Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жеке тепе-теңдік және экономикалық тиімділік

иімді бөліну шартын анықтауға көмектеседі, яғни экономикалық игіліктерді өзара айырбастау кезінде субъектілердің пайдалылығы максималды деңгейге жетеді деп тұжырымдалады.

 

 

                Екі қоғамдық топты сипаттайтын Болат пен Салтанат деген екі тұтынушының арасындағы екі тауармен айырбас жүргізу моделін мысал ретінде қарастырайық. Суретте бір – біріне қарап тұрған координаттардың екі жүйесі көрсетілген, олардың осьтері тіктөртбұрышты құрайды. Тіктөртбұрыштың оң жақ жоғарғы бұрышы – Ос координат жүйесінің басы, бұл жүйеде Салтанаттың талғамсыздық қисықтарының картасы орналасқан. Тіктөртбұрыштың сол жақ төменгі бұрышы – Об координата жүйесінің басы, бұл жүйеде Болаттың талғамсыздық қисықтарының картасы орналасқан. Горизонталды осьте А тауары (нан) және вертикалды осьте Б тауары (шоколад) көрсетілген, сәйкесінше, А тауарының саны 10 дана және Б тауарының саны 6 дана болсын. Айталық, бастапқыда игіліктер 1 нүктесі арқылы бөлінеді, яғни Болатта 7 дана нан және 1 дана шоколад бар (сондықтан ол наннан гөрі шоколадты жоғары бағалайды). Дәл сол нүктеде, Салтанаттың қолында 3 дана нан және 5 дана шоколад бар (оның қолында шоколад көп, сондықтан ол Болатқа қарағанда нанды жоғары бағалайды). Бұл нүктеде тұтынушылардың алмастырудың шекті нормалары (MRS) сәйкес келмейді.  MRSС = 3, MRSБ = ½, бұл өзара пайдалы келісімдер жасауға мүмкіндік береді. UС1 және UБ1 талғамсыздық қисықтары 1 нүктесінде қиылысады. Бұл нүкте өзара пайдалы келісімдер ауданы (суреттің боялған бөлігі) болып табылады. Бірақ, әрбір өзара пайдалы келісімдер кезінде игіліктер тиімді түрде бөліне бермейді.  Мысалы, 2 нүктесінде де келісім өзара пайдалы болып табылады (Болат қосымша бір шоколадқа ие болады, ал Салтанат өзіне қажет қосымша нанға ие болады). Бірақ, талғамсыздық қисықтары бұл нүктеде де қиылысады, алмастырудың шекті нормалары (MRS) тең емес. Игіліктерді тиімді бөлудің шарты айырбасқа қатысушылардың MRS теңдігі болып табылады, нәтижесінде контрагенттердің әл-ауқатын олардың біреуінің жағдайын төмендетпей жақсартуға болмайды, яғни игіліктерді Парето – тиімді бөлу шарты орындалу қажет. Ол тиімді бөлу шартын суреттегі 3, 4 және 5 нүктелері сипаттайды, бұл нүктелерде талғамсыздық қисықтары бір-бірімен жанасады және олардың көлбеулері бірдей. Сәйкесінше, MRSС = MRSБ.  Бұл ереже көптеген тауарлармен алмасушы көптеген тұтынушыларға тән: айырбасқа қатысушы тұтынушылардың тауарлардың кез-келген жұптарының MRS – тері бірдей, яғни тең болғанда ғана ресурстар немесе игіліктер тиімді бөлінеді. Сонымен, айырбасқа қатысушы барлық субъектілердің біруақытта тепе-теңдік жағдайға келуі тиімді келісім – шарт жасаумен сипатталады:

 

MRSС шок., нан  = (Р шок. / Р нан) = MRSБ шок., нан.  (1)      

 

                Бұл формула бәсекелі нарықтарда тепе-теңдікке жету шартын сипаттайды. Бәсекелі тепе-теңдікті экономисттерВальрас тепе-теңдігі деп атайды. Бәсекелі тепе-теңдіктің негізінде бәсекелі механизм жағдайында барлық нарықтардағы сұраныс пен ұсынысты теңестіретін бағалар жиынтығын орнату жатады.

                Жоғарыдағы суретке оралсақ, Ос - дан Об нүктесіне дейін өтетін қисық Салтанат пен Болаттың алмастырудың шекті нормалары бір-біріне тең талғамсыздық қисықтарының барлық жанасу нүктелерін қосады. Барлық тиімді келісімдер жасауды сипаттайтын қисықты, яғни игіліктерді тиімді бөлудің барлық жағдайларын көрсететін қисықты келісімдер жасау қисығы деп атайды. Дәл сол келісімдер жасау қисығы екі субъектінің арасындағы игіліктердің Парето – тиімді бөлуінің графикалық сипаттамасы ретінде қарастырылады.

                Сурет 12.2 – де координат басынан дөңес орналасқан келісімдер жасау қисығы көрсетілген. Ол «Эджуорт қорабындағы» (сурет 12.1) талғамсыздық қисықтарының барлық жанасу нүктелері арқылы өтетін (3, 4, 5 нүктелері) өзімізге белгілі қисықты көрсетеді.

                         

Бұл қисықтың кез-келген нүктесі қоғамда игіліктерді бөлудің максималды пайдалылығын арттыратын Парето бойынша тиімділікті сипаттайды. Басқаша айтқанда, бұл қоғам үшін қол жетімді пайдалылық қисығы. Айталық, барлық қоғам Салтанат пен Болат деген екі тұтынушыдан құралады. 3 нүктесінен 4 нүктесіне жылжыған кезде қоғамның бір тобы үшін, яғни Болат үшін игіліктердің пайдалылығы төмендейді. Керісінше, қоғамның басқа бір тобы үшін, яғни Салтанат үшін пайдалылық артады. Бірақ қол жетімді пайдалылық қисығының қандай нүктесінде қоғамның әл-ауқаттылығы максималды деңгейге жетеді? Парето бойынша тиімділік қоғам үшін әл-ауқаттылықты тиімді бөлу туралы сұраққа жауап бере алмайды.

                Енді сурет 12.3 – ке назар аударайық.

                Қол жетімді пайдалылық қисығы (сурет 12.3) қоғамның екі мүшесі (Салтанат пен Болаттың) арасында игіліктердің Парето бойынша тиімді бөлінуі кезінде жүзеге асырылатын пайдалылықтардың барлық нұсқаларын көрсетеді. Координат басынан ойыс орналасқан біз үшін жаңа қисықтар – бұл қоғамдық талғамсыздық қисықтары, немесе әл-ауқаттылықтың теңдігін сипаттайтын қисықтар болып табылады. Қоғамдық талғамсыздық қисықтары,  жеке талғамсыздық қисықтары қоғамның әл-ауқаттылық деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі әлеуметтік топтардың пайдалылықтарының барлық комбинациясын көрсетеді, сондықтанда бұл қисықтар қоғамның бірдей қолайлы пайдалылықтарын көрсетеді.

 

 

Қоғамның әл-ауқаттылығының әртүрлі деңгейлерін сипаттайтын қоғамдық талғамсыздық қисықтарының картасы бар. Координат басынан неғұрлым алыс орналасқан қоғамдық талғамсыздық қисығы әл-ауқаттылықтың соғұрлым жоғарғы деңгейін көрсетеді. Бірақ қоғам қол жеткізе алатын әл-ауқаттылықтың ең жоғарғы деңгейін қол жетімді пайдалылық қисығының қоғамдық талғамсыздық қисығымен жанасу нүктесі ғана сипаттайды. Сонымен, қоғамның әл-ауқаттылығын максималдайтын тиімді бөлініс қоғамдық талғамсыздық қисығы мен қол жетімді пайдалылық қисығының жанасу нүктесінде орын алады.

                Қарастырылған бұл мысал таңдау мәселелерін талдау кезіндегі қолданылатын бізге белгілі талғамсыздық қисықтарының универсалды сипатын көрсетеді.

                Әл – ауқаттылық экономикасы деп біз қоғамның әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін ресурстардың автоматты түрде тиімді бөлінуіне мүмкіндік беретін механизмге жүгінетін шаруашылық жүйесін түсінеміз. Әл – ауқаттылық экономикасының теориялық негіздерін алғаш рет ағылшындық экономист Александар Пигу (1877 - 1959) енгізген.

                Қоғамдық әл-ауқаттылықты максималдау мәселесімен байланысты әл-ауқаттылық экономикасының екі теоремасы бар.

Әл-ауқаттылық экономикасының бірінші теоремасыбәсекелі тепе-теңдік жағдайында ресурстардың бөлінуі Парето бойынша тиімді бөлінеді деген қағидаға негізделеді. Яғни, егер келісім жасаушы барлық субъектілер өз пайдалылықтарын максималдай алса, онда нәтижесінде қоғамның әл-ауқаттылығын арттыратын қоғамдық тұрғыдан ресурстардың тиімді бөлінуі орындалады. Бұл теорема Парето бойынша тиімділікке жету құралын ұсынады: бұл – бәсекелік нарық механизмі. Оның көмегімен ақпарат жинау жинау және ортақ шешімдер қабылдау бойынша арнайы құрылымдар құрмай-ақ мыңдаған субъектілер арасындағы игіліктерді Парето бойынша тиімді бөлу механизмі қамтамасыз етіледі. Ол үшін игіліктерді тиімді бөлуші әрбір субъект кез-келген тауардың бәсекелі нарықтық бағасы туралы ақпаратқа толық ие болуы қажет.

Әл-ауқаттылық экономикасының екінші теоремасы игіліктердің әрбір тиімді бөлінуі тұтынушылардың тиімді таңдау нүктелерін қамтамасыз ететін игіліктер бағаларының жиынтығы кезіндегі соңғы бәсекелі тепе-теңдікті көрсетуі керек деген қағидаға көңіл аударады. Осыған байланысты екі маңызды қорытынды жасауға болады. Біріншісі, игіліктерді тиімді бөлуді қамтамасыз ету және бөлу нәтижелерінің өзі мәні жағынан - әртүрлі мәселелер дегенге негізделеді. Бұл нарық бағалар табиғатының екіжақтылығында көрінеді, ол баға біруақытта игіліктердің сиректілігін бейнелейтін аллокативтік функцияны, және осы игіліктердің сатып алыну көлемін анықтайтын дистрибутивтік (бөлу қызметін) қызметін орындайды. Екіншісі, нарықтық механизм игіліктерді тиімді бөлуді қамтамасыз ете алады, бірақ ол механизм мұндай тиімді бөлудің әділеттілігін есептемейді дегенге негізделеді. Бұл игіліктердің аса әділетті бөлінуі мақсатымен қоғамның әл-ауқаттылығын бөлу үрдісіне араласу үшін негіздеме болып табылады.

Қоғамның әл-ауқаттылығының тиімділігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік әділеттілік туралы мәселе кезінде маңызды анықтаушы нәрсе ресурстардың бөлінуінің тиімділігін қамтамасыз ету және максималды пайдалылыққа жету болып табылмайды. Айталық, келісімдер жасау қисығы (сурет 12.2) мүмкін пайдалылықтардың шекарасы болып табылады. Қисықтың бойында жатқан кез-келген нүкте тиімді бөлуді көрсетеді. Бірақ қандай нүкте әділетті бөлуд

1234
скачать работу

Жеке тепе-теңдік және экономикалық тиімділік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ