Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы

індегі ер адам диктор болып эфирге шықты. Осы шоғырда Лидия Тюльменко, Владимир Орлов, Всеволод Иванов, Еркін Әбішев, Алевтина Попова, Тыныс Өтебаев, Ләскер Сейітов, Мәриям Айым¬бетова болды. Топқа Ләзиза Аймашева жетекшілік етті. Кейін бұл топқа Ләскер Сейітов, содан соң Тыныс Өтебаев басшы болды.
Телевизия республиканың ең таңдаулы жетістік¬терін әлемге танытуда тағы бір қадам жасағанын айта кету керек. Кенжеболат Шалабаев төраға болып тұрған тұста Алматы қаласының түбінде Алатау атты ғалымдар кенті салынып, онда атом реакторы іске қосылды. Қазақстан енді атомдық сала қалыптасқан қуатты республикалар қатарына қосылды. Осы жетістікті көрсету үшін Орталық телевизияға кезекпен әзірленетін “Отанымыздың бір сағаты” атты бағдарлама сәтті пайдаланылды. Реактордың іске қосылғаны туралы репортаж Орталық телевидение арқылы Евровизия мен Интервизия жүйелерінде көрсетілді. Осылайша, Алматы түбінен берілген репортаж Қазақстан тарихында алғаш рет халықаралық эфирге тарады. Бұл 1967 жылдың 1 қарашасы еді. Ғалым Жабағы Тәкібаев көрермендерге атом реакторы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Алғаш рет қазақ тіліндегі спорт хабары 1966 жылы 16 қаңтарда тұсауын кесті. Оны телевизия басшылары республика комсомол ұйымымен бірлесіп шығарды. Бұл хабарды жүргізуге танымал жаттықтырушы Қабден Байдосов тартылды. Бұл редакцияға тұрақты жұмысқа Қазақ радиосының комментаторы Сұлтанғали Қаратаев келді. Орысша хабарларды жүргізу Владимир Толчинскийге тапсырылды. Қазақ тілді маманды бірде Шалабаев өзімен бірге Мәскеуге ала кетті. Сол жерден Орешкин деген операторды тауып беріп, VІ жазғы Бүкілодақтық спартакиадаға қатысып жатқан қазақ спортшыларын түсіртті. Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтың, Әбдісалан Нұрмаханов пен Әбілсейіт Айхановтың, Амангелді Ғабсаттаров пен Аманжол Бұғыбаевтың спорттағы жетістіктері мен бейнесі көгілдір экранға солай шықты. Олардан басқа туған елі қазақтан шыққан тұңғыш баскетболшы Апа¬таеваның, семсерлесуші Асықбаеваның шебер¬ліктеріне тәнті болды. Оператор Орешкин тек түсі¬ріп бермеді, төраға Шалабаевтың тапсырмасымен 16 миллиметрлік пленканы жуып, шығарып және монтаждап Сұлтанғали Қаратаевтың қолына ұстатты.
Ел жетістіктерін дереу жеткізген үлкен істерді ұйымдастыра отырып, төраға еңбек ұжымына ерекше қамқорлықпен қарады. Сол кездегі жас диктор Ләскер Сейітовті өз қолымен үйлендірді. Тіпті, комсомолдық тойына асабалық қызметті жасы мен қызметін бұлдамай өзі атқарды. Кейін еңбек сіңірген әртіс, жоғары категориялы диктор деңгейіне жеткен Ләскер үшін бұл жақсылық мәңгі ұмытылар ма!
Шалабаев қызмет үшін жеке өмірін құрбан¬дыққа шалуға бермеген, адамның ізгі сезімі мен жеке өмірі басқасынан жоғары екенін дәлелдеген қайраткер ретінде танылды. Ол Орталық комитетте үлкен қызметте жүргенде дәріханада жолықтырған провизор, кейін белгілі дикторға айналған Ләзиза Аймашеваны өмірлік жар етті.

АУЫР КЕЗЕҢНІҢ ЖҮГІН ЖҮРЕКПЕН КӨТЕРГЕН
Телевизияға әдебиеттен келген Сағат Әшімбаев алдымен барлығын өзінің кішіпейілдігімен, биязылығымен таңғалдырды. Әсілі, бұл ортада адам өзін танытуы, жол ашуы үшін кеуде керек болуы мүмкін. Ал 1986 жылы мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары деп таныстырылған адам соншалықты жұмсақ жүректі болып шықты. Тіпті, оған дейін сырттан келіп “Жүректен қозғайық” пен “Қарыз бен парыз” бағдарламаларын жүргізіп жүрген комментатор мен мына орынбасарды бір адам деуге болмайтындай.
Қалың көрермендерге бастапқыда Сағат Әшім¬баев “Жүректен қозғайық” бағдарламасы арқылы танылды. Бұл — телеклуб түрінде өтетін хабар. Ол оған дейін Дулат Исабеков жүргізген “Әдептен озбайықты” алмастырды. Бір топ білімді, ойы озық, көзі ашық азаматтар ұдайы эфирге шақырылды. Түрлі тақырыптарды талдады. Бағдарламаға телеви¬зиядағы жауап беретін Жүрсін Ерманов бастаған шығармашылық топ алғашқы хабарларды Алматы малдәрігерлік және Қазақ ауыл шаруашылығы институттарында өткізді. Түрлі тақырыптарға орай студент жастар мен келетін қонақтар өз көзқа-растарын, байламдарын білдірді. Лұқпан Садықов, Мақаш Тәтімов, Күләш Ақжолтаева, Өтебай Қанахин, Әбдімәлік Нысанбаев, Бақтажар Мекішов сынды түрлі саланың жүйріктері қосыла шапқанда, қалың көрермен айызы қана көрді. “Жүректен қозғайықтың” барлығы 14 саны түсірілді.
Қазақ тілі мен рухы жан-жағынан қысым көр¬ген тұйық қоғамның сеңін бұзуға түрткі түсірген атақты “Қарыз бен парыз” бағдарламасы ұлттық даму жолын іздегендерге шамшырақ сияқты кө¬рінді. Өйткені, Сағатпен әңгімелескеннің қайсысы болса да оған ағынан жарылатын. Сағаттың тазалығы мен тәрбиесі студияға шақырылғандардың ешқайсына бұра тартатын жол қалдырмайтын. Көпке ұнаған бұл бағдарлама, бірақ, сол кездегі Компартияға жақпады. Сағат Әшімбаев туралы жұрт өте жылы пікірлер айтып жатқанда, биліктің жүрегі жібімеді. “Парыз бен қарыз” хабарында ұлттық рухтың, тарихтың, тілдің көкейкесті мәсе¬лелері неге қозғалады деген сұрақ жоғары жақта жиі қойылып жатты.
Сағаттың кезекті хабарына Камал Смайылов пен академик Төрегелді Шарманов келеді. Эфир басталғанда комментатор қазақ мектебінде оқып, алыс ауылда білім алған адамдардың ешкімнен кем болмағанын айтады. Бұл “ұл-қызымыз қазақша білім алмаса, ортасынан кем қалады” деген қисынсыз пікірге берілген дәл соққы еді. “Міне, менің қасымда екі азамат отыр. Екеуі де сонау Жезқазған даласында, қасиетті Ұлытауда туып-өскен, қазақ мектебін бітірген. Қараңыз¬даршы, осылар қазір кімнен кем?” деп Сағат қонақтарды таныстырды. Камал Смайыловтың кейінгі естелігі бойынша: “Өзінің сезімтал білгіш әдетімен біздің білім-тәжірибеміз, атқарған қызметтеріміз туралы қызына айтып, сол жолы қазақ мектебінің намысын, маңызын қорғап жатты”. Міне, осы эфирге қатысып кеткен Смайылов кешікпей өзі қызмет істейтін Орталық комитет Хатшылығының кезекті мәжілісіне келеді. Онда мәжілісте қаралатын бір қаулының жобасына көзі түседі. Қараса, “Мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары С.Әшімбаев туралы”. Толық оқыса оны қыз¬меттен босату туралы шешімнің жобасы екен. Сол отырыста Смайылов бір кезде өзі орынбасар болған, басқарған ұжым басшыларының бірі Әшімбаевты қорғап сөз сөйлейді. Бұл тұжырымға сол кездегі Орталық комитеттің идеология хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков те қосылады. Ақыры мәжілісті жүргізген екінші хатшы Сағидолла Құбашев: “Қаулыны түбірінен өзгерту керек, Әшімбаевқа тек сөгіс берумен шек¬телейік”, деді.
Сағатты пікірлес қайраткерлер ғана емес, мемлекеттік комитетте қызмет атқаратын барлық мамандар қорғай білді. 1986 жылдан оның “мінездемесін беру” деген науқан басталды. Сағаттың басшылық қызметтегі таза қызметін көрген қызметкерлер тегіс оған жақсы мінездеме берді. Бірінші жолы өздеріне ауадай қажет пікірді ести алмаған Орталық комитеттің өкілдері тағы “Әшімбаевқа мінездеме беру” мәселесіне айналып соқты. Бұл жолы олар ұжымды тіл жағынан екіге жару арқылы зымиян ойларын іске асырмақ болды. Әшімбаевтың қазақ тілі үшін тер төккенін білетін олар енді орыс тілді бағдарламалардың қызметкерлерін, ұлты басқа қызметкерлерді қарсы айдап салуға ниеттенді. Бірақ, жолдары болмады. Жанна Ахметова, Владимир Назаров, Семен Газарх сияқты маман¬дар Әшімбаевтың өте дұрыс азамат және білікті басшы екенін нақпа-нақ дәлелдеді.
Бүкіл Қазақстан Желтоқсан көтері¬лісін бастан кешкенде Сағат басын бәйгеге тігіп, алаңдағы оқиғаларды шатырдан түсіртіп алды. Ол таспаны режиссер Рубикжан Яхин түсірткен. Сосын әскери-патриоттық тәрбие және спорт редакциясының бас редакторы Рабат Жәнібе¬ковке тықтырып қойды. Осы оқиғаның ащы ақиқаты сақталған таспаны қауіпсіздік орган¬дарының адамдары айлап іздеді. Сағат ешкімді ұстап бермеді. Тек мезгілі келгенде оны көпші¬ліктің көз алдына жеткізу үшін журналистер қолына қайта тапсырған. Жай тапсырмай, Желтоқсан туралы барлық ақиқат айтылған алғашқы бағдарламаны жасатты. Басты бәйгеге тігіп түсірілген әрі сақталған кадрлар өтіп жатқанда “Сағат Әшімбаевтың жеке архивінен” деген жазу дүркін-дүркін өтіп тұрды.

Сексенінші жылдардың соңында жариялы¬лық желі жетті. Бұрынғы жалғыз жүкті арқалаған “Қарыз бен парыздың” орнына ондаған жаңа бағдарламалар шығып жатты. Сағат Әшімбаев комитет төрағасы ретінде осы жұмысты жалық¬пай ұйымдастыра білді. Қазақстанда айтылмаған ақиқаттарды ашуға Қазақ телевизиясы мен радиосы белсене кірісті. Әсіресе, Семей ядролық полигонын жабу туралы бүкілхалықтық қозғалыс экран бетінен түспеді. Арал теңізі тартылып кеткендіктен, оның маңындағы халықтың судан да у ішіп, ауадан да у жұтып отырғаны туралы ащы шындық апта сайын айтылып, дабыл қағылып жатты.

1990 жылдың жазында Қазақстанның шығыс өңірінде бірнеше ауданды қиратып өткен зілзала болды. Оны алдында Армениядағы Спитак жер сілкінісі және Тәжікстандағы Ғиссар көшкіні табиғи апаттары кезінде Қазақстан алдымен көмек қолын созған. Бірақ, қазақ жеріндегі зілзала кезінде одақтық үкімет пен одақтас республикалардың көмегі сезілмеді. Бар қиын¬дық Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев¬тың иығына түсті. Зайсанда жер сілкінген күні қазақ теледидарына ұлттың ең аузы дуалы кісілері Әбу Сәрсенбаев пен Тұрсынхан Әбдірах¬манова шақырылды. Олар барлық адамдарды жер сілкінісі зардаптарын жоюға көмектесуге шақырды. Экран арқылы арнайы ашылған есеп-шот көрсетіліп тұрды. Төраға Сағат Әшім¬баев осы орайда арнайы тілшілер қосынын құрды. Құсман Игісінов бастаған журналистер айына екі рет арнайы хабар жасап тұрды. Сол кезде республика басшысы Нұрсұлтан Назар¬баев¬ты, жауапты министр Макиевскийді Алма¬тыдан мың шақырымнан алыс Зайсан мен Тарбағатай аудандарында Қазақ телевидениесінің камерасы қарсы алып тұратын. Бұл да төрағаның халық үшін қандай қызметке де әзір екенін білдіретін бір мысал.

Одақ тағдыры қыл үстінде тұрды. Қазақ¬станның іргелі кәсіпорындарының бәрі бұған дейін одақтық бағыныста болып келген. Олар бүкіл өнімді

12345След.
скачать работу

Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ