Ауызша және жазбаша аудару арасындағы айырмашылықтар
Другие рефераты
Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.
«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік (полицейлік) әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне). Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін.
Ақпараттық аудармада аударманың түрлері аударылатын мәтіндердің ШТ әртүрлі функционалдық стильдеріне қатыстылығының негізінде көрінеді. Сонымен қатар,бұндай аудармада түпнұсқалардың функционалдық-стилистік ерекшеліктері мәтіндердің өзіндік белгілерін де анықтағандығы қажет етіледі. Осы белгілері бойынша аударманың ерекше түрлері ретінде: ғылыми-техникалық материалдарды аудару, ресми-іскерлік материалдарды аудару, саяси-публицистикалық материалдарды аудару, газет-ақпараттық материалдарды аудару, патенттік материалдарды және т.б. аудару болып бөлінеді.
Түпнұсқаны қабыл алудың тәсілін және аударманың мәтінін құруды ескеретін аудармаларды психолингвистикалық жіктеу тәсілі аудармалық қызметті жазбаша және ауызша аудармаға бөледі.
«Жазбаша аударма» деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару процессінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан).
Ауызша аударма – бұл түпнұсқа мен оның аудармасы аударма барысында жазбаша емес нысанда болатын аударма түрі, ол аудармашының түпнұсқаның үзінділерін біркелкі қабылдауын және кейіннен сәйкестіндіруге немесе оны орындағаннан кейін түзетуге мүмкіндік жоқтығын білдіреді. Ауызша аударманың классикалық мысалы ретінде аудармашы түпнұсқаны аккустикалық нысанда («естілуі бойынша») қабылдауын және өзінің аудармасын ауызша нысанда орындауын айтамыз. Ауызша аудармада аударма мәтінін құрау түпнұсқаны қабылдаумен параллелльді түрде, не түпнұсқаны қабылдау біткеннен кейін жүзеге асырылады. Соған сәйкес ауызша аударманың екі түрі болады: синхрондық және ілеспелі аударма.
«Синхрондық аударма» — бұл аудармашы оратордың сөзін тыңдай отырып, тура сол сәтте (2-3 секундқа ғана қалып отырады) аудармасын айтып отыратын ауызша аударманың тәсілі. Синхрондық аударма оратор микрофон арқылы сөйлеп, оның сөзі аудармашыға құлаққа киетін аппарат арқылы естілетін, арнайы кабинада техникалық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады, сол жерден аударма Рецепторларға жеткізіліп отырылады. Осындай құралдың арқасында аудармашының дауысы оның түпнұсқаны тыңдауына кедергі келтірмейді. Синхрондық аударманың бір түрі болып аудармашы кабинада емес, Рецептордың қасында орналасып, құлаққа киетін аппарат пен микрофон арқылы немесе оларсыз аударманы оған сыбырлап айтып отыруы түріндегі «сыбырлау» табылады. Синхрондық аударма – ауызша аударманың қиын түрі, өйткені ол аудармашыдан бір уақытта бірнеше қимылдарды қатар аудара білуді талап етеді: бір тілде тыңдау, оны басқа тілге аудару және оратордың сөйлеу темпінен қалмай сол тілде сөйлеу. Осы үш әрекеттің барлығын синхронизациялау жадының үлкен жұмысымен, жоғары қадағалаулықпен, сөйлеу компрессиясын жүзеге асырудың қажеттілігімен, түпнұсқаның келесі бөлімдерін бағдарлаумен, тез арада шешімдер қабылдаумен және т.б. байланысты.
«Ілеспелі аударма» — бұл ауызшы аударманың аудармашы оратор өз сөзін бітіргеннен соң немесе оның бір бөлігін айтып болғаннан соң оны аудара бастау тәсілі. Аударылып жатқан сөздің бөлігінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін: оратор20-30 немесе одан көп минутта айтқан жеке сөздерден үлкен көлемдегі мәтінге дейін. Аударманың бұл түрі аудармашының жадында түпнұсқаның маңызды сегменттерінің мазмұнын аударма басталғанға дейін ұзақ уақыт бойында сақтауын талап ететін түрі. Егер түпнұсқаның көлемі үлкендеу болса, аудармашы түпнұсқаны қабылдау барысында оның мазмұнының маңызды жерлерін жазып отырады, ол оның жадында тыңдалған мәліметті есіне түсіруіне көмек көрсетеді.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|