Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы

төзе алмай жанып кетті. Сағаттан айырылған күні мен ең жақынымнан айырылғандай болдым.

Сағаттың жаратылысы бөлек еді. Тасты жарып шыққан мөлдір бұлақтай еді, қылауы жоқ сынаптай, жаны нәзік тербелген құрақтай еді. Асыл еді, жанымызға жақын еді, табиғатынан ақын еді. Сыншының тереңі, әділі еді. Ақ сөйлеуші еді, тумысынан таза еді, пенделіктен ада еді. Аузын ашса жүрегі көрінген ақкөңіл еді, маңдайға сыймай кетті. Әлі күнге дейін өз тарихымызға өзіміз ие бола алмай жүрген, аз жақсысын өзгеден емес, өзімізден қызғанатын ел емеспіз бе, біз Сағатқа тірісінде ие бола алмай қалдық, оны сақтап қала алмадық. Адамды тірісінде бағалай алмайтын енжарлығымыздан біз Сағатты да тірісінде бүгінгідей тани, бағалай алмадық. Ақкөңілділігін пайдаланып, оны да азғырушылар, адастырғысы келушілер табылды. Сағаттың Хан Тәңірісінің етегінде туған жыр Тәңірісі Мұқағали жайындағы мақаласы сондайлардың кінәсінен жазылған еді деп ойлаймын. Осының бәрі кейінгіге сабақ болғаны жөн. Әсіресе біз, ұлтымыздың келешегі жастарға абай болуымыз керек. Олардың санасына қылау түсірмеуіміз керек. Олар түзу өсуі керек. Ел түзу болсын десек, жастарымыздың түзу өсуіне ерекше мән беруіміз керек.

Сағат тәуелсіздікті көре алмай кетті, жете алмады. Содан бергі он алты жыл ішінде ел-жұрты Сағатын жадынан еш шығарған жоқ, шығармайды да. Артында қалған мұраларын әлденеше рет жаңғыртып басты. Оны жоғарыда келтірдім. Осындайда менің ойыма данышпан Абайдың “Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған” деген аталы сөзі оралады. Сағат аз ғұмырында артына өлмейтін, өшпейтін мол мұра қалдырды. Жалындап жанып тұрған от еді. Айналасына шуағын шашып, нұрын төгіп жүретін. Академик Зейнолла Қабдоловша айтсақ: “мінезі мен мүсіні, мазмұны мен пішіні, болмысы мен бітімі бөлек еді. Сағат екінің бірі емес, бірегейі еді. Ақ тілеуі ел үстінде жүретін. Іздегені – ізгілік, жақсыларға жанаса жүретін”. Ол өмірден өтсе де оған деген халқының сағынышы басылған жоқ, басылмайды да. Сағаттан қалған ой, Сағаттан қалған өнегені ешкім тарихтың еншісінен бөліп ала алмайды. Қазақ әдебиеті барда, сол әдебиеттің алыптары мен ардақтылары, саңлақтары мен сарбаздары барда сын жанрының сардары Сағат Әшімбаев та бар. Қазақ сыни ойының дамуында да Сағаттың шығар өз төрі бар. Енді ешқашан өлмейтін оның байтақ өмірі басталды. Сағат туған халқымен, туған әдебиетімен бірге жасай береді.

Мен асыл інім туралы сөзімді Әбдіраштың Жарасқанының мына бір жыр шумағымен аяқтағым келеді:

Қайран Сағат, жандың, сөндің, от едің,
Парызың мен қарызыңды өтедің.
Күллі қазақ баласына өзіңді,
Өміріңді өлмес үлгі етемін!

Авторы: Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ.

2008-03-07:
ҰЛТТЫҚ АРНА ҰЛАҒАТЫ

2008 жылы 8 наурызда бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы – теле¬визия біздің ортамызға табан тірегеніне тура 50 жыл болады. Біз “Қазақстан” республикалық телерадио корпорациясы” акционерлік қоғамындағы, жалпы осы саладағы әріптестерімізді мерекемен құттықтай отырып, оқырмандарға мере¬кеге орай әзірленіп жатқан “Ұлттық арнаның ұлағаты” атты кітаптың бірер тарауын ұсынамыз. Кітап әр жылдары мемлекеттік комитет, ұлттық ком¬пания, корпорация түрінде жұмыс істеген телевизияны басқарған азаматтардың өміріне арналған. Бұл тұлғалардың бәрі дерлік ұлттық телевизияның қалып¬тасуына, өркендеп дамуына үлес қосқандығы сөзсіз. Оларды жақсы білсек те кейбірі туралы қысқа деректермен шектелетініміз бар. Сондықтан да ақпарат құралдарында көп айтылып, көп жазыла қоймаған телевизия басшылары туралы тарауларды назарға ұсынғанды жөн көрдік. “Ұлттық арнаның ұлағаты” атты кітапты баспаға әзірлеген – осы акционерлік қоғам басқарма төрағасының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайнар ОЛЖАЙ.

“КЕЛІСПЕУШІЛЕРМЕН КЕЛІСЕ АЛМАЙМЫН”

Қанапия Мұстафин Қазақстандағы радио ісі білгірлерінің бірі болғандығына талас жоқ. Ал телевизия басқалармен бірдей ол үшін де тың сала еді. Сондықтан, жаңалықты қабылдауға және онымен жете танысуға тура келді. Бірде Министрлер Кеңесі жанындағы комитет, бірде Мәдениет министрлігі жанындағы бас басқарма түрінде жұмыс істеген радио саласына телеви¬зияның қосылуы Мұстафиннің басшылығы тұсында жүзеге асты. 1957 жылы 12 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне арнайы хат жолдады. Онда КСРО Министрлер Кеңесінің “КСРО Министр¬лер Кеңесі жанынан Радио хабарлары мен телевизия жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы” қаулысына сәйкес Қазақ КСР Министр¬лер Кеңесі республикада осындай Радио хабар¬лары мен телевизия жөніндегі мемлекеттік коми¬тетті Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанынан құру қажет деп санайтынын жеткізді. Және ко¬ми¬тет төрағасы етіп Қанапия Мұстафинді бекі¬туге ұсыныс енгізді.
Қонаев қолдаған Мұстафиннің ақпарат, оның ішіндегі радио саласындағы басшылық қызметі бұл кезде республикаға кеңінен таныс. Отызын¬шы жылдардың басында Кеңес Одағы енді ұйым¬да¬сып жатқан ұжымдық шаруашылықтарды басқаруға, жалпы халыққа өз бағыттары бойын¬ша тәрбие беруге ауадай қажет жаңа кадрлар даярлауды қолға алған. Сол тұстағы кеңес-партия мектебін бітіргендердің бірі болды. Оның алдын¬да тракторшылар курсын оқыған. Бірнеше жыл Солтүстік Қазақстан облысы, Бейнетқор ауданында жер жыртқан.
Коммунистік журналистика институтын бі¬тірген Қанапия Мұстафин қазақ радиосында ре¬дак¬тор болып қызмет атқарды. Бүкіл республи¬када жаппай “халық жаулары” іздестірілген саяси жағынан ең қиын 1937-1938 жылдар еді. Зоба¬лаң¬¬¬ның бұлты бұл қайраткердің басына да үйірілген.
Кейін өз қолымен толтырылған өмірбаянын¬да Қанапия Мұстафин 1937 жылы 19 қазанда партия қатарынан шығарылғанын жазыпты. Өйткені, оған “Сәбит Мұқановтың сыбайласы” деген айып тағылған. Екеуінің Солтүстік Қазақ¬стан облысында дүниеге келгені белгілі. Қанша¬лық¬ты “сыбайлас” екенін сол кездегі сталиндік үш¬тік анықтап үлгермесе керек. Өйткені, жазу¬шы Сәбит Мұқанов өзінің тек кеңестік заман мен большевиктік партияны жалау еткенін, жырлап жүргенін дереу дәлелдеп шығады. 1937 жылы 17 қарашада Сәбит Мұқановтың партия¬лығы қалпына келтіріледі. Мұқановпен бірге Мұстафиннің да билеті қайта қолға тиген. Мұқа¬нов сотталып кеткенде, сөз жоқ, Қазақстандағы телевизия ісінің бірінші басшысы Қанапия емес, басқа адам болар еді…
Қиын заманның өз талаптары болыпты. Айта¬лық, әрбір партиялық қызметкердің жеке іс парақшасына әр жылдары кіммен істес болғаны көрсетіледі. Яғни, ол қызметкерді жақсы танып, сипаттама бере алатын адамдардың аттары атала¬ды. Қанапия өзін жақсы біледі деген тұлғалар қатарында отызыншы жылдардың басында Әбдісамат Қазақбаевты, отызыншы жылдардың ортасына Дихан Әбіловті атайды. Қазақбаев өз тұсында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Прези¬диумы¬ның төрағасы қызметіне жеткен. Ал қазақ¬тың белгілі ақыны Дихан Әбіловті өзіне таныс, етене тұлға деп көрсету арқылы Қанапия Мұста¬фин тағы бір рет күйіп кетуі мүмкін еді.
Өйткені, Ұлы Отан соғысының орта тұсында өзінің Майданбек деген кейіпкерінің ұрыста “қалай кісі өлтіремін” деген гуманистік көзқа-расын дастан түрінде сипаттаған ақын дереу абақтыға қамалған. Және өлім жазасына кесіл¬ген. Көрер жарығы бар екен, бұл жаза орын¬далмай, одан ақын түпкілікті ақталып шығады. Егер тыңғылықты тергеу болып, Диханды жақсы білетіндер “кім?” деген сұраққа жауап ізделсе, Қанапия Мұстафиннің өз қолымен жазылған өмірбаянында “мені 1934-1937 жылдары Дихан Әбілов жақсы білетін” деген жолдар мойнына тұзақ болып оралуы мүмкін.
Ақын майданда тұтқындалған күндері Мұста¬фин Ақтөбе облыстық партия комитетінің кадр¬лар жөніндегі хатшысы еді. Ал соғыс аяқталып, өзі Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітіріп келген соң, сол облыстағы үгіт пен насихат жұ¬мыс¬тарына жауап беретін хатшы қызметіне кіріседі.
Обалы не керек, Қазақстанның радио хабар¬ла¬ры мен телевизиясының бірінші басшысына әр кезеңде белгілі мемлекет және партия қайрат¬керлері түзу мінездеме береді. Өз қолдарымен мансап биігіне ұсынады. Мұрағат құжаттарына қарағанда жолын ашқан басшылар арасында Жұмабай Шаяхметовтің, Николай Скворцовтың, Геннадий Борковтың, тіпті Мәскеуде отырған Маленковтың қолдары кездеседі. КОКП Орталық комитетінің хатшысы Маленковтың қолы қойылған, сонау 1946 жылы берілген №3116 куәлікке қарағанда Қанапия Мұстафинді жауапты партиялық жұмысқа алуға болады.
Бірақ, арада он жыл өткенде Қазақстанда бұл кандидатура қызметке қабілетті ме, жоқ па дегенде айтарлықтай талас туыпты. Күдік кел¬тіргендер кімдер екені құжаттарда сақтал¬маған. Ал Қанапияның қабілетті қызметкер екендігін қорғап қалған елуінші жылдары Орталық коми¬теттің үгіт-насихат бөлімін басқарған, одан идео¬логия хатшысы болған Құманғали Оспанов еді. Екеуі Ақтөбеде біраз жыл қызметтес болған. Біреуі партия комитетінде отырғанда, екіншісі облыстық халыққа білім беру бөлімін басқарған. Алматыда тағдыр қайта тоғыстырған тұста Құрманғали Оспанов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің екінші хатшысы Иван Яковлевтің атына хат жолдайды. Онда “Мұста¬фин¬нің радио ақпарат бас басқармасының бастығы болуына келіспеушілермен келісе ал¬май¬мын” деп кесіп айтады. Одан әрі Қанапияны “тәжірибелі маман, партиялық жұмыстан хабар¬дар басшы, баспасөздің барысын білетін, радио ақпараттың сырын білетін және ол салаға жетек¬шілікті атқарып кететін қызметкер” деп сипат¬тайды. Кешікпей, Мұстафин Қазақ КСР Мәдениет министрлігі жанындағы радио ақпарат бас басқармасының бастығы болып тағайындалған.
Бас басқарма бір жылдан соң Қазақ КСР Ми¬нистрлер Кеңесі жанындағы радио хабарлары мен телевизия комитетіне айналғанда республика үкіме¬тін басқарып оты

12345След.
скачать работу

Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ