Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жазбаша аудару. Аудармашының делдалдық бағыттары



 Другие рефераты
Ауызша және жазбаша аудару арасындағы айырмашылықтар Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық бағыттары: коммуникатифтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастырушылық Ауызша ілеспе және синхронды аудару Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны

Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің  үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан).

Аударма түрлерінің екі негізгі сараланушы түрлері бар: аударылатын мәтіндердің сипатына байланысты және аударма барысында аудармашының тілдік әрекеттерінің сипатына байланысты.

Аударманың жанрлық–стилистикалық саралануы түпнұсқаның жанрлық–стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты екі функционалды аударманың түрін ерекшелейді: көркем аударма және ақпараттық аударма.

Көркем аударма деп көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтады. Қалған тілдік шығармалар түрлеріне қарағанда, көркем әдебиет шығармаларының негізгі функциясы болып көркем–эстетикалық немесе поэтикалық функцияның есептелуімен көзге түседі. Осы мінездегі барлық шығармалардың негізгі міндеті болып қандайда бір эстетикалық әсер беру, яғни бір көркем-әдеби образ жасау болып есептеледі. Бұндай эстетикалық бағыт көркем-әдеби тілді ақпараттық мазмұны негізгі болып саналатын информативті тілдік қарым-қатынас түрлерінен ерекшелейді.

Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының  мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.

«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді  хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге  ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы  көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне). Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін.

Көркем және ақпаратты аудармалар көбінесе жазбаша аудармаға жатады. Көркем шығармалар мен аударумен бірге ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару, ресми-іскерлік материалдарды аудару, саяси-публицистикалық материалдарды аудару, газет-ақпараттық материалдарды аудару, патенттік материалдарды және т.б. аудару болып бөлінеді.

Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше: грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу керек. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше. Жазбаша аударма келесі факторларға назар аудару керек:

1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына

2. Арнайы сөздіктен сол сөздің мағынасын іздеп табуға

3. Түпнұсқаның контекстін білу. Егер ол шығарма болса, оны

ең алдымен толық оқып шығу керек.

4. Керекті сөзі бар қайырымды ғана оқып шығу және оны

бүкіл контекстпен салыстыру.

5. Сөздің бір-бірімен байланысуына

Жазбаша аудармада мәтіннің барлығы аудармашының алдында болады, ол оны бірнеше рет оқып, автордың идеясын толық түсінеді. Ал ауызша аудармада аудармашы ақпаратпен сегмент арқылы танысады, ол ақпаратты толық білмейді.

Жазбаша аудармада аудармашы оратормен тіл қатысып, ештеңе сұрай алмайды (мысалы: түсінбеген сөз, термин не ақпарат).

Жазбаша аудармаға түпнұсқадағы мәтіннің жазбаша түрдегі аудармасы жатады. Аударушы мәтінге және оның үзінділеріне бірнеше рет қайта оралып, керек болса түзеп, негізгі нұсқамен салыстырып, рецепторға автордың идеясын жеткізуге тырысады.

скачать работу


 Другие рефераты
Фазовое равновесие и фазовые превращения
Форма государства
Насекомые
Волжская Булгария


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ