Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

сетуге тырысуы керек, егер де бұл жағдай тәуелділікке дейін жеткен болса, ол адамды бұл істі тастауға көндіру керек. Ал ешқандай нәтиже болмаса, кәсіби жәрдем алуға болады.  Адам өзінің тәуелді екендігін және өзін тоқтата алмайтындығын түсінгеннен  кейін шектеу қойылу керек.

Егер де кәсіби немесе басқа тұрғыдан қажеттілік болмаса, компьютерді немесе интернетті алып тастаған дұрыс болады. Қажетті болған жағдайда, күнделікті белгілі уақыт қойып, басқа адамның қадағалауымен қолданылуы керек.

Зиянды жағдайлар: әрине, интернет күнделікті өміріміздің маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Алайда, бұл жүйеде адамның психологиясын бұзатын, мәдени, тәрбие және діни құндылықтарды жоятын нәрселер де бар.

Интернеттегі хат жазысу жағдайлары өздерін басқа біреудің атынан таныстыратын жаман ниетті адамдар тарапынан ақша алу үшін тиімді себеп болатындығын бәріміз білеміз. Өкінішке орай, осы хат алысулардың салдары  отбасының ыдырауына дейін әкеліп соғатындығы да мәлім. Интернетте темекі, есірткі және ішімдік базарлары да бар. Бұл базарда біреулер зиянға ұшырыса, басқалар пайда тауып жатады. Бірақ осыны біле тұра, бәрібір бұл қорқынышты жағдайға адамдар құрбан болуда және көпшілік оны көруде.

Балаларды қызықтыратын нәрселерді пайдаланудың жолын табу керек. Балалардың дүниесіндегі ең басым элемент – шектеусіз қалаулары. Балалар бұл қалауларын қадағалай алмайды. Қадағалау психологиялық дамумен бірге қалыптасады. Қалауларын көрсететін қиял әлемдерінің элементтері ойындар мен ойыншықтар болып табылады. Ойындар мен ойыншықтар балалар үшін өте маңызды нәрсе. Балалардың бұл ерекшеліктеріне құрмет көрсетуіміз керек.

Ойын кезінде бала ойынға сай берілген мағлұматтарды өте аз уақытта үйреніп алады. Сабақ оқуды да ойынмен өткізсек, баланың шексіз түсіну қабілетін дамытамыз.

Жазалау арқылы оқу-білім беру қай жас үшін болса да қате үйрету әдісі болып табылады. Қорқыныш – автономиялық жүйке жүйесіне және ми жұмысына әсер ететін бір сезім. Қорқыныш асқорыту жүйесін, қан айналымы, жүрек және ақыл-ой жұмысын бұзады. Қорқыныш арқылы адамда мойынсыну сезімі дамиды бірақ үйрену қабілеті азайып, дене өзін дамуға емес, қорғануға бейімдейді. Бұның нәтижесінде ақыл-ой мүмкіндігі, алғырлық, тапқырлық, талаптылық қабілеттері дамымайды. Ұрыс естуін бала немесе адам өзін ақымақ сезінетіндіктен ақыл-ой жүйесі жабылып қалады. Бала өзін қаншалықты бақытты сезінетін бір ортада білім алса, барлық нәрсе соншалықты жақсы болмақ[30].

Балаңызға күнде тіс тазалауды, тамақтан бұрын қол жууды, өтірік айтпауды үйреткіңіз келсе, бұның ең әсерлі жолы қайталау болып табылады. Пайдалы нәрселерді мүмкіндігінше, ерте жаста іс-әрекетпен үйрету керек.

Жасөспірімнің интернет-тәуелділігін төмендетудің әдіс-тәсілдері мен тәжірибелік көрсеткіштері 

Тәжірибелік зерттеу жұмысы Тараз қаласының Тараз «Парасат» колледжінде өтті. Жалпы ғылыми зерттеу жұмысының теориялық бөліміне сәйкес психологиялық зерттеу жұмыстарын жасөспірімдік шақтағы білімгерлерге, атап айтқанда БЖББ-2(ІV)-07  және ДТ-2(ІV)-07 топ білімгерлеріне өткіздік. Зерттелген оқушылар саны 16 (БЖББ-2(ІV)-07 тобында 8 білімгер, ДТ-2(ІV)-07 тобында 8 білімгер). Тәжірибелік зерттеу жұмысының жалпы ережелеріне сәйкес зерттеу обьектілерін бақылаушы және эксперименталды топтар ретінде зерттелді (БЖББ-2(ІV)-07 тобы – бақылаушы топ, ДТ-2(ІV)-07 – эксперименталды топ). Ғылыми зерттеу жұмысымның тәжірибелік бөлімі екі кезеңнен тұрады: анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдер. Анықтаушы кезеңде БЖББ-2(ІV)-07, ДТ-2(ІV)-07 топтарына интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы өткізілді.

Интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы

 

Сұрақ

 

Жауап

Иә

Жоқ
  1. 1.
Компьютерлік ойындар ойнаған кезінде эйфория, көтеріңкі көңіл-күйде боласыз ба?

 

 

  1. 2.
Ақырғы кездері осы күйге жету үшін көп уақыт талап етіледі ме?

 

 

  1. 3.
Комьютердің алдына отыруға мүмкіндігіңіз болмаған кездерде жайсыздық сезімін сезесіз бе?

 

 

  1. 4.
Білезік сүйектеріңіз ауырады ма?

 

 

  1. 5.
Комьютерлік ойындар үшін кездесулерге бармай қалған кездеріңіз болды ма?

 

 

  1. 6.
Сіз Интернетте күніне 3 сағат және одан артық уақыт өткізесіз бе?

 

 

  1. 7.
Комьютер алдында отырған кезде сіздің негізгі іс-әрекетіңізге қатысы жоқ сайт, чаттарға кіресіз бе?

 

 

  1. 8.
Тікелей қарым-қатынас жасағаннан Интернет арқылы қарым-қатынас жасағанды ұнатасыз ба?

 

 

  1. 9.
Достарыңыз немесе туыстарыңыз сізге Интернетте тым көп уақыт өткізесіз деп шағымданады ма?

 

 

  1.  
Негізгі іс-әрекетіңіз бойынша — білімнің төмендеуі немесе оқудың нашарлауын байқадыңыз ба?

 

 

  1.  
Компьютердің алдында жұмыс істегенде шынашағыңыз ұйып қалатын кездер болды ма?

 

 

  1.  
Арқаңызда үнемі ауырлық сезімдері бола ма?

 

 

  1.  
Кейінгі кездерде сізді көздің кеуіп кетуі сияқты құбылыс мазалап жүрген жоқ па?

 

 

  1.  
Кейінгі кездерде сізде ойнауға деген қатты құмарлық пайда болды ма?

 

 

  1.  
Интернетте көбірек уақыт өткізу үшін сіз жуыну, тісті тазалау, қырыну сияқты әрекеттерді орындамаған кездер болды ма?

 

 

  1.  
Интернетті пайдалана бастағаннан бері сізде ұйқының бұзылуы пайда болды ма: ұзақ уақытқа
Пред.678910След.
скачать работу

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ