Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зерттелетін затты суда, қышқылда және сілтілерде еріту



 Другие рефераты
Органикалық қосылыстардың жалпы сипаттамасы. Құрылымы Бөлу, бөліп шығару және концентрлеу әдістері Өнім сапасын көрсететін техникалық құжаттар Химиялық қозғалыс

Заттың ерігіштігін оның өте аз мөлшерімен жүргізіп анықтайды. Қатты затты әуелі суық, одан кейін ыстық суда ерітеді. Егер зат толық ерімесе, тұнбаны центрифугалап, микропипетка көмегімен бөліп алады. Сулы экстрактты сағат шынысына қойып, буландырады. Зерттелетін затты сұйытылған хлорсутекті қышқылда ерітеді. Егер зат ерімесе, концентрацияла хлорсутек қышқылында ерітеді. Сол сияқты HNO3, H2SO4, HF (платина немесе полиэтилен ыдыста) және хлор қышқылдарында, патша рағында, аммиак ерітіндісінде, күйдіргіш сілті, органикалық еріткіштерде ерітіп көріп, зерттейді.

Зерттелетін зат суда, қышқылда және сілтіде еритін болса жүретін құбылыстар мен қоса жүретін процестерді тиянақты бақылайды.

Мысалы, судың әсері еритін затың гидролитикалық ыдырауымен қатарласады. Бұл жағдайда негіздік тұздар және гидроксидтер тұнбалары түзіледі, ерітінді қышқылды және сілтілі орта болады.

Хлорсутек қышқылының әсері газтәрізді сутек бөлінумен (бос металл бар екендігін көрсетеді), газтәрізді хлор бөлінуімен (ххх бар екендігі көрсетеді) қосарлана жүреді.

HNO3 азот оксидтерінің (ххх бар екенін көрсетеді) бөлінуін көрсетеді.

Зерттелетін зат қалдықсыз еритін еріткіш таңдап алу қажет. Кейбір жағдайда зат бір етіткіште аздап, екінші еріткіште де аздап еритін болады. Мысалы, заттың бір бөлігі – суда, бір бөлігі хлорсутек қышқылында, қалдығы – аммиак ерітіндісінде ериді. Мұндай жағдайда жекелеген ерітінділерден ортақ қоспа жасалынады, оның ортасы қышқылды болады. Кейде араластыру кезінде тұнба түсетін болса, зерттелетін заттың еритін және ерімейтін бөлшектерін жекелеп талдайды. Бұл түзілген тұнба ары қарай жүргізілетін талдауға кедергі жасамайды. Мысалы, суда еритін заттары бар сулы ерітінді (Na2SO4) хлорсутектің ерітіндісімен араласқанда, бұл ерітіндіде суда бұрынырақ еріген зат иондары, аммиакты ерітінді болатын болса, анализге бөгет жасайтын тұнба түседі.

Қалайда ерімейтін тұнба түсетін болса, онда оларды жеке анализдейді.

Суда, қышқылда ерімейтін заттары ерітіндіге басқа әдістермен ауыстырып талданады.

Тұздар мен басқа қосылыстарды еріту.

Зерттелетін зат аздап суда еритін болса, әуелі сумен экстракциялап катиондар мен аниондарды анықтайды. Ерімейтін қалдығын қышқылда ерітеді. Бұл жағдайда аздап еріген зерттелетін заттың осы еріткіште еритін мөлшерін бөліп алады. Қышқылдарда еріткенде кейбір катиондар хлорсутек және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп аз еритін хлоридтер мен сульфаттар түзіп тұнбаға түседі, ал HNO3 пен тотығу процестері жүруі мүмкін. Сондықтан қышқылдың артық мөлшері болмағаны дұрыс.

Металдарды еріту.

Сілтілік және сілтілік жер металдардан басқа металдар сумен әрекеттеспейді және ерітіндіге өтпейді. Металдар қышқылдарда ерігенде сутегі бөлінеді:

Ме + 2Н+ → Ме2+ + Н2

Кей жағдайда сутегі емес азот оксидтері бөлінеді:

Fe + 4HNO3 → Fe(NO3)3 + NO↑ + 2H2O

Концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде күкірт оксиді бөлінеді:

Cu + H2SO4 → CuO + H2O + SO2

CuO + H2SO4 → CuSO4 + H2O

HNO3 пен хлор қышқылдарында құрамында сүрме, Sn, As, P, W, S т.б бар құймаларды сәйкес қышқылдар түзіледі:

Sn + 4HNO3 → ↓H2SnO3 + H2O + 4NO2

8As + 5HClO4 + 2H2O → 8H3AsO4 + 5HCl

Металдар мен құймаларды патша сұйығында еріткенде металл хлоридтері немесе комплексті қосылыстар түзіледі.

Кейбір металдар мен бейметалдар (Zn, Sn, Al, Si т.б) сілтілерде ериді. Сондықтан кейбір құймаларды (мыс, аллюминийлі) талдауында 25%-дық NaOH ерітіндісінде ерітеді. Ерітіндіге Al, Zn, Sn, Si ауысады;   Fe, Mg, Mn, Cu және басқа сілтілерде ерімейтін зерттелетін құймаларда ерімейтін компоненттер тұнбада қалады.

Құймаларды еріту.

Құймалардың табиғатын металлография зерттейді. Құймаларды металлографияда зерттеу үшін термиялық, микроскопиялық және рентгеноструктуралық талдау әдістері қолданыады.

Құйма құрамына кіретін негізгі элементтерге байланысты оларды қара, түсті, жеңіл т.б. топтарға жіктейді.

Құймаларды сыртқы түріне қарай бөлуге болады, мыс. шайынды бронзадан жеңіл айыруға болады. Яғни талдау схемасын талдауға жеңілдік болады. Химиялық талдау алдында құймаларды қышқылдар мен сілтілерде ерітеді немесе Na2CO3, NaNO3, KHSO4, Na2O2 т.б. балқытады. Құйманы ұсақтау: бұрғының көмегімен (стружка) жаңқалайды, ара немесе егеумен опилкалайды, егер құйма осал болса, болат келсапта ұнтақтайды. Құйма H2SO4, HCl және HNO3-те ерімесе «патша сұйығымен» өңдейді. Al, Zn бар құймалар күйдіргіш сілтілерде еріп сутегін және цинкаттар, алюминаттар түзеді. Құрамында Sn, Sb бар құйманы HNO3-те еріткенде матақалайы және сүрме қышқылдарының тұнбасы түзіледі, оларды Na2CO3 және көмірмен балқытады. Сонда Sb мен Sn металл күйіне дейін тотықсызданады, оларды алып, HCl + HNO3 қоспаларында ерітеді және алынған ерітінділерді талдайды. Егер құйма құрамда көмір немесе графит болса, қышқылда еріткеннен кейін қара қалдық қалады. Қалдықта сонымен қатар кремний қышқылы болуы мүмкін.

Құйма анализінде оның құрамына қандай металдар кіретінін анықтайды. Сонымен қатар құймада көмір, кремний, фосфор, мышьяк болуын тексереді. Ол үшін құйма үлгісін тотықтырғыштық ортада ерітіп, көмірді СО2-ге, Si-H2SiO3-ke, P-H3PO4-ke, S-H2SO4-ke, As-H3AsO4-ke айналдырып, сапалық реакциялар жүргізеді.

Құймалар үшін жақсы еріткіш болатын H2SO4, HNO3, өйткені ерігенде ұшпайтын қосылыстар түзіледі, сонымен қатар HCl қышқылымен әрекеттеспейтін металдар осы қышқылдарда ериді.

Ерітуді тартпа шкафында жүргізеді. Қоспаны ерітуді аяқтамас бұрын су моншасында қыздырады. Алынған ерітіндіні құрғағанша буландырып, суда ерітеді де, ары қарай әдеттегідей талдайды. Құймаларды ерітркенде ерімейтін тұнба түзілсе, сүзіп, жеке талдайды.

Металдардың күкірт қышқылында еруін жақсарту үшін концентрлі сутегінің пероксидін қосады. Егер құйманы сілтіде ерітсе, ерітіндіге Al, Zn толық, басқа металдар аздап ауысады. Қоспаны сумен сұйылтып, сүзеді. Ерімейтін тұнбаны ыстық сумен жуғаннан кейін қышқылда ерітеді. Сілтілі және қышқыл ерітінділерді жеке талдайды.

Суда, қышқылда және сілтіде ерімейтін заттарды еріткіш күйге ауыстыру.

Жалпы тәсілдері:

  1. Содалық сығындысын алу.
  2. K2S2O7 калий пиросульфаты немесе K2HSO4 калий гидросульфатымен балқыту.
  3. Na2CO3 немесе  Na2CO3+ NaHCO3, Na2CO3 + K2CO3,

Na2CO3 + KClO3, Na2CO3 + KNO3, Na2CO3 + Na2O2,

Na2CO3 + NaBiO3, Na2CO3 + S, Na2CO3 + SiO2 қоспаларымен балқыту.

Мысалы, Fe2P феррофосфорды етіту үшін оны Na2CO3 + Na2O2 қоспасымен балқытады.

2Fe2P + 11Na2O2Na2CO3 2Fe2O3 + 2Na3PO4 + 8Na2O.

Алынған балқыманы ыстық сумен өңдейді: Na3PO4 және Na2O еріп, тұнбада Fe2O3 қалады. Оны қышқылда ерітеді, Fe2O3 бөліп алғаннан кейінгі фильтрат пен қышқылдағы ерітіндісін жеке-жеке зерттейді.

Қышқылдарда аз еритін силикаттар, алюмосиликаттар және отқа төзімді оксидтерді сілтілік балқытқыштармен балқытады.

Қоспалар (добавки) балқыту температураларын төмендетеді және тотығы-тотықсыздану реакцияларының жүруіне әсер етеді.

Na2CO3 –пен балқытуды платиналық тигельде, Na2CO3 + Na2O2 қоспасын темір немесе никель тгельдерде жүргізеді.

Зерттелетін зат талдауы.

Алдын-ала тексеру және зертелетін затты дайындау этаптарынан кейін оның жүйелі анализі жүргізіледі.

Екі жағдай болу мүмкін:

  1. Зерттелетін зат – жеке зат: металл немесе бейметалл, тұз (жай, күрделі, комплексті) тотық, гидроксид, қышқыл т.б. олар химиялық таза немесе аз мөлшерде қоспасы болуы мүмкін.
  2. Зерттелетін зат – құйма немесе тұздардың, тотықтардың, қышқылдардың қоспалары болуы мүмкін.

Заттың химиялық формуласы белгісіз болғанда анализ көмегімен зерттелетін заттың сапалық құрамы анықталады. Егер химиялық формуласы белгілі болса, анализдеу арқылы зат құрамындағы қоспаларды анықтауға мүмкіндік бар. Сапалық анализдің негізгі мақсаты оның тазалық дәрежесін анықтау.

Тазалықты тексеру арнайы ГОСТ бойынша жүргізіледі.

Металдар мен бейметалдарды анықтау.

Кейде арнайы жағдайларда табиғи немесе арнайы обьектіде бос металдар немесе бейметалдарды анықтау қажеттігі болады.

Бос металдарды сыртқы түріне қарай, металдық жылтыры, түсі, қаттылығы, электр тогын өткізетіндігі немесе магниттілігі сияқты физикалық қасиеттеріне қарай құймалардан т.б. заттардан а

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Волки возвращаются в Йеллоустоун
Тайны Красной планеты
Анализ феномена культуры в философских воззрениях
Задачи по экологическому праву


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ