Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жазаны өтеуден босатудың құқықпен реттеу, оның түрлері мен негіздері



 Другие рефераты
Жазадан босатылған адамдарды әлеуметке бейімдеу Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі күші бар заңдарындағы өлім жазасы Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау

Жазаны өтеуден босату – құқық саласының әр түрлі нормаларымен реттеледі: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқығы.

Жазаны өтеуден босату деп азаматтың құқық жағдайын өзгертетін заңның ақиқаты айтылады. Оның пайда болуымен әдетте түзету құқық қатынастары тоқтатылады да азаматтың құқықтық мәртебесі орнына келтіріледі.

Жазаны өтеуден босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты болатын болса, толық болмауы да мүмкін. Жалпылай алғанда көптеген жағдайларда жазаны өтеудің салдары пайда болады, оны өтеуден босату азаматтың құқықтық мәртебесін түгелдей орнына келтіре алмайды, сотталған атағының әсері сақталады.

Жазаны өтеуден әрі қарай босатудың негізі – ол сотталғанның тиісті дәрежеде өзінің түзелгенін көрсеткені, болмаса Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары көрсеткен басқа негіздер, ал босатудың өзі қылмыстық іс жүргізу және түзеу заңдарының нормаларында көрсетілгендерге сәйкес іске асырылудың өзі негіз болады.

Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу мен қылмыстық атқару құқықтарының нормалары өзара тығыз байланыста, қылмыстық құқық нормалары бастаушы рөл атқарады, сондықтан қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару құқытарының жалпы иниституттарының бірлігі байқалып тұр. Солардың бірі өтеген, немесе өтеп жатқан жазадан босату иниституты болып табылады. Бұл иниституттың негізінде қылмыстық құқықтың нормалары жатады. Сонымен бірге күші бар қылмыстық заңдарда жазадан босатудың барлық негіздерін түгел реттеп беретін арнайы нормалар жоқ. Мұндай негіздерді белгілейтін нормалар қылмыстық-атқару заңдарында бар(ҚР ҚАК 168 бабы).

Жазаны өтеуден босатудың негіздері болып мыналар есептеледі:

Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу;

Іс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе іс жүргізудің қысқартылуына байланысты сот үкімінің күшінің жойылуы

Жазаны өтеуден шартты – мерзімінен бұрын босату;

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру;

Кешірім жасау немесе рақымшылық ету;

Ауыр науқастану немесе мүгедектік;

Заңда көзделген өзге де негіздер.

Жазаны өтеуден босатудың ең көп тараған түріне сот үкімімен белгіленген жаза мерзімін өтеу кіреді.

Жазадан босатудың бір түрі – мерзімінен бұрын босату, ол тек заңда тікелей көрсетілген кейбір жағдайда рұқсат етіледі. Бұл жазаның мақсатына жеткенінде, әлде басқалай жаңадан пайда болған жағдайда ғана  мүмкін.

Сотталғандарды жаза өтеуден босатудың негіздерін 3 топқа бөлуге болады.

Одан кейін мерзімінен бұрын босатылғандар тобын атауға болады, оған кіретіндер: шартты – мерзімінен бұрын босату немесе бас бостандығынан айыруды бас бостандығынан айырмауға байланысты емес жазамен ауыстыру, ауырлығы мен мүмкіндігіне байланысты жаза өтеуден босату, кешірім жасау мен рахымшылық етуге байланысты, үкімнің жойылуы мен істің қысқартылуына байланысты; үкімді өзгертіп жазаны шартты мерзімінен бұрын ауыстыру немесе ең аз шектеуге дейін төмендету себебіне байланысты.

скачать работу


 Другие рефераты
Дизартрия
Движение тенентистов в Бразилии в 1920-1935 гг.
Маркетинг услуг ресторана
Охранительно-консервативная деятельность русской церкви


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ