Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай

ліссөздер жүргізді. 1900 жылы 9 қарашада «жергілікті келісім» жасалды. Ол провинцияларда Қытайдың әкімшілік билігі орнатты. Ізін шала Петербургге Витте, Ламздорф және Куропаткиннің ұсынысымен Маньчжурияға қатытысты. Орталық Қытай үкіметімен келісім жасалды. Солтүстік провинцияларда Ресей үстемдігі күшейтілді. Сонымен қатар Ли Хун Чжан Қытай саясатындағы басшылықты өз қолына ала бастады. Ол патшалық Ресей қолына өткен провинцияларды «Жылы ниетпен» өзіне қайтарып алуды көздеді. Жоғарыдағы көрсетілген факторларға сәйкес жапон агрессиясы Қытайға қарсы болган тарихта үлкен іс қалдырды. Бұрын Орта және Таяу Шығысқа көз тіккен Еуропа мемлекеттері Қиыр Шығыста ат басын тіреді. Жапон агрессиясы капиталистік державалар арасында күрестің тууына және Қытайды бөлшектеудің тағы бір мәселеріне жол ашты. Қиыр Шығыстағы проблемелердың шиеленісуі халықаралық жағдайда шиеленістіріп жіберді. Патшалық Ресейдің назарын Еуропа мен Таяу Шығыстағы мәселелер аударды. Тынық мұхитының солтүстік-батыс бөлігінде жергілікті қайшылықтар туындады, ақыр аяғында Қиыр Шығыс проблемесының шиеленісуі Орыс — жапон соғысына әкелді. Қиыр Шығыс мәселесінің шиеленісуі және ағылшын — орыс кақтығыстары Ағылшын — герман антогонизмінің дипломатиялық дамуына кері әсерін тигізді.

Кейін ағылшын — герман қақтығыстарына да Қиыр Шығыс мәселелері әсер етті. Франция Ресейдің қолдануынан айырылды. Ресеймен Жапония арасындагы соғыс Антанта мемлекеттерінің наразылығын тудырды. Әлемдік аренада күштерді қайта қарастыруға көңіл бөлінді. Англия мен Францияның жақындасу кезеңі туындады. Капиталистік державалар Қиыр Шығыс аудандарында өз үстемдіктерін орнатып, Корея, Қытай, Филиппинге тереңдей енуге талпынды. Бұл елдердің капиталы мен әлеуметтік салаларына ықпал күшейтілді. Елде ұлт-азаттық көтерілістер қарқынды дамыды. Отарға айналған елдердің ішкі жағдайына ғана емес, халықаралық күресіне де нұқсан келтірілді. Қайшылықтар дипломатиялық қызметті де шектеді.

123
скачать работу

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ