Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы

rdquo;. Бұнысы да боямасыз шындық. Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды танытудың сан түрлі жолы бар. Оған мен бір мысал келтіре кетейін. Орыс әдебиеті Пушкинді әлі күнге зерттеп, зерделеп біте алмай жатыр. Бір қуанарлығы біз данышпан Абайдың да сондай қырларына дендеп ене бастадық. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясын ақ орда десек, әлгі жазылып жатқан, жазылатын еңбектер оның көркіне көрік қосатын ақшаңқан отаулар ретінде кең қанат жая береді. Әр нәрсеге еліктегіш халық екенімізді ескерсек, Абай жайындағы төрт томды оқығаннан кейін татитын, татымайтын көп томды тарихи романдар, қазақ әдебиетінде көбейіп кетуі мүмкін еді. Сағат орынды-ақ ескерткен.

Сағаттың Абай туралы мақалаларын оқысаңыз, ол ұлы ақынның өлеңдерін талдап қана қоймайды, алда атқарылар істі, әлі де тереңдете түсер тақырыптардың бар екенін еске салып отырады. Әсіресе ақынның гуманистік қасиет, адамгершілік және мораль мәселелеріне, Тәңір сөзінің астарында әділдік пен шындықтың жатқанына, дүниеде себепсіз ешнәрсе болмайтынына, жасандылық пен жалғандықтың ғұмыры ұзақ еместігіне талдау жасай келіп, бұл тақырыптар қазақ үшін мәңгілік дегенді меңзейді. Сағат шығармашылығының өн бойынан адамға сүйіспеншілік, өмірге іңкәрлік айқын аңғарылады.

Сағат Әшімбаев саналы ғұмырында қадірлеп өткен Ғабит Мүсіреповтің шығар­машылығын сөз еткенде, болмыстағы бояу мен атаудың сан түрлі болатынын, бірақ солардың түп атасы жеті түрлі, атап айтқанда ақ, қара, көк, жасыл, қызыл, қоңыр, сары дейді де, бұлардың бәрі қай заманда да өз түр-түсін сақтап келе жатқанын, өзгермейтінін ескертеді. Сөйтеді де ұлы Ғабең творчествосын полотно-палитрасына жатқызып, әлгі негізгі жеті бояудан жетпіс бояу жасағанын тілге тиек етеді. Өзі сын жазғанда жетпіс бояуды жеті жүз түрге жеткізіп, дүние жүзіндегі атақты жазушылардың шығармаларымен шендестіріп, жазушы шеберлігін алақанға салғандай ашып береді.

Алаштың ардақтысына айналған Зейін аға – Зейнолла Қабдоловтың бір қанатты сөзі бар еді. Ол: “Әдебиет – ардың ісі” деген сөз. Сол ардың ісіне адалдық танытқан азаматтардың бірі – Сағат Әшімбаев. Оның әдебиеттегі сыншылығын бәріміз де жоғары бағаладық. Қазақ әдебиеті сынына алғаш философиялық бояу дарытқан да осы Сағат Әшімбаев болатын. Төл әдебиет сынымызда Сағат салған сара жол сайрап жатыр.

Сағат үшін сын жанры “біреуді мұқату” немесе “тізе батыру, ділмәрсу” емес, ұлттық ойлау мен танымның көкжиегін кеңейту, өрісін ұзарту болатын. Өнерге, шындыққа және әділеттілікке өліп-өшкен сүйіспеншілік жоқ жерде сын да, сыншы да жоқ. Ол “Ақиқатты айтқан айыпты емес, оны көріп тұрып көзін жұмып айналып өткен адам айыпты” деген қағидамен ғұмыр кешті. Жақсылыққа жаны құмар, жаңалыққа жүрегі құштар Сағаттың өмірлік ұстанымы, өзі айтқандай: “Жақсылықтан басқаның бәрі жалған, қайырымдылықтан өзгенің құны қара бақыр, сыйластықтан бөтен сымбатты нәрсе жоқ”. Жақсылықты, қайырымдылықты, сыйластықты ғұмыр бойы ту етіп ұстау көрінгеннің қолынан келе бермейді. Ұлттық болмысқа сыншылық тұрғысынан қарау кешегі данышпан Абайдан қалған дәстүр болатын.

Әдебиет сыншысы болу дегеннің қиын екенін мойындамайтын адам жоқ. Менмін дегендердің талайының сыншы боламын деп сықпыртып жазғанмен, түйінін жасай алмай, алған тақырыбын аша алмай, шығарманы бағалай алмай орта жолда қалып қойғанын білеміз. Ендеше, сыншылық – кез келген әдебиетшінің өресі жете бермейтін, нағыз таланттарға ғана бұйыратын болмыс. Сағат соны бойына біткен дарынымен бағындыра білді, сыншылықты ұшан-теңіз білімімен бағындырып, құйрық жалы сүзілген сұлу торы аттай топты жарып, шашасына шаң жұқтырмай өмірден өтті. Оның сын мақалаларына ой жүгіртіп қарасаңыз, әдебиет сынына барудың өзінің сын әрі батырлық екеніне және Сағаттың сыншы болмауы мүмкін емес екеніне көз жеткізесіз.

Кезінде бәріміз де табынып, бүгінде көбіміз ауызға ала бермейтін, айналып өтуге тырысатын Маркстің, Энгельстің, Лениннің, өзге де әлем ойшылдарының еңбектерін әдеби шығармалардағы оқиғалармен ұштастырған тұстары, тіпті керемет жатық оқылады. Әлгі даналармен өрбітіп ой жарыстырады. Оқып қана қоймайсың, ақын-жазушылардың романдары мен повестерінен, өлеңдері мен поэмаларынан мол мағлұмат алып, танып-біліп, ондағы терең тағылымдарға таңдай қаға сүйсінесің. Кейде Сағаттың сын мақалаларынан кейін сондай шығармаларды оқуға ұмтылатын да кездерің аз болмайды. Ол әдебиетке биік талап тұрғысынан қарады, талап қоя да білді.

Сағаттың мақалаларын оқып отырған кезде әдебиет әлемін аралағандай ерекше әсер аласыз. Өйткені, ол туындыларын тар шеңбермен шектеп қоймай, небір әлемдік құнды еңбектерді дәлел-дәйекке келтіріп, қаламгерлердің шығармаларын жан-жақты салыстырып, салмақтап барып түйін жасайды. Сонда аз ғұмырының ішінде осыншама рухани құндылықтарды қалай оқып үлгерді екен, қалай көңіліне түйіп, санасына сыйғызды екен деген ойға қаласың.

Көбіміз айтып жүретін бір сөз бар. Ол ерте кеткен талант өз жалынына өртеніп кетті ғой дегенге келеді. Мен осы сөзді Сағатқа қаратып айтуды жөн көріп отырмын. Ол қашан көрсең жалын боп жанып, от болып өртеніп жүретін. Ұлт дегенде, тіл дегенде қолды-аяққа тұрмай кететін. Жұмыр жердің бетіндегі ұлтын сүйген ұлылардың біраз мақалаларын аударғаны да есімізде. Соларға бүгін үңіліп қайта қарасам, аудару үшін аудармаған екен. Ұлтын сүйген азамат сол ұлтына әлемдік дәрежедегі қаламгерлердің озық ойын жеткізуді мақсат тұтыпты. Мысалы, И.Эренбургтің “Пабло Пикассо шығармаларының сыры” деген мақаласының аудармасында ұлы суреткердің бүкіл өмірін қазақ оқырмандарына таныстыра отырып, оның “Мен іздеймін, мен табамын” деген сөзіне ерекше назар аударады.

Сағаттың өзі де өміріне осы сөзді бағыт-бағдар етіп алады. Оған оның аз ғұмырында артында қалдырған мол мұрасы дәлел. Сол секілді авар ақыны Расул Ғамзатовтың “Әнім де, жырым да сен – туған елім!” деген мақаласын 1972 жылы аударып жариялапты. Осындағы ақын сөзіне қарап отырсаң үйренер үрдіс көп-ақ екен. Біз соны кезінде біле алдық па, біле алмадық па, білмеймін. “…Орыс ақынын орыс тілінсіз, авар ақынын авар тілінсіз тіпті көз алдыма елестете алмаймын… Біз қанша шырқатып, жаңа да әсем әндер айтқанымызбен, жас кезімізде санамызға ана сүтімен сіңіп қалған бесік жырларын ешуақытта ұмытуға, естен шығаруға тиіс емеспіз”, деген ақын сөздерін дәл осы күндері бүкіл қазақ айтып жүр. Ал оны Сағат сол қырық қатпарлы саясаты бар Кеңес заманында қазақ оқырмандарының керегіне жаратыпты.

Сағат үнемі ой үстінде жүретін. Санасын сансыратқан сан сауалдарға жауап іздеп сенделіп, саналы ғұмырын оқырмандардың көз алдында өткізді.

Әдебиет әлеміндегі жақсыға жаны қуана, жаманға жирене қарайтын, алғыр ойлы азамат алпысыншы жылдардың орта шетінде “синкретті өнер” теледидар саласына ден қоя бастады. Сол алғашқы “Жүректен қозғайық” телехабары кеңге құлашын жайып, кемелдене келе “Парыз бен қарызға” ұласты. Ол қазақ теледидарында қазақ зиялыларының басын қосып, осы “Парыз бен қарыз” бағдарламасында енді айтпауға болмайтын сөздерді айтты. Айтулы ақындарды, мен мендеп қаламын қару еткен жазушыларды, танымал ғалымдарды бір үстелдің басына жинап, олардың ел, ұлт туралы толғақты ойларын халыққа жеткізді. Ол кезде бұл кез келген кісінің қолынан келмеуші еді. Ол үшін жүрек, батылдық, намыс, өрелі ой керек еді. Сағаттың бір басында осының бәрі де болды. Алмағайып заман тұсындағы небір оқиғаларды тақырыпқа арқау етіп алып, соның желісіне ұлттың мүддесін, тілін, ділін, дінін сыналап болса да кіргізіп отырды. Үрейленген, үрейі ұшқан кейбіреулер бұра тартып жатса, өзінің ақыл-парасатымен “бұғалық” салған асаудай райынан қайтарып, ырқына көндіріп, әңгіменің желісіне түсіріп жіберетін.

Сағат перзенттік парызға, азаматтық қарызға келгенде адалдықтың ақ туындай жел­біреген айрықша адам еді. Ұлттың ұлы мұраттарына ұмтылудың үздік үлгісін көрсетіп кеткен Алаш ардақтыларының қатарында Сағат Әшімбаев есімі ерекше аталады. Тәуелсіздік таңының атқанын көре алмай кеткен арда азамат арамызда жүрсе ордалы ойларымен жасына жетпей-ақ халқының абызына айналар еді. Арман-ай десеңші, амал не!..

Шыны керек, Сағат сол “Парыз бен қарыз” арқылы ұлтымыздың ұйқылы-ояу санасын оятты. Теледидардан да ел үшін деп тепсініп тұрып пікір айтуға болатынын дәлелдеді. Мұны да мен Сағаттың ерлігі дер едім. Халқы алдындағы парызын өтеп, қарызын қайтарған азамат болса осы Сағаттай-ақ болсын. Менің бұл пікіріме қалың жұртшылық қосылады деп ойлаймын. Көп азаматтар басшылық жұмыста жүреді. Бірақ олар елдікке келгенде бір “пәлеге” ұрынып қалармын деп жалтақтап, өзінен жоғарының алдында кішірейіп, жалпақтап жүретінін талай көргенбіз. Сағат ол топтан емес еді. Желкесіндегі кірпік қақпай қадалып тұрған қарауылға қарамай, ел дегенде, қазақ дегенде қиын жердің өзінен жол тауып кететін еді. Сөйтіп, Сағат азамат ретінде, адам ретінде жұртын жорадан құр қалдыр­майтын. Несін жасырайық, сұрқай саясаттың сойылын соғып жүріп көбіміз оның алысқа шабатын тұлпар екенін, биікке ұшатын сұңқар екенін біле тұра баптай да, аялай да алмай қалдық. Желтоқсан көтерілісі тұсында аяулы Сағат біраз әуре-сарсаңға түсті, азап шекті. Қайыспайтын емендей боп қатайды. Күнделігіне моншақтай тізіліп түскен: “17-18 декабрь! 1986 жыл. Мен бұл күндерді ұмытқан күні ұлт намысы деген ұғымды да ұмытатын шығармын. Ал оны ұмытқан жерде барыңнан да жоғың жақсы” деген сөздер осы ойымызға айқын дәлел бола алады.

Ұлт намысы дегенде жанын салатын, көкірегі қарс айырылатын. Дүниеде сызат пайда болса ол міндетті түрде ақынның жүрегі арқылы өтеді деген сөз бар. Сол сияқты Сағат та бәрін болмысымен, жан жүрегімен қабылдайтын. Асыл мұраттар жолында арпалысып, жұдырықтай жүрегінен жұмыр жердің қайғысын өткізгендей болып күйіп-жанып жүретін мінезіне оның ет-жүрегі шыдай алмады. Советтік дәуір делінетін кезеңдегі ұлтқа жасалған қиянатқа

12345След.
скачать работу

Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ