Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жәңгір хан және Қазан университеті



 Другие рефераты
Қазақ халқының этногенезі Жәңгір ханның ағартушылық қызметі Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы Ғалияда оқыған қазақтар

ЖӘҢГІР ХАН ЖӘНЕ ҚАЗАН УНИВЕРСИТЕТІ

“Қараңғылық халден шығатын кез жетті...”

1826 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып, І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты. Ағасы Шөкі Нұралиевті, немере ағасы Қайыпқали Есімовті, арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұл­тан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті. Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы – Фатима ханшаны бірге ала барды. Ресейдің қол астында отырып, сырт мемлекет деңгейіндегі депутациямен келген Жәңгірді үкімет хаттамалық дерлік рәсіммен қабылдап, Еуропа билеушілеріне лайықталған сый-құрметтің бір ұшығын көрсетуге мәжбүр болды.

Мәскеудің ресмилігі мен салтанатын түгесіп, еліне қайтқан Жәңгір қазанның 13 күні Қазан қаласына жетті. Император ағзамның қазақ ханын шетелдік мәртебелі меймандар дәрежесінде қабылдағанынан хабардар Қазан қауымы Жәңгірді өз үстерінен елеусіз өткізіп жібере алмады. Хан алыс жолдан аяқ суытпай жатып қаланың азаматтық губернаторы барон Розен әдейілеп сәлем бере келді. Сәтті сапарымен құттықтап, енді ежелгі Қазанға қош келдіңіз деп қол қусырды. Жәңгірдің жол бойы ойлаған өз мақсаты болатын. Сөйтіп, келесі күні Қазан университетінің табалдырығын аттады.

Ректор Карл Фукс қазақ ханына өзі басқаратын білім ордасының аудиторияларын аралатты. Алдымен физика кабинетіне бастады. Дәліздегі есігінің реті солай болғанына ректор қынжылғандай. Қырдан келген әміршіні физика құралдары тым қызықтыра қоймас деп ойлаған. Ал хан кейбірінің не үшін қолданылатынын білмесе де, өзін қараңғы етіп көрсетпеуге тырысып бақты. Сұрағын сақтықпен қойып, алды-артын ойлай сөйлеп, оқымыстылардың іштей мазағына айналмауды ойлады

.

Есесіне, минц-кабинетте Жәңгірдің жүзі біршама жадырады. Бедеріне қарап әр заманда соғылған араб пен шығыстың мәнет ақшаларын, құнын, нақышталған жерін айтып тұрды. Көне күмістердің сырына біршама қанық екенін аңғартты.

Кітапханаға кіргенде Жәңгір өзін еркін сезінді. Араб, парсы, татар тіліндегі ма­нускриптерді қолына кезек ұстап қарады. Алтын әріпті көне құрандарды сипап көрді. Университет баспасынан шыққан кітаптар мұқабасын мүдірмей оқыды.

Фукс осы сәтті пайдаланып Жәңгірге Хиуа ханы Әбілғазы жазған түрік шежіресін тарту етті. Жазылғанына бір жарым ғасыр өтсе де бұл еңбек Ресейде тұңғыш рет осында, Қазан университетінде басылыпты. Ректор ұсынған сыйды қолына алған Жәңгір “Шежіре-и түрк” деген атын жанындағыларға естірте оқыды.

Жәңгір университет ғалымдарының қолынан бұл шежірені ала тұрып, кейіннен алғанының салмағын еселей қайтарарын, осы кітапхананы шығыс әдебиетінің құнды қазыналарымен толықтырар қамқор жанның бірі өзі боларын ойлаған жоқ.

Университеттегілер ханның алдына енді тарихи суреттер жайды. Қазақтардың сыртқы жаулармен шайқасы деп түсіндіріп жатыр.

Кейіннен Фукс “Казанский вестникте” жазғанындай: “Мен ханға көп оқиғалары қазақ даласына қатысты татарлардың қытайлармен соғысын бейнелейтін бедерлі суреттер көрсеттім. Ол әскери шатырларға, туырлықты үйлерге, түйе өркешіне орнатылған зеңбіректерге зер салды. Өз халқының қаһарман жүздерін байқап тұрды. Алайда, оған көп тамсанып жатпастан әңгімені қайтадан кітап жағына ойыстырды:

– Мұндағы кітап қанша?
– Жиырма мың том.

Кітапханамен дәліздес бөлмеде ол біздің үлкен глобустың жанына тоқтады. Әріп­тесім, тілмаш, тумысы парсы Александр Казымбек оған глобустың жай-жапсарын түсіндіріп берді. Жер күнді айналады дегенге көп сенгісі келмеді, өйткені оның дінбасы басқаша түсіндірген көрінеді. Дегенмен ол глобустың пайдасы туралы біраз нәрсе аңғарып алды”.

Аңғарғаны сонша:
– Мекке Қазанмен бір сызықтың бойында орналасқан дегеннің ақиқаты қаншалық? – деп ғалымдардың өзіне тосын сұрақ қойды.
Қоштасарда Жәңгір өзінің екі ұлы – Ескендір мен Зұлқарнай тезірек ер жетіп, осы университеттен білім алса деген арманын айтты.
– Біздің қазаққа да бір нәрсеге ден қойып, оқып, қараңғылық халден шығатын кез жетті. Бұл істің бастамасын мен мектеп ашу арқылы жүзеге асырғым келеді, – деп толқып сөйледі.

Университет ғалымдары Жәңгірді осылайша өздері күтпеген қырынан таныды. Қазақ ханы мен Қазан университетінің ұстаздары арасындағы бұл таныстық ұзақ уақыт сыйластыққа ұласты. Фукстен кейін 1827 жылдың 3 мамырында университетке отыз төрт жасар Лобачевский ректор болып тағайындалды.

Етене араласып кетпегенімен, бір көрген – біліс, Лобачевсийдің 1844 жылы Жәңгірді университеттің құрметті мүшесі етуі көп нәрсе аңғартады. Математиканың майын ішкен ғалым кезінде өзі де өлең жазған әдебиетші, ректорлыққа дейін университетте кітапханашы болған көне мұралар құнтшысы еді. Ректор болып сайланғаннан кейін де ол бас кітапханашылық міндетінен қол үзбеген. Жүйелік, алфавиттік, жылжымалы каталогтар енгізіп, ғылыми кітапхана құруға тер төкті. Көне кітаптар мен қолжазбалар сатып алу арқылы шығыс қорларын толықтырды. Осындайда Хиуа, Бұқар, Самарқанға қолы жететін Жәңгірдің көмегі Қазан университетіне аса қажет еді.

Ресей ғылымының қара шаңырағы Қазан университеті қала үстінен өткеннің кез келгені кіріп-шыға беретін аяқасты орын емес. Оның ғылыми кеңесі тек лайықты тұлғаларға ғана есік ашатын. Жәңгірден кейін, 1829 жылдың мамырында мұнда неміс ғалымы, атағы жер жарған Гумбольдт болды. Алтай мен Каспийге саяхат жасап бара жатқан жаратылыстанушыға Мусин-Пушкин университеттің құрметті мүшесі дипломын тапсырды.

Фукстің үйінде Гумбольдттің болғанын Жәңгір де естіді. Өзі алдыратын орыс басы­лымдарынан оның кім екеніне қанықты. “Қазіргі ғылымда энциклопедиялық ақыл-ойлы тұлғалар аз емес, дегенмен олардың арасында барон Гумбольдттің орны бөлек тұрары талассыз. Бұл адамның білетінін санап шығудың өзі оңайға соқпайды. Гумбольдт біздің ғаламшарды алақанындағыдай біледі” деп жұрт жарыса жазғандай Гумбольдт қандай кемеңгер!

Жер-жаһанды жалықпай шарлаған, шығысы мен батысын, экваторы мен қос нүк­тесін, төрт құбыласын түгел зерттеген, шыңыраулы үңгірлерді, асқар шыңдарды, ат­қылаған жанартауларды, буырқанған теңіздерді ғылыми назарынан тыс қалдырмаған болмысы бөлек жиһангерді көргісі келді. Өзіне табиғаттың барша патшалығының жаратылысы – тау-тасы, дария-ұшаны, өсімдігі, жан-жануары, адамзатының бүкіл нәсілі түр-келбетімен, тарихымен, мінез-құлқымен, дәстүр-салтымен, саяси және қоғамдық қауымымен әйгілі, көк аспанның құбылысы қара жер бетіндегідей мәлім тұлғамен кездесер ме еді?!

Ақыры Жәңгірдің арманы орындалды. Төрт айдан кейін Еділ бойындағы Хошеут ұлысында Гумбольдтпен жүздесудің сәті түсті. Сол кездесуі жұғысты болды ма, жылдар өткенде Гумбольдт алған дипломмен Жәңгір де марапаттады. Атақты әперу үшін Петербургке қолқа салған сол Мусин-Пушкин. Қол қойғандар да бір адамдар – Лобачевский мен проректор Эрдман. Яғни, бір қарағанда Гумбольдт пен Жәңгірге құрмет бірдей. Гумбольдттің жөні бір бөлек, “ғылымдағы нұры әлемге сәуле шашқан” атақты адамның университет есігін ашқанының өзі ғанибет оқиға. Оқу орнының атын аспандатар мәртебе. Ал әлі төл әліппесін жазбаған, университет түгіл зайырлы мектебі жоқ ұлттың әміршісі сол деңгейде ұлықталып жатса – онда бұл тұлғаның білім-ғылымға сіңірген жеке еңбегін ескергендік.

Жәңгір мен Қазымбектің “Мұқтасары”

Сол 1826 жылдан бастап Жәңгірдің Қазан ғалымдарымен арадағы достық, пікір­лестік қарым-қатынасы үзілген жоқ. Әсіресе, ханның шығыстанушы Мирза Александр Казымбекпен байланысы ғылымға елеулі үлес болып қосылған “Мюхтесерюль-вигкает” (“Китаб мухтасару-л-уикаяти фи масаил-һидаят”) кітабының жарыққа шығуымен ерекшеленді. Түрік-татар тілінің ординарлық профессоры, Санкт-Петербург ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Лондондағы Ұлыбритания және Ирландия корольдігі азиялық қоғамының, Копенгагендегі солтүстік антикваршылар қоғамының және де ондаған ғылыми қоғамдардың мүшесі Қазымбектің редакторлығымен шыққан бұл еңбек Жәңгір есімін де алыс елдерге жеткізді. Қысқаша вигкает, яғни ханифедтер мектебі бойынша мұсылман заңтануының курсы тұңғыш рет 1845 жылы Қазан қаласында басылды. “Мұқтасар” осы басылымына дейін еш жерде классикалық шығарма ретінде толық күйінде жарық көрмеген болатын.

Жәңгірдің ұсынысы мен қаржылай демеушілігі арқасында Қазымбек жауапты іске бел шеше кірісті. Басылымын жәй қадағалау, тілді білу, түпнұсқаны тексеру аздық ететін. Мұқтасардың бұған дейінгі барлық түсініктерін оқып шығу, көлемді Хидаят пен Мұқтасардың негізі болып табылатын оның қысқарған түрі Уикаятты терең зерттеу, нұсқаларын салыстыру, яғни мұсылман заңнамасын жетік білу қажет еді.

Айта кетерлігі, мұсылман құқығы туралы Қазымбектің алғашқы еңбектері Ресейде емес, Парижде жарық көрген еді. Өз елінде жариялауға жүрексінгені мұсылман заңнамасының артықшылығы туралы кейбір пікірлер христиандық рухына сәйкес келмесін сезді. Сол қауіппен аталған мақаласын 1842 жылы француздың “Азия журналында” басқанды қолай көрді. Келер жылы Лондонда жарияланды. Ендеше, Жәңгірдің қолдауымен басылатын “Мұқтасар” мұсылман құқығы бойынша Қазымбектің Ресейдегі тұңғыш іргелі еңбегі болмақ.

Маңызды істі қолға алмас бұрын Қазымбек 1844 жылдың 28 ақпанында М. Мусин-Пушкиннің алдынан өтті. “Бөкей ордасының әміршісі Жиһангер хан өткен қаңтар айында Қазанға келгенінде мұсылмандар арасында аса маңызды “Мюхтессерюль-викает” қысқаша заңтану кітабын шығаруымды өтіне сұраған еді. Бұл мұсылмандар мектебінде классикалық шығарма болып есептеледі. Қазақ арасында өнер-білімді таратуға ерекше қамқорлықпен тер төгіп жүрген ханның тілегін орындау үшін және бұл басылымның Еуропа ориенталистері үшін өте-мөте құндылығын ескере отырып, мәртебелі ханның ұсынысын қабыл алдым. Оған қоса, Орынбор мүфтиінің де мақұлдаған хатын алып отырмын. Кітап Қазан университе

1234
скачать работу


 Другие рефераты
БӘЙТЕРЕК
Сальвадор дали и сюрреализм
Переработка промышленных и бытовых отходов
Даосизм, конфуцианство, синаизм


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ