Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жеке тепе-теңдік және экономикалық тиімділік

і қамтамасыз етеді? Бұл сұраққа жауап беру үшін біз тұтынушылардың пайдалылықтарын өзара салыстыру қажеттілігін еске саламыз. Бірақ, пайдалылықты сандық жағынан өлшеу мүмкін емес (бұл мәселе бізге үшінші тақырыптан белгілі), сондықтанда, әл-ауқаттылықты тек бағалауға ғана болады және бұл бағалаулар субъективтік көзқарастарға байланысты болады.

Сонымен, әл-ауқаттылықтың тиімділігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік әділеттілік мәселесін шешуде әділеттілік критерийлері туралы ұсыныстар маңызды болып табылады. Тиімді бөлудегі әділеттілікті анықтаудың әртүрлі критерийлерін қолданудың өзі әділеттілік туралы әртүрлі шешімдерді береді және бөлудің нәтижелері де әртүрлі болады.

Әділеттіліктің эгалитарлық сипаттамасы (эгалитаризм)қоғамның барлық мүшелеріне игіліктердің бірдей теңестіріліп бөлінуіне негізделеді, бұл жағдайда әрбір азаматқа игіліктер теңбе-тең бөлінеді. Бөлудің мұндай бағыты қоғамның кез-келген мүліктік теңсіздігін жояды.

Келесі сипаттама Джон Роулстың атымен байланысты, әділеттіліктің роулсиандық сипаттамасы (роулсианство) қоғамның ең аз қамтылған мүшелерінің әл-ауқаттылығын жоғарылату кезіндегі игіліктердің бөлінуін әділетті деп санайды. Бұл бағыт қоғамның кедей топтарының әл-ауқаттылығын көтеруді қарастырады.

Әділеттіліктің утилитарлық сипаттамасы (утилитаризм)қоғамның әл-ауқаттылығына тән байланыстарды көрсете отырып, қоғамның барлық мүшелерінің жиынтық әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін кез-келген бөлуді әділетті деп санайды.

Әділеттіліктің нарықтың сипаттамасыәділеттілікті нарық орнатады және кез-келген тепе-теңдік бөлу әділетті болып табылады дегенге негізделеді. Әрине, мұндай жағдайда игіліктерді бөлуде теңсіздіктер тереңдеп кетуі мүмкін.

Бұған дейін біз тұтынушылардың арасындағы игіліктерді бөлудің тиімділігін қарастырдық. Бірақ бұл тиімділік экономиканың жалпы тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып табылады. Ол үшін өндірушілер де игіліктерді тиімді бөлумен айналысулары қажет.

Өндіріс факторларының тиімді қолданылу шарттарын қарастыру үшін тағы да «Эджуорт қорабын» пайдалануға болады (сурет 12.4).

 

Координаттардың бір-біріне қараған осьтерінде нан мен шоколадты өндірудің факторлары орналасқан. Диаграмманың әрбір нүктесі осы екі тауарды өндіруге қажетті еңбек пен капитал шығындарын көрсетеді.

                Изокванталар жиынтығы еңбек пен капитал шығындарының әртүрлі комбинациялары кезіндегі нан мен шоколадты өндірудің көлемдерін көрсетеді. Бір тауардың шығарылуын екінші бір тауарды өндіруді қысқартусыз көбейтуге болмаған жағдайда ғана өндіріс факторлары тиімді бөлінеді. Мысалы, А нүктесінде өнім өндіру тиімсіз, өйткені, боялған аудандағы өнім өндіру нұсқалары ең жақсы нәтижелерді береді. В, С және D нүктелері – шығындарды, яғни өндірісті тиімді бөлудің жолдары. Бұл нүктелерде нан мен шоколад өндірудің изокванталарының көлбеулері бірдей, және, сәйкесінше, еңбекті капиталмен технологиялық алмастырудың шекті нормалары бірдей болып табылады (4 – ші тақырыпты қараңыз). Тепе-тең нүктелерде өндірушілер өз шығындарын минималды деңгейге жеткізеді, еңбек пен капиталдың шекті өнімділіктерінің қатынастарымен олардың бағаларының қатынастары теңеседі:

 

MPl / MPk = Pl / Pk                (2)

 

                Яғни, өндіріс факторлары мына теңдік жағдайында тиімді қолданылады:

MRTSkl = Pl / Pk                      (3)

 

                Өндіріс факторларын тиімді бөлудің және қолданудың барлық нүктелерінен өтетін қисықты (сурет 12.4) өндірістік келісімдер қисығы деп атайды. Ол қолдағы еңбек пен капиталдың мөлшері кезіндегі нан мен шоколад өндірудің максималды (тиімді) көлемінің барлық комбинацияларын көрсетеді.

                Бірақ тиімді өндіру үшін тауарлар тұтынушылар төлей алатындай мөлшерде өндірілуі қажет. Сондықтанда тиімді өнім өндірудің қажетті шарты орындалу үшін алмастырудың шекті нормасы мен өндіріс факторларын технологиялық алмастырудың шекті нормалары теңестірілу қажет:

MRS = MRST                 (4)

 

Бұл экономикадағы оптималдылық жағдайды көрсетеді. Барлық тұтынушылар мен өндірушілер үшін бұл теңдіктің орындалуын қамтамасыз ету, яғни бұл барлық қоғамның әл-ауқаттылығын нақты оптималды деңгейге жеткізетін «бірінші ең жақсы бөлу» деп аталады:

 

ΣMRS = ΣMRTS               (5)

Бірақ, бұл теңдікке жету қиын: қазіргі заманғы нарық жетілмеген бәсеке жағдайында жұмыс істейді және көптеген қиындықтарға тап болады.

                Монополизм, ақпараттың жетілмегендігі, салық салудың тиімсіздігі және жетілмеген бәсекенің басқа да мәселелері ресурстардың тиімді бөлінуіне кедергі келтіреді. Сондықтанда, экономисттер «екінші ең жақсы бөлу» принципін қарастырады, яғни тиімсіз нұсқалардың ішінен ең жақсы бөлудің нұсқаларын қарастырады. Игіліктерді осылай бөлудің түрін квазиоптимум, немесе «екінші ең жақсы бөлу» деп атайды. Салық салу арқылы квазиоптимумға жетудің мүмкіндігін нан мен шоколад сияқты екі тауарды өндірудің мысалында қарастыруға болады. Айталық, нан өнімі таза бәсеке жағдайында, ал шоколад өнімі монополиялық жағдайда өндіріледі. Монополия жағдайында шоколад толық өндірілмейді және оның бағасы жоғары болады. Бұл нарықта тепе-теңдік орнамайды. Кеірісінше, нан өндірудің бәсекелі нарығында тепе-теңдік орнайды, нан аса төмен бағамен көп мөлшерде өндіріледі.

                Сонымен, тауар өндірудің тиімді көлемін қалай қамтамасыз етуге болады? Айталық, мемлекет нан өндірісіне салық енгізді, бұл нан өнімдері нарығындағы бәсекелі тепе-теңдікті бұзады. Салық салудың нәтижесінде, нан өнімі қысқарып тұтынушылар үшін оның бағасы жоғарылайды. Салықтың есебінен нарықтың жалпы тепе-теңдікке ұмтылуы нан өндірісіндегі ресурстардың бір бөлігін шоколад өндіру нарығына ағылтады. Монополизмге қарамастан, шоколад өндірісі едәуір кеңейеді және оның бағасы да біршама түседі. Нәтижесінде екі нарықта да жаңа тепе-теңдік бөлініс, квазиоптимум орнайды. Бұл шоколадтың толық емес өндірілуінің орнын толтырады және нан өнімі нарығындағы бәсекелік тепе-теңдік бұзылады. Бірақ бұл квазиоптимумдік тепе-теңдік басқа балама нұсқаларға қарағанда ең жақсы екінші тиімділік болып табылады. Квазиоптимум теориясының басты идеясы мынаған сүйенеді, яғни бір нарықтағы бәсекелі тепе-теңдіктен бас тарту арқылы басқа нарықтағы өндіру мен бөлу тиімділігін қалпына келтіру, мұндай жағдайда нарықтық жүйе тұтас алғанда балансталады.

 

                Қорытынды.

  1. Жеке салалық нарықта қалыптасқан тепе-теңдікті жеке тепе-теңдік деп атайды. Ал барлық нарықтарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын жалпы тепе-теңдік деп атайды.
  2. Жалпы нарықтық тепе-теңдік – бұл барлық тауарлық топтар бойынша нарықтардың бір уақытта тепе-теңдікке жетуін және экономикадағы барлық субъектілердің шектеулі ресурстар жағдайында өз мақсаттарын арттыруды сипаттайтын экономикалық жүйенің жағдайы.
  3. Жалпы тепе-теңдік теориясы бәсеке жағдайында экономикалық реусурстардың тиімді бөлінуіне және экономикалық субъектілердің өз мақсаттарын жүзеге асыруларына негіз болып табылады.
  4. Жалпы тепе-теңдікті талдау кезінде бәсеке жағдайында барлық нарықтар (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығы) өзара тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі. Бұл нарықтар бір – бірімен кері байланыста жұмыс істейді.
  5. Ресурстарды тиімді қолдану - сол ресурстарды тиімді пайдалану жолында ең жақсы нәтижеге жету, сонымен қатар, ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмау және ешқандай пайданы жоғалтпау.
  6. Парето бойынша тиімділік орын алу үшін нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші бір субъектінің жағдайын төмендетпей жақсарта алмағанда ресурстар мүмкіндігінше тиімді бөлінуі тиіс.
  7. Әл-ауқаттылық экономикасы экономикалық оптимум моделін жасаумен және экономикалық жүйенің тиімділігі мен ресурстарды тиімді бөлудің әділеттілігі арасындағы арақатынастың мәселелерін шешумен айналысады.
  8. Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдауда «Эджуорт қорабы» моделі қолданылады. Ол тұтынудағы айырбас тиімділігін және өндірістегі ресурстарды бөлудің тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
  9. Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдайтын тиімді бөлініс қоғамдық талғамсыздық қисығы мен қол жетімді пайдалылық қисығының жанасу нүктесінде орын алады.
  10.  Қоғамның әл-ауқаттылығының тиімділігін максималдау кезінде нарықтық механизм ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз ете алады, бірақ тиімді бөлінудің әділеттілігін есеп
    1234
    скачать работу

    Жеке тепе-теңдік және экономикалық тиімділік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ