Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай

ы басып алды. 13 желтоқсанда Хайчинді Шаньхайгуаньды өздеріне қаратты. Вейхайвейдегі күрес 1895 жылы 20 қаңтарына дейІн жалғасты. Бүл жерді де жапондықтар күштеп өздеріне қосты. Осылай соғыс барысында Қытай өзінің әскери теңіз-флотынан айырылды. Цинь монархиясының жаяу әскерінің күшті бөлігін құраған солтүстік армия қайтарылды. Екі әскери базада қарсылас қолына өтті. Қытайдың жеңілуі және Жапонияның жеңіске жетуі жеңуінің саяси-экономикалық және әскери базасының жақсы дамығандыгын көрсетеді. Феодалдық және жартылай отарлық Цинь монархиясына өзінің шығыс көршісімен күш сынасуға шамасы келмеді.

Орыс дипломатиясының Қытайдағы жетістіктері. Қытай контрибуция төлеу қажет болған шақта орыс империалистік экспансиясы өз көмегін ұсынды. Қытай үкіметі алдымен Лондон, Париж және Берлин банкілерімен келіс жүргізіп көрмек болды. Бұл қаржылар Қытай өздеріне қүлдық еткісі келді. Қытайға халықаралық бақылау орнатылған кезде ғана несие берілетіні жарияланды. Мұндай бақылау патшалық үкіметке кедергі болады. Француз және неміс банкирлерінің бақталастығын пайдалана отырып, Витте Қытай үкіметіне 150 миллион рубльді алтынмен орыс үкіметінің кепілдігі ардасында тапсырды. Несие алу кезінде Қытай ешбір державаға өзінің қаржылық жағдайына бақылау орнаттырмайтынын жариялайды.

1895 жыл аяғында Виттенің ұсынысы бойыиша Орыс-Қытай банкінің негізі қаланды. Ол Француз жэне Петербург халықаралық банкінің қолдауымен тұрғызылды. Оған басшылықты Орыстар жүргізді және олар өздерінің артықшылықтары мен ұсыныстарын әрдайым жүзеге асырып отырды. Банктің жарғысы Қиыр Шығыстағы әр түрлі операцияларды қарастырды. Банктің қызметкерден басқа Қытай өкіметін қаржыландыру, салықтық түсімдерді сақтау, теміржол және тағы басқа концессиялардың бүкіл Қытай территориясында жүзеге асуын қадағалап отырды.

Орыс саясатының Қиыр Шығыста кең етек жаюы француз капиталынсыз жүзеге аспаушы еді. Витте Циньдік сановниктерді сатып алуды көздеді. Олар арқылы темір жол концессиясына үстемдік етпек болды. Дәл осы шақта темір жол концессиялары үшін күрес басталған болатын. Оған Англияның, Францияның, АҚШ-тың капиталистік топтары қатысты. Маньчжуриядағы Қытай теміржол құрылысының бақталасы болып Америка банктік синдикаты саналды. Бұл синдикат Кантон-Ханькоу-Пекии теміржолын жобалаған болатын. Концессияны қарастыру Пекиннен Ресейге көшірілді, бақталастардан алысырақ. Сәуірдің аяғында Ресей астанасына Ли Хунь — Чжан II Николойдың тәж кигізу рәсімін сылтауратып келді. Шетелдіктер Пекинде Цинь министрлерін сатып алып жатты.

Келіссөздер нәтижесі болып 1896 жылы 3 маусымдағы Мәскеу келісімі саналды. Негізгі мазмұны Жапонияға қарсы «Қолбасшылық одағын» құру орыс әскерін Қытайға оңай тасымалдау үшін Қытай Солтүстік Маньчжурия мен Владивостокты қосатын теміржол құрылысына рұқсатын берді. Теміржолды салу және эксплуациялау Орыс-қытай банкіне тапсырылды. Бұл туралы Қытай үкіметі онымен арнайы шарт жасасты. Шарт Қытай императоры құптаған кезден бастап күшіне енетіні жарияланды.

КВЖД — ның жалпақтығы орыс темір жолдарінікі сияқты болуы тиіс еді. Акционерлік қоғамға тиесілі жер алым салықтан босатылды. Қоғамға жеке темір жол тарифын жасауға құқық берілді.

Қиыр Шығыстағы патша үкіметінің ары қарайғы  экспанциясы Қытай-орыс банк мен Қытай-шығыс темір жол қоғамының қызметімен тығыз   байланыста   болды.   Орыс   дипломатиясы   Кореяда   да   біршама жетістіктерге жетті. Жапон — Қытай соғысы аяқталған шақта жапондықтар сол жердің иесі болып есептелді.

 

АҚШ-тың «Ашық есік саясаты»

Испан — американ соғысы АҚШ үшін импералистік экспансияның ары қарай өрлеуіне жол ашты. Кубаны, Пуэрто — Риконы, Филлиппин мен Гуам аралдарына кейін, 1899 жылы тағы бір Тынық мұхит базасын, яғни Самаоны басып алу көзделді. АҚШ-тың сыртқы саясатында жаңа бағыттар пайда болды. Қытай нарығын Америка капиталы бақылауы, Атлант және Тынық мұхиттарын жалғастыратын канал салуы АҚШ гегемониясын күшейтті.

Бұл мәселелерді шешу үшін «Ашық есік саясаты» жарияланды. Америка империалистері Қытайды тауар мен капитал көзі ретінде тани бастады. Қытайдың ықпал ету аймағына бөлінуі АҚШ-тың қызығушылығына қайшы келді. Кейін ол Қытайды ірі ықпал етуші аймағы ретінде бағындыруды көздеді. АҚШ Қытайға көз тіккен басқа да державалардың жолын бөгемек болып, «Қытайдың қамқоршысы» ұстанымына шықты. Әсіресе, Цзяочжоу мен Порт — Артурды Маньчжуриядағы орыстардың басып алуымен Ағылшын — герман және темір жол құрылысындағы Ағылшын -орыстардың ықпалы концессиясының жасалуы қауіп туғызды. 1899 жылы 6 қыркүйекте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хэй американдық елшілерге Англия, Германия, Франция және Ресей үкіметіне «ашық есік саясатын» жариялайтыны туралы нота жіберді. Бұл қағидаға қосылуды ұсынды. Әрбір үкімет былай деп жариялауы тиіс еді:

1. Мемлекет келісімдік порттың құқығына және заңына еш нұқсан келтірмейді.

2. Қытайлық келісімдік кедендік тариф барлық Қытай үкіметіне тапсырылады және тауарлармен порттарға белгіленуі керек.

3. Шет елдік кемелерден жоғары салықты алмауы тиіс. Американың ұсынып отырған бұл саясаты өзінің ықпалын Қытай нарығына енгізуді және өзінің бақылауын кеден жүйесіне орнатуға бағытталды. Англия үкіметіне жіберілген нотада мемлекеттік хатшы ұсынып отырған саясат Цинь үкіметіне екі мемлекетің де бірлесіп кұш жұмылдыруына жағдай туындағанын мәлімдеді. Қытайда әкімшілік реформалар жүргізуге үгіттеді. Көптеген губернаторлар ағылшындармен, ресейліктермен тығыз қарым-қатынаста болды. Осыдан қорыққан АҚШ өз саясатын Цинь монархиясьш күшейту үшін жүргізіп отыр деп жариялады.

Англия, Германия, Франция, Жапония Хэйдің нотасын құптады. Англия өзі жалға алып отырған териториялармен Гонгконгта бұл саясаттың жүзеге аспауын қалады.

Петербургге көзқарастар өзгерді. Муравьев болса, Ресей державасының экономикалық — саяси бастамаларына қарсы келмейтін мәлімдеді. Өйтпеген жағдайда Қиыр Шығыста қауіпті коалиция қалыптасуы мүмкін еді. Бұл саясатын тиімді жағыда бар: Маньчжуриямен Қытайдың аудандарында Ресейдің үстемдік жургізіп отырған аудандарының дамуына жағдай жасалды.

Наразылық Витте тарапынан туындады. Ол қолға темір жол тарифтер арқылы байланыс алуға қарсы болды. 1899 жылға желтоқсанда Америка елшісі Ресей сыртқы істер министрлігінде іс сапармен болып, ұзақ тостырған сұраққа жауап беруді өтінді.

Патша үкіметі «Ашық есік саясатын» Қытайдың барлық порттарында қолдануға (Ресей жалға апған жерлерден басқа). Қарсы еместігін айтты. Ал темір жол тарифтері жөніндегі мәселелерді жанай өтті. Ресей толык мақұлдаған жауап бермесе де, АҚШ оны келісім ретінде жұрт алдында жариялауды жөн көрді. 1900 жылы 20 наурызда Хэй Америка елшілеріне 6 державаның берген жауаптарын сараптап, «Ашық есік саясатының» толығымен іске асуын жариялауды жүктед. «Ашық есік саясаты» АҚШ-тың отарлық саясатының арнайы тәсілдерін құрастырудың нақты этабын көрсетті.

 

Ұлы державалардың ықпал ету аймағы үшін күрес

Цин монархиясы империалистерге арнайы соғыс жариялай отырып, антиимпериалистік халық көтерілісін тудырды. Тек империалистер ғана әскери жетістіктерге қол жеткізді. 1900 жылы күзде Цинь үкіметінің ұсынысымен Қытай мен басқыншы державалар арасында бейбіт келіс сөздер жүргізілді. Германия Қытай тарапына ең ауыр репрессияны ұсынатынын, ал орыс және американ үкіметтері Цинь үкіметімен жақындасқылары келетіндерін мәлімдеді. Қалғандары аралық позицияларды ұстанды. Орыс үкіметі Вальдерзеенің жобасына қарсы келіп, үкіметтің Сианиден Пекинге көшірілуін және неміс талаптарына қарсы келді. Осы сияқты әр мемлекеттің ұсынған талаптарын талқылауға сәйкес келіссөздер 1901 жылдың 7 қыркүйегіне дейін жүргізілді. Бұл акт бойынша Қытайға 450 млн таэль контрибуция жүктелді. Бұл соманы 39 жыл ішінде қайтару туралы және оған 4 пайыздық үстемі туралы айтылды. Көтеріліс басшылары жауапқа тартылып, шетел дипломаттарына «Күнәні жуу» атты ескерткіш орнату тапсырылды. Сонымен қатар императордың маңындағыларда жауапқа тартылды. Хаттама осындай сипатта жазылған мәтінге толы болды, Қытайға екі жыл ішінде қару-жарақ әкелуге тиім салынды,

Ресей бейбітшілік келісімдерге қатысып соңғы хаттамаға қол қойды. Орыс әскері Герман фельдмаршалының жазалаушы экспедициясына қатыспады. Олар Маньчжурияның темір жолға, оған баратын Тяньциньге дейін сатып алды. Ағылшындар, немістер, француздар Шанхайда қалды. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін, Пекин эвакуацияланды. Бұл дипломатиялық миссияның астана мен теңіз арасындағы байланысын көрсетті.

 

1900-1901 жылдардағы Маньчжурия үшін Орыс — жапон соғысы

Қытайдағы күшті және ықпалды державалар болып, Ресеймен Англия саналды. Бірақ олардың жағдайы азаттық қозғалыстан кейін қиындап кетті. Англия барлық артықшылықтарды мойындап, Янцзы бассейндегі тікелей басып алу саясатын ұстанды.

Солтүстік Шығыс Қытайдың географиялық және стратегиялық баптары Солсбериге неміс дипломатиясының шырмауынан алып шығуға жағдай жасады. Осылай Англия Германияны әлемдік қауымдастық аренасынан шығаруға септігін тигізді. Ағылшын — герман келісімінде басқа бір үш мемлекеттің Қытайда болып жатқан қиыншылықтарға араласуына шек қойылды.

1900 жылы қыркүйекте Ли Хун-Чжанның шақыруымен Қытайға Ухтонский келді. Лидің ұлы Ресейден Маньчжурияны өзіне бағындырмауына көндірді. Бояулы келіссөз Витге мен аяқтады: Ли Хун -Чжан әлі билікке келмеді сондықтан келіссөздерге еш негіз болмады. Пекинде шешілмеген мәселелері Петрбургта бір сарынға түседі деп үміттенген Ресей үкіметі Квантун облысының адмиралы Алексеев арқылы Мукден, Цзянцзуюн, Цзэн аймақтарымен ке

123
скачать работу

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ