Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зерттелетін затты суда, қышқылда және сілтілерде еріту

йыра алады. Көп жағдайда арнайы анализдер жүргізіледі.

Бейметалдарды физикалық күйі, түсі, иісі т.б. қасиеттеріне қарай ерекшелейді. Мысалы, күкірттің сары түсі, балқығыштығы, қайнауы және қыздырғанда айдалатындығы, күкіртті көміртегінде ерігіштігі, суда ерңмейтіндігімен ерекшеленеді. Егер күкірт мұндай күйде емес немесе өте аз мөлшерде болса, арнайы анализ көмегінсіз анықтай алмаймыз.

Үлгілерді бөлу әдістері.

  1. 1.      Үлгіні кептіру.

Пайдалы қазбалардың бастапқы үлгісі ылғалды болады. Үлгілерді бөлуді қиындататындай дәрежеде ылғалдылық ұнтақтағыш, қысқартқыш т.б. аппараттарды бүлдіріп, үлгілер жабысқақ болуы мүмкін. Сондықтан үлгілерді кептіру қажет.

Көп көлемдей үлгілерді бөлу үшін ауада кептіру қолданылады. Ол үшін үлгіні бетон, металл немесе ағаш кеңістікті ыдысқа үлгінің максималды кесектерінен 2 есе артық болатындай қалыңдықта жайып, араластырады. Кептіру уақыты үлгінің ылғалдылығына байланысты және ішіндегі ұсақ бөлшектерге, қоршаған орта ауасының температурасына, ауа алмасуына т.б. факторға тәуелді.

Аз көлемдегі үлгілерді кептіру (бірнеше кг және одан да аз мөлшерде) пештерде жүргізіледі. Сульфидті кендердегі күкірт және кристалдық суды жоғалтып алмас үшін кептіруді 1000 С төмен температурада жүргізу кажет.

 

  1. 2.      Үлгілерді бөлшектеу және ұсақтау.

Бөлшектеу және ұсақтау анализге арналған өлшенді. Массасына дейін қысқарту жүргізу мақсатында жасалады. Кесектігі 25мм-ден артық болатын үлгілерді бөлшектеу жақтың бөлшектеуіштерде немесе қолмен болат плиталарда жүргізіледі.

Кесектігі 10-3мм болатын бөлшектер валды бөлшектеуіштерде ұнтақталады.

0,1 мммөлшерге дейін ұнтақтау дискті бөлшектеуіш , диірмендерде, механикалық және қалдық (ручных) металдан, фарфордан жасалған келсаптарда жүргізіледі.

Алдын-ала жүргізілетін және тексергіш жіктеулер механикалық және қалдық жіктегіштер мен елеуіштерде жүргізіледі.

Үлгілерді ылғалдылығын анықтауға арналған бөлігін бөлу кезінде бөлшектеуде бөлінетін жылу әсерінен бастапқы ылғалдылық азаяды. Жазғы мезгілде 10%-ға дейін, қыста 7%-ға дейін.

 

  1. 3.      Үлгілерді бөлгіш құралдар.

Болат плиталар. Бөлшектегіштердің тесіктерінен өтпейтін кесек үлгілерді қолмен ұнтақтау үшін қолданылады. Плиталардың өлшемдері 750х750-ден 1500х2000мм-ге дейін, қалыңдығы 50-75 мм. Жиегінің биіктігі 50-200мм. Кен және отын кесектерін 0,5-2кг салмақты болғанмен, 3-5 кг-дық кувалдалармен ұнтақтайды.

Бөлшектегіштер. Үлгілердің максималды мөлшеріне қарай зертханалық немесе жатылай өндірістік жақтық бөлшектегіштер қолданылады.

Ұсақ үлгілерге (10 – 3-1мм) валдық зертханалық бөлшектегіштер қолданылады.

Дискті ұнтақтағыштар 3-2-ден 0,15мм-ге дейінгі кесектіктегі үлгілерді ұнтақтайды. Ұнтақтау бірнеше рет жүргізіледі, бірнеше рет бақылау елеуішінен өтіп (0,15мм) тексеріледі. Ұнтақталмаған қалдық болат, фарфор келсаптарда ұнтақталады.

Шарлы және стершенді диәрмендер 5-6мм (кейде 10мм) кесектіктегі үлгілерді периодты немесе үздіксіз толықтыра отырып ұсақтайды.

Мұндай ұсақтау құрағақ және ылғалды түрде жүргізіледі. Диірмендердің сиымдылығы бірнеше метр.

 

  1. 4.      Үлгілерді қысқарту құрамдары.

Кварттау әдісін жүргізу үшін бетон немесе т.б. көлемі 2х2 болатын алаңдай керек. Үлгіні конусқа күректермен ауыстырады.

Конустың діл түзілуі үшін темірден жасалған үш аяқты воронка қолданылады. Дискті төртке бөлу үшін металл немесе ағаш крест қолданылады.

Желобты қысқартқыштар.

10мм-ге дейінгі бөлшектерді қысқарту үшін болат беттер қиындылары қолданылады. Желобтар (10-нан артық) саны жұп болуы керек.

Қысқартылатын материал желобтардың барлық еніне есептелген каробкадан түсіп тұрады. Жұп желобтар материалдың бір жаққа тоқтары – бір жаққа бөліп отырады.

Үлгінің кез-келген жартысы қысқартқыш арқылы бірнеше рет өтуі мүмкін. Үлгінің кесектері желоб енінен 2-3 есе кіші болуы тиіс. Желобтардың еңіс бұрышы 500 С болады.

Микроқысқартқыштар.

12 пластинадан тұрады. (латунь немесе дюралюминийден) қалыңдықтары 2мм, олардың арасында 11 тікбұрышты пластинкалар қойылған. Желобты қысқартқыштар жұмысына қызмет етеді.

 

  1. 5.      Үлгілерді араластыру.

Үлгілерді өңдеу кезінде араластырудың келесі әдістері қолданылады: күректеу, сақина және конус әдістері, мехникалыө араластыру.

Күректеу. Қарапайым, бірақ көп еңбекті талап етеді. Бқл әдіс бастапқы үлгі салмағына (жүздеген кг 100 мм-ге дейінгі өлшемдегі) қолайлы.

Күректеу бір үйінедіден екіншісіне үлгіні күрекпен лақтыру арқылы жүзеге асырылады. Күректеуші егер үйіндінің әр жерінен алып аударғанда араластыру жақсы жүзеге асады. Күректеу таза бетон, металл немесе ағаш алаңқайда немесе кеңістікте жүргізілуі тиіс. Күректеуді жерде жүргізуге боллмайды.

Сақина және конус әдісі. Үлгінің қолмен араластырудың кең тараған әдісі. Үлгіні сақина түрінде конустық үйіндінің диаметрінен екі есе үлкен етіп үйеді. Бір немесе бірнеше күректеушілер сақина бойымен айнала жүріп үлгіні конусқа лақтырады. Лақтырылған материал конустың ең жоғарғы ұшына түсуі тиіс. Конус өскен сайын кесек бөлшектер төмен сырғанайды. Яғни бұл әдісті жүргізу мақсаты конустың осі қисаймай вертикаль болып, кесек бөлшектер біркелкі сырғанауы.

Материал толығымен сақинадан конусқа ауыстырылғаннан кейін барлық қалдығын жинақтап конустың жоғарғы ұшына төгеді. Конустың күрекпен немесе тақтаймен басып, күрекпен дискті сақинаға айналдырады. Бұл операцияны бірнеше рет қайталайды. Бұл күректеу әдісіне қарағанда материалдың біркелкі массасының түзілуін қамтамасыз етпейді.

Механикалық араластыру. Арнайы араластырғыш қондырғыларда немесе зетханалық шарлы диірмендерде жүргізіледі. Мұндай араластыру тек химиялық үлгілер үшін ғана қолданылады. Ал елеуіштік анализ (ситовой анализ) үшін диірменде жүргізуге болмайды. Араластырылатын үлгінің мөлшері араластырғыш қондырғының сиымдылығымен анықталады.

  1. 4.      Үлгілерді қысқарту.

 

Келесі әдістермен жүргізіледі: кварттау, квадраттау, қысқартқыштар және механикалық қысқартқыштар көмегімен.

Кварттау Бұл әдісті үлгіні сақина және конус әдісімен араластырғаннан кейін қолданады. Диск түрінде жайылған үлгіні крест тәрізді жасалған ағаш немесе металл біліктермен 4-ке (орталық бұрышы 900 ) бөледі.

Екі қарама-қарсы жатқан квадраттар қалдық ретінде лақтырылады, ал қалған екі бөлік біріктіріліп қайтадан сақина және конус әдісімен араластырылады да, квартталады.

Бұл операцияны үлгінің минимальды салмағына qmin дейін жүргізеді. Кварттауда жіберілетін қателік негізінен конустың осінің қисаюынан, яғни қате төгілуінен және дискті квадраттарға дұрыс бөлмеген

жағдайда кездеседі. Қателік мөлшері 8-10%-ға дейін болуы мүмкін.

Квадраттау. Кез-келген әдіспен араластырылған үлгіні тегіс жазықтықта жайып арнайы жасалған торлармен немесе сызғыш көмегімен квадраттарға бөледі. Осы квадраттардан шахматтық әдіспен үлгілер алынады. Үлгіні алғанда қалақша немесе күрек үлгінің бүкіл қалыңдығына енуі тиіс. Бұл әдіс соңғы үлгілерді алудың соңғы стадиясында қолданылады.

 

Қозғалмалы қысқартықыштар көмегімен қысқарту.

Кең таралған әдіс, көптеген стандарттарға енген. Қолданылатын қысқартқыштардың бірі Джанс қысқартқышы немесе желобты қысқартқыштар. Оның көмегімен қысқартудың әр кезеңінен кейін үлгі 2-ге тең бөлікке бөлінеді.

Үлгіні қысқарту кезінде үлгілерді алдын-ала араластырудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда қысқартылатын ағын көлденең-параллель қиындысы принципі қатаң усталады. Желобты қысқартықыштарда үлгіні қысқартудың дәлдігі өте жоғары. Және де желобтардың саны неғұрлым көп болса дәлдігі де соғұрлым жоғары болады. Мысалы, желоб ені 5мм болған 65% кварц және 35% пириттен тұратын 10 үлгінің қоспасының қысқартылуы кезінде орташа үлгідей (қысқартылған) пириттың шамасы 35

± 0,01% болса; ені 10мм желобтағы пириттің шамасы 35 ± 0,21%; ені 19мм болса пирит шамасы 35 ± 0,45%;

Кварттау әдісіне қарағанда, бұл әдіспен қысқарту кезінде қателік 2-8 есе аз болады.

Механикалық қысқартқыш көмегімен қысқарту.

Қозғалмалы қысқартқыштарға қарағанда механикалық қысқартқыштар электродвигательге қосылып, қысқартылатын ағындардың санының уақыт бірлігіндегі көлденең қиындысы принципімен қысқартылады. Мұндай қысқартқыштарға мысалы секторлы айналмалы қысқартқыштар жатады.

 

  1. 5.      Үлгілерді маркілеу, жазбалар және сақтау.

Бөлуге түсетін кез-келген үлгінің паспорты болуы тиіс. Онда төмендегі жазбалар болады:

  1. үлгінің аты;
  2. үлгінің алынған орны;
  3. үлгінің алынған күні мен уақыты;

Бұл ақпараттыр ыдыста немесе үлгіге салынған конвертте жазылады. Сонымен қатар үлгіні алу әдісі және үлгі алушының тегі жазылады.

Бөлуге және анализге түсетін үлгілердің барлық мәліметтері үлгі анализінің нәтижелері жазылатын журналға жазылады.

Басқа зертханаларға жіберілетін б

1234
скачать работу

Зерттелетін затты суда, қышқылда және сілтілерде еріту

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ