізу — елде қозғалыстар мен қақтығыстарды туындатанынын және бұл жағдай мемлекеттің тәуелсіздік алуы мен әмірдің билігіне кедергі келтіретінін білген. Бірақ, Шер — Әли үнділік территорияда келіссөздер жүргізуге өзінің келісімін берді. Келіссөздер Пешаварда жүргізілетіні жайлы шарт қойылды. Сол жерге ауғандық әмірдің өкілі Нур — Мухаммед келді.

Келіссөздер 1877 жылдың қаңтар айында ашылды. Келіссөзде әмірдің өкілі Англияның Ауғанстан істеріне араласпауы жөнінде көптеген наразылыгын білдірді. Келіссөздер ағылшын үкіметінің мақсаты Ауғанстанды өзіне бағындару: басқа шетел мемлекеттерімен ешқандай қарым — қатынас орнатудан бас тартқызу, ағылшын офицер — резиденттерін мемлекеттің шекаралары мен басты орталық жерлеріне енгізу екендігін көрсетті. Соңғы айтылған мақсаты тек әмірге ғана қарсы іс жүргізуді емес, сонымен қатар Бұқар мен Түркменияға енуді көздеді. Шер   -   Әли   ағылшын   талаптарынан   тағы   бас   тартты.   Ол   Нур Мухаммед арқылы ағылшындарға талабын орындағанша, өлгенім артық деп жариялады. Вице — король жауапты ауыр тонмен қайтарды. Сонымен қатар, ол келесі келіссөздердің нәтижесіз екендігін айтты.

 

Персиядағы ағылшын — орыс қақтығыстары

Ресей мен Англияның Персиядағы саясаты мен олардың осы елде ықпалы мен билігін жүргізу үлкен мәнге ие болды. Ағылшын отарлаушылары үшін Персия Үндістанға батыс жолмен енетін басты аудан болды.

Ағылшын билеушілері үшін стратегиялық мәнді Персия бұғазы алды. Бұл бұғаз отарлаушыларды су — әскери күшіне сүйене отырып солтүстікке қарай өтуге жол ашады. Персия бұғазының батыс жағалауындағы араб шейхтерінің көп бөлігі Англияның ұстауында болды.

Бұғазда үнемі британдық әскери флотының кемелері жүрді. Англияның осы аймақтағы позициясы Оңтүстік Персияның көшленді тайпаларының билеушілерімен ағылшын консулының тығыз байланысы нәтижесінде нығайды. Түркияда Англия Шат — эль — Арабта, Тигрда және Ефратта өзінің ықпалын жүргізді.

Персия арқылы ағылшындар Лондон мен Калькуттаны байланыстыратын үнді еуропалық телеграфты орнатты. Бұл шах үкіметінен алынған концессия негізінде жүзеге асырылды. 1863 жылы Парсы бұғазының жағалауындағы Бендер — Буширға дейін парсылық — түрік шекарасындағы Ханекиннен бастап телеграфты орнату жөніндегі концессия берілді. Осы пункттен Үндістанға дейін су асты кабелі жүргізілді. 1867 жылы ағылшын үкіметі Ресей мен Пруссиядан олардың территориялары арқылы Үндістанға телеграфты жүргізу үшін келісімін алды. 1870 жылы ағылшындар шахтан орыс шекарасынан парсылық территорияға дейін үнді — еуропалық телеграфты жүргізу жөніндегі ұсынысты концессияны алды. Оңтүстік Персия аймағындағы телеграфтарды қорғау ағылшын үкіметі мен Үндістандағы ағылшын отарлаушы билікке сылтаусыз Персияға кіріп тұруына мүмкіндік берді. Бұл Англияның осы елдегі позициясын күшейткен болатын.

Персия Англия үшін стратегиялық мәнге ие болды. Англия Персияны Ресейге  қарсы  әскери  қимылдарды  жүргізетін  және Түркменияда өзінің қимылдарын жүргізетін плацдарм ретінде қарады. Бір жағынан парсылық Әзербайжан, ал екінші жағынан Хорасан маңызды болды. Бірақ, бүл парсылық провинцияларда, әсіресе Әзербайжанда Персияның оңтүстік аудандарына қарағанда Англияның билігі мен ықпалы тым әлсіз және оны орнықтыру жүзеге асырылмады.

1870 — 1871 жылдар аралығында генерал Гольдсмиттің басшылығымен ағылшын миссиясы қарулы қатардың шығарымымен Оңтүстік Белуджистанда өзінің жүмыстарын жүргізді. Бұл аудан Персия мен Келат арасында бөлініп алынған болатын.

1872 жылы Гольдсмиттің миссиясы Сеистанда шекараны бөлісуді жүргізуге кірісті. Гольдсмит Гильменд өзені бойынша Сеистндтың солтүстік бөлігінде шекараны бөлісуді жүргізді, одан кейін Банди — Сеистаннан Кух -и — Малик — и — Сиахқа дейінгі жерлерінің оңтүстігіне қарай жүргізді. Шекараны демаркациялау Ауғанстан мен Персия арасындағы қақтығысты тудырды. Бірақ, осындай жағдайды ағылшын отарлаушылары күткен болатын. Ауғанстан өз иелігіндегі жерлерін британдықтар Персияға қарай жүгіндірді. Ауғандар Персияға берілген жерлерге қызғана қарады, ал Персия өз кезегінде ауғандардың сулы жерлеріне қызыға қарады. Парсылардың Гильменд өзеніне жіберілуіне ауған жағы қарсы болды.

Сонымен қатар, Персияда патшалық Ресейдің өз қызығушылығы болды. Орыс капитализмі үшін бұл ел шикізат көзі ретінде қызығушылығын тудырды. Персияға орыс экспорты тез қарқынмен өсе бастады. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Ресеймен сауда көлемі Персияның тауар айналымының жартысына тең болды. Англия өзінің тауарын Персияға импортқа көп мөлшермен жіберді, бірақ ол жақтан көп тауар экетпеді, ал Ресеймен сауда екі жақты болды. Яғни, Персиядан Ресейге тауар жеткізу, Ресейден Персияға тауар жіберуден әлдеқайда көп болды. Осындай орыс парсы тауар байланыстары арқылы Персияда орыс ықпалының өсуіне әкелді. Парсылық буржуазия мен помещиктер орыс рыногын бағалады.

Персия орыс үкіметі үшін Ресеймен шекаралас жатқанынан стратегиялық жағынан маңызды болды. Егер Ресей қандай да болмасын бір елдермен өзінің шекарасының басқа бөліктерінде соғыс немесе қандай да болмасын қақтығыстар туындататьш болса немесе саяси қиындықтарға жүгінсе, орыс ықпалының деңгейіне, орыс — парсы қатынастарына қарамастан, Персия Закавказьеде Ресейге шабуыл кезінде плацдарм немесе Ресейге қауіпсіздік беретін ел болады.

Орыс парсы қатынастары үшін шекаралык сұрақтар жөнінде Түркиямен үнемі қақтыгыста болған Персия үкіметі маңызды болды. 70 жылдарда орыс — түрік қатынастарының жақсаруы, Ресей мен Персияға қарсы Осман империясы қарсылық көрсете алды.

Закавказьеде біршама әскери күшке ие болған патша үкіметі Персияға қысым көрсете алды. Персияның орыстардан экономикалық жағынан тәуелді болуы, Ресейдің осы елде ықпал жүргізу саясатын үлғайтты.

90 — жылдардың соңына дейін Персиядағы жалғыз қарсылас ел болып, Ресей мен Англия саналды. ХІХ ғасырдың басында француздардың ықпалы енді мүлдем азайып, әлсіреді. 70 — 80 жылдардың аралығында Германияның Персияға ықпалы әлі жүрген жоқ. Ағылшын — орыс қарсыластығы соңында осы екі елдің біреуі де Персияны жаулай алмады. Феодалдық шахтық мемлекет ресми түрде отарларға айналмады және де өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Ағылшын орыс қарсыластығы парсы еліне ұлттық мемлекеттілікті жоғалтып алуынан сақтап қалды.

Сонда да, ХІХ ғасырдың аяғында Персия еуропалық капитализмнің жартылай отарына айналды. Наср Эд — Дин шах билеуші болды. Ресми түрде шах тәуелсіздікті үлкен күшпен сақтап қалды.

 

Англияның Египетке қарсы қақтығысы. Рейтер концессиясы

1874 жылы билікке партияның консерваторлар үкіметінің лидері Дизраэли келеді. Ол агрессия мен отарлауға басты назарын аударды. Бұрын Жерорта теңізінің батыс және орталық бөліктерін (Гибралтар, Мальта) жаулап алған позицияларына сенген ағылшын консервативті үкіметі Жерорта теңізінің шығыс бөліктерін жаулауға талпынды.

Египет билеушісі Саид өлімінен кейін Англия өзінің қызығушылығы пайдасына оның жолын қуушы хедив Исмаилды пайдалануды ойластырды. Соңғысы Суэц каналы концессиясының жағдайын жақсартуға талпынды. Ол жұмысшы күшін әкелуді тоқтатқысы келді, қосымша каналды қайтаруды ойластырды. Себебі, бұл Египетке өз зиянын тигізді. Бірақ, Суэц каналының компаниясы Исмаилдың қимылдарын жүргізбеді. Нәтижесінде, III Наполеонның арбитражы Египетке қосымша каналды қайтарды, бірақ оның қайтарылуына және жүмысшы күшінің әкелуіне қарсылық білдірген Египет үкіметі 3,5 миллион фунт- стерлингті төлеуге мәжбүр болды. Бұл төлемақы Суэц каналының бағасының төртінші бөлігін құрайды.

1869 жылдың 17 қарашасында Суэц каналының ашылуы салтанатты түрде жүреді.

Каналды салуда Египет үкіметі барлығы 11,5 миллион фунт — стерлингті жұмсайды. Шетел акционерлері бар болғаны 4,5 миллион фунт — стерлингті қосқан болатын. Үлкен шығын Египет экономикалық әлсіреуіне септІгін тигізді, осының нәтижесінде ол еуропалық банкирлерден займ алуға мәжбүр болды. 1873 жылы қыркүйекте дейін пайыз көлемін жабу нәтижесінде 6 миллион фунт — стерлингті жүмсайды. Бұл уақытқа дейін Египеттің қазынасы бос болды. Ол шетел банкирлерінен көмек сұрауға мәжбүр болды, бұл жағдайды Англия өз пайдасына қолданды.

Англия Үндістанға барар негізгі, басты жол ретінде Египет пен Суэц каналының стратегиялық жағдайын ескерді. Египет Англия үшін мақта базасы болды.<

12345
скачать работу

XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ