Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жемқорлықты бірге жеңеміз



 Другие рефераты
Тәуелсіз елдер: әріптестік әлеуеті Мұнай өнімдері тапшылығынан қалай құтылуға болады? Балалығын соғыс оты ұрлаған Жасампаз жоба

Соңғы үш жылда Қазақстан әлемдік жемқорлыққа қарсы рейтингте бірден 45-ші орынға көтеріліп, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Жемқорлыққа қарсы әрекет Қазақстанның даму стратегиясының негізгі тетігіне айналды. Себебі, ел Президентінің өзі бірнеше жыл бұрын жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялады. Сондықтан заң, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар осы бағытта жұмыс жасап келеді. Соған қарамастан, басқа елдер сияқты Қазақстанда да жемқорлық ең негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Бұл әлеуметтік індет шетелдік инвесторлар алдында мемлекеттің беделін төмендетіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуын баяулатып, тікелей және жанама түрде экономикалық шығындарға алып келеді.

Көптеген зерттеулердің нәтижесі мемлекеттік басқару неғұрлым ашық болса, азаматтық қоғам белсенді болса, жемқорлық деңгейінің де төмендейтінін көрсетіп беруде. Сондықтан бұл әрекетке қоғамның, тіпті әрбір адамның төзімсіздік көзқарасы керек деп санайды нұротандықтар. Сол үшін партия жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс құру туралы бастама көтерді. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, «Бүгінгі бірлестік – ол, ең алдымен, Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жемқорлықпен күрес туралы тапсырмасын орындауға ерекше көмек беріп, мемлекетіміздің экономикасының одан әрі дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз. Сол үшін осы бастама еліміздің барлық аймақтарында жалғасын табатын болады».

Бұл бастаманы қазірдің өзінде 3 мыңнан астам заңды тұлғалар мүддесін қорғайтын еліміздегі ірі әрі беделді қоғамдық ұйымдар қолдап отыр. Олар, Кәсіпкерлер форумы, Азаматтық альянс, ардагерлер ұйымы, Кәсіподақтар федерациясы, Жастар конгресі мен Бас редакторлар клубы. Олардың барлығы бүгін Әріптестік және өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Бұл – бүкіл әлемді жайлаған дерт. Сондықтан онымен күрес бір ғана адамның, болмаса тек қана мемлекеттің жұмысы емес, онымен барша халық болып күресуіміз керек. Және ол бір күннің шаруасы емес. Сондықтан осы өте үлкен, ауқымды шаруаны бірлесіп көтерейік, еліміздің одан әрі дамуына бірлесіп атсалысайық деген мақсатпен «Нұр Отан» партиясы бастамашы болған қоғамдық қозғалысқа қолдау білдіріп, Бірлескен меморандумға қол қойып отырмыз», – дейді Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев.

Партияның тұрғындар арасында ұйымдастырған «Халықтың дауысы» акциясы көрсеткендей, қазақстандықтардың денін жемқорлық жағдайы алаңдатады. Сондықтан нұротандықтар осы жолда күш біріктіретін кез келді деп есептейді. Оның үстіне Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қазақстан Жастар конгресі» ЗТҰ атқарушы директоры Шахмардан Байманов: «Бүгінгі «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылып жатқан қоғамдық қозғалыстың басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы күш біріктіру. Қазіргі кезде пара алатындар да, пара беретіндер де біздің ортамызда жүр. Біз ондай адамдарды қабылдамай, оған деген жастардың, жалпы қоғамның теріс көзқарасын қалыптастыруымыз керек. Сол үшін елін, халқын ойлайтын кез келген азамат осы қозғалысқа қосылады деп ойлаймын», – деп өз ойын ортаға салды.

Жаңа құрылған ұйым мүшелері ең тиімді әрі тәуелсіз төреші қоғамдық бақылау деп санайды. Сол үшін белсенді түрде өз қатарларын көбейтуге күш салады. Бүгін басталған жұмыс алдағы уақытта барлық аймақтарда жалғасын тауып, жемқорлыққа қарсы форумдар өтетін болады.

«Егемен-ақпарат».

скачать работу


 Другие рефераты
Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы
Расчет разветвленной электрической цепи постоянного тока
Брачный договор-контракт
Идеология


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ