Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасампаз жоба



 Другие рефераты
Жемқорлықты бірге жеңеміз Балалығын соғыс оты ұрлаған Нұротандықтар қатары толыға түсті Барлаушылар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 26 қазанында Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған «Еуразиялық Одақ: идеядан болашақтың тарихына» деп аталатын мақаласына байланысты үнқосулар жалғасып жатыр. Төменде Елбасының аталған жарияланымына байланысты ресейлік үш ғалымның үнқосуын назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Мұны мегажоба деген жөн

Қазір, еуразиялық жобасы шындыққа айналған тұста сенімдері бойынша ресейлік мемлекетшілер де, сол сияқты біздің нақты сектордың шаруагерлері де посткеңестік кеңістікте шаруашылық реинтеграциясы құндылықтарын ілгерілету мен қорғау ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне өздерінің ризашылықтарын білдіруге барлық негіздері бар.

Бұл еуразиялық идеясы, ақыр соңында, жаңа әлемдік архитектурада өзін өзі қамтамасыз ететін мегажоба ретінде Еуразияның екі бөлігінің экономикалық өсім және техникалық жаңғыру әлеуетін жалғастырушы басымдығына ие бола түскенін атап көрсеткен жөн. Өзара құрмет, ұлттық біртектілік және біздің ортақ болашағы­мыз бен сырттың жол көрсетуінсіз-ақ жарыла бөлінбейтінімізді сезіну мүмкіндігі де өзіміздің өңірлік интеграцияларымыз арқылы дәлелденген.

Әрине, бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев әділетті атап өткеніндей, бұл салада маниловщина, оқиғаны қолдан дабырайту жат, жоғары кәсіби шешім қажет.

Онымен ортақ экономикалық кеңістікті жүзеге асыру бизнес пен биліктің (сауда палаталары, РСПП секілді органдар, іскерлік одақтар, т.б.) жүйеленген үнқатысуын талап етеді. Бұл біздің интеграциямыз қолдан жасалған емес, барлық қатысушы елдер кәсіпорындар деңгейінде кәсіпкерліктің тірі материясын құруы тиіс екендігімен толық келісуге болады.

Иван ИВАНОВ, Ресей Ғылым академиясының академигі.

Ерен еңбегіңіздің нәтижесі

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Посткеңестік кеңістікте ЕурАзЭҚ, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) және болашақта Еуразиялық экономикалық одақ түріндегі интеграциялық жобаларды құруға бағытталған сіздің көп жылғы қызметіңізге шын жүректен шыққан ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз.

Сіздің «Еуразиялық Одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген «Известияға» шыққан мақалаңыз – ілгері жұмыстың жарқын мысалы. Онда Сіз түрлі өңірлік одақтардың кең ауқымды қызметін теориялық тұрғыдан ортақ бір арнада тоғыстырып, посткеңестік елдер үкіметтерінің тәжірибесін көрсеткенсіз, сондай-ақ оның болашақ көкжиегін белгілегенсіз. Бұл мақала – Сіз сонау 1994 жылы, «егемендіктің эйфориясы» кезеңінде-ақ еуразиялық интеграция идеясын ілгері жылжытып, біздің елдеріміздің қазіргі кезеңдегі өзара іс-қимылы тетіктерінің негізін қалаушы болғаныңызды тағы бір еске салудың лайықты себебі. Сол шақта біз оны тек қызықты ғылыми ұсыныс ретінде ғана қарастыра алсақ, қазір ол көп жағдайда Сіздің осы идеяңызды үкіметтерге, сарапшылар қоғамына және біздің елдердің тағдыры қымбат кім-кімге де сендіре алғаныңыздың арқасында тәжірибе жүзінде іске асуға толық мүмкіндік иеленіп отыр.

Осы жылдардың барлығында да Сіз ТМД және ЕурАзЭҚ елдерімен сауда және инвестициялық ынтымақтастық ауқымын тікелей ұлғайтуға арқа сүйей отырып, Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жолында жұмыстандыңыз әрі осы идеяны ілгерілетумен де дәйектілікпен айналыстыңыз. Бүгінде, әлемдік экономикадағы және қаржыдағы жаһандану, сондай-ақ тұрақсыз ахуал жағ­дайында дәл осындай қадам мен интеграциялық үдерістерге парасатты көзқарас ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және БЭК-ке мүше елдердің әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс салдарын бірлесіп күш-жігер жұмсау арқылы ғана еңсеруге болатынын, сөйтіп, экономикалық өсімді қалпына келтіруге өтуге мүмкіндік туғызатынын көрсетіп беріп отырды.

ЕурАзЭҚ елдері үкіметтеріне интеграциялық үдерістерді тереңдетуге бағытталған болашақ жұмыстарын жоспарлағанда ЕО-ның кері тәжірибесін есепке алу керек. Қоғамдастық пен Кеден одағының тек кеңесу және жалпы ұсыным енгізетін ұйымдар ғана емес, нақты құрылымдармен жұмыс істейтін мемлекетаралық органдар қызметінің өсе түсіп отырған тиімділігін қанағатпен атап өткен жөн. Кеден одағы осы жоғары қарқынның арқасында алғашқы кезде белгіленген жоспарлармен салыстырғанда өте қысқа мерзімде құрылып, БЭК-тің келісім-шарттық арқауы қалыптастырылу үстінде.

Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз – бүкіл әлемде танылған және құрметтелген Қазақстанның шынайы көшбасшысысыз. Сіз өзіңізді идеясын қоғамдастықтың басқа елдері президенттері қолдайтын көреген саясаткер ретінде көрсеттіңіз. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайтын БЭК – бұл Беларусь, Қазақстан және Ресей интеграциясы ісіндегі ауқымды табыс. Мұның интеграциялық үдерістерді одан әрі ілгерілетіп, Еуразиялық экономикалық одақ құруды жылдамдататыны анық. Онда тек рыноктар ғана бірлесіп қоймайды, сондай-ақ стратегиялық жоспарлар мен посткеңестік кеңістіктегі барлық елдер дамуының перспективалары қамтылып, кім-кім үшін де ашық осы экономикалық одаққа оның мақсаттары мен міндеттері және ұмтылыстары ортақ басқалар да қосылады деп үміттенеміз.

Сіздің еуразиялық идеяңыз қуатты интеллектуалдық және практикалық қолдау көрді. Прагматизм мен күшті, ғылыми негізделген идеологиялық құрамдас қосындысы – Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекеге қабілеттілігі өсімінің табысқа жеткізетін басты шарты әрі формуласы, міне, осы. Одан әрі қарай, Сіз дұрыс атап өткеніңіздей, біздің ортақ болашағымыздың стратегиясы – Еуразиялық одақ.

Жақында «Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзеге асқан Еуразиялық жобасы» деп аталатын жаңа кітапты оқып шыққанымды атап өткім келеді. Еңбек еуразиялық интеграцияны ілгерілету жөніндегі Сіздің үлкен күш-жігеріңізді жан-жақты зерттеу болып табылатыны сөзсіз.

Үлкен құрметпен және ең жақсы тілектермен

Р.С.ГРИНБЕРГ, РҒА Экономика институтының директоры, РҒА мүше-корреспонденті.

Еліктегіш емес, жаңашыл ұтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық Одақ: идеядан болашақтың тарихына» мақаласы дүние жүзінде және Еуропа мен Азия құрлығында жүріп жатқан үдерістерді өзінің стратегиялық тұрғыдан көруімен ерекше назарды қажетсінеді. Автор – жоғары мемлекеттік лауазымдардағы кеңестік және посткеңестік уақыттардағы көпжылғы жетекшілік тәжірибесімен ақылы толысқан, көпқырлы білімдар және дамудың перспективалы үрдістерін түсінетіндігімен ерекшеленетін тұлға. Ол бұрынғы Кеңес Одағы аумағында қалыптасқан біртұтас шаруашылық тетіктерінің 90-шы жылдардың басындағы бұзылуынан келген орасан зардаптарды көлденең тартады. Сол кезде Одақ құра­мында болған барлық республикалар зардап шекті. Сол уақыттан бері мақала авторы Еуразия кеңістігінде интеграциялық үдерістерді, бірінші кезекте экономикада дамыту мен күшейту идеясын шаршамай-талмай ілгерілетіп келеді. Және оның сенімділігі мен белсенділігі өзінің жемісін беріп отыр.

1994 жылы, ол мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру тұжырымдамасын алғаш ұсынғанда, көптеген саясаткерлер оны қабылдауға дайын емес еді. Бірақ уақыт пен экономикалық факторлар айтылған тұжырымдаманың пайдасына жұмыс істеп, көпшілік еуразиялық интеграцияның ұзақмерзімді әлеуетіне түсіністікпен қарай бастады. 2000 жылы Белоруссияны, Қазақстан мен Қырғызстанды, Ресей мен Тәжікстанды біріктірген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пайда болды. 11 жыл бедерінде ЕурАзЭҚ ортақ проблемаларды шешуде тәжірибесі артып, бірқатар маңызды құрылымдық институттар – Еуразия Даму банкін, Дағдарысқа қарсы қор қалыптастырды. Ол басқа елдер ерікті негізде қосылу үшін ашық. Еуразиялық интеграцияның және біртұтас экономикалық кеңістік құрылуының локомотиві қызметін үш мемлекет атқарып келеді. Олар: Кеден одағын құрған Ресей, Қазақстан, Белоруссия мемлекеттері. Аталған үш ел алдарына қазіргіден де тығыз экономикалық өзара іс-қимыл міндеттерін қойып отыр.

Осының барлығы жинала келіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің интеграция мәселелерін қамтитын кезекті мазмұнды мақаласында белгілі бір қорытынды жасауға негіз болады. Оның батыл ой-пайымдары қазіргі таңда бұрынғыға қарағанда ыңғайлырақ негізге сүйенеді. Оның үстіне, салдары әлі де толық еңсерілмеген әлемді дүр сілкінткен жаһандық экономикалық дағдарыс күн тәртібіне экономикалық жаһандану мен әлемдік институттардың және халықаралық еңбек бөлінісінің жұмыс істеуінің бұрынғы идеологиялары мен практикаларын қайта санадан өткізу мәселесін шығарды. Еуразиялық идеясы бұрынғы Кеңес Одағы шекарасынан шығып, Еуропа мен Азия арасындағы – ЕурАзЭҚ-ты Еуропалық Одақпен, басқа да Еуропа елдерімен, Орталық, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерімен біріктіретін көпір жобасына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы бұл жобаның перспективалары мен ба­сымдықтарын сенімді түрде дәйектейді. Оның талассыз жаңашылдығы мен құндылығы, міне, осында. Бұл жерде әңгіме болашақ әлемдік дамудың стра­тегиясы, жаңа әлемдік архитектура тудыратын мегажоба – елдердің ынты­мақтастығын дамытудың бәсекеге қабілеттілігі мен жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық жаңғырту мүмкіндігін жіберіп алмауды қарастыратын уақыт келгенін көрсететін жоба жөнінде болып отыр. Автор Еуразия кеңістігін қуатты инновациялық және технологиялық серпінділік үшін перспективалы аумақ ретінде қарастырады. Оның негізінде, әрине, интеграциялық ынтымақтастық жатады. Ол елді өтпелі экономикадан шығара алмай, мәңгілік кенжелеп қалатын «модерниза­цияны қуушының» болашағын көрмейді. Қуушы модельді жақтаушылардың бәрі бірдей мұнымен келісе қоймас. Дей тұрғанмен, тарих дәлелдегеніндей, стратегиялық тұрғыдан еліктеушілер емес, жаңашылдар жеңетіні белгілі.

Автордың пікірінше, ұсын

12
скачать работу


 Другие рефераты
Социология марксизма
Возможна ли единая европейская или мировая цивилизация ?
Древнерусская литература
Жердегі сұлулықтың мекені


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ