Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жәңгір хан және Қазан университеті

“Китаб табиин-л-маакид” медициналық шығармасын, түрік тіліндегі “Китаб натаидж фунун” тарихи-философиялық пайымдарын, Мұхамед бен Ахмедтің парсы тілінде жазған алғашқы халифтер тарихын тапсырды.

Кез келгеннің қолынан келе бермейтін мұндай атымтай жомарттықты бағалаған профессор Эрдман: “Ғылымға тәнтілігін және ғылыми орталар мен мекемелерге, әсіресе, шығыс тілдері мен әдебиетіне қамқорлығын дәлелдейтін осынау тарту­лардың бәрі, Қазан университетінің де, ғылыми қауымның да пайдасына қатысты пікірлері мен жәрдемдері маған мәртебелі Кеңес алдында: хан Жиһангер Бөкеев Императорлық Қазан университетінің құрметті мүшесі етіп сайлауға лайықты деген ұсыныс жасауға батылдық береді” деп ғылыми Кеңестің таразысына салды.

1844 жылдың 19 шілдесінде Қазан оқу округінің қамқоршысы М. Мусин-Пушкин университет Кеңесіне: “Халық ағарту министрі шілденің 4-і күні № 6282 бұйры­ғымен Ішкі қазақ ордасының ханы генерал-майор Жиһангер Бөкеевті Қазан университеті Кеңесінің сайлауына сәйкес университеттің құрметті мүшесі етіп бекіткенін” хабарлады. Бөкеевті құрметті мүшелер тізіміне енгізуді және оған осы лауазымына диплом жеткізуді тапсырды.

Дипломдағы: “Нұр сипатты, әмірі биік ұлы патша, Бүкілресей императоры және жеке билеушісі Николай Павловичтің қайырымымен Ішкі Қазақ ордасының ханы, генерал-майор Жиһангер Бөкеевтің біздің отанымызда ағарту ісінің таралуына көрсеткен ынталы жәрдемін құрметтей, оның шығыс тілдері жөнінен сіңірген ерен еңбегін бағалай және жоғары мәртебелінің Қазан университетіне деген ерекше ілтипатын шынайы қадыр тұта отырып, Кеңес 1844 жылғы 29 мамырдағы отырысында оны бірауыздан өзінің құрметті мүшесі етіп сайлады. Кеңестің бұл ұйғарымын Қазан оқу округінің қамқоршысы, құпия кеңесші және түрлі ордендер кавалері Михаил Николаевич Мусин-Пушкиннің өтініші бойынша осы жылдың жетінші шілдесінде Халық ағарту министрі Сергей Уваров бекітті. Университет Кеңесі жоғары мәртебелі хан өзіне берілген атақты қабылдай отырып, ғылымның пайдасына ықпал жасаудан бас тартпайды деген шүбәсіз сеніммен оған 1844 жылдың қыркүйегінде тиісті қолдар қойылған және Университеттің үлкен мөрі басылған осы дипломды тапсырды” деген марапат Жәңгірге жігер берді.

Университет ректоры, математика профессоры Николай Лобачевский қол қойған, “Ғылымға сіңірген еңбегі үшін” деп берілген дипломды хан өзі алған әскери атақтар мен ресейлік ордендерден де жоғары қабылдады. Университет марапаты Жәңгірге хандық дәрежесін ұмытқызды. Қараша айында Қазаннан жіберілген дипломды алып қанаттанған ол өзінің жаңа атағына сай оқу орнына пайдалы болуға әзір екенін және шығыс бөлімшесіне қажет деген араб, парсы және түрік тілдеріндегі әдебиеттердің тізімін алғысы келетінін жеткізді: “Биылғы қыста мен бұқарлықтармен хабарласпақпын. Сөйтіп, бұрынғыдан да құнды қолжазбалар алдырмақпын”.

Университеттегілер ол тізімді жасады. Арабтың 30 китабы мен рисалатының, парсының – 25, түріктің – 4 қолжазбасының атауын Кеңестің бекітуімен Жәңгірге жолдады. 1844-45 жылдары хан олардың алғашқы алтауын 598 күміс рубльге сатып алып, Қазанға жеткізді. Кейіннен Петербург университетінің кітапханасына түскен “Тарихи гузида”, “Хабиб ас-сийар” жалпы тарихтар, Жәлел-Аддин қос шумақтары шығыстанушылар ізденісін кеңейтер мұралар қатарына қосылды.

...Біз қатыгез хан деп қана танитын тұлға осындай да кептерді бастан кешті. Әлдебір істе ағайынға аламандығы болса, болған шығар, ал ағарту ісіне адалдықтан айнымай өтті. Қазан университетінің Жәңгірге көрсеткен құрметі осының тағы бір айғағы.


Авторы: Тілекқабыл БОРАНҒАЛИҰЛЫ.

1234
скачать работу

Жәңгір хан және Қазан университеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ