Жеке тепе-теңдік және экономикалық тиімділік
Другие рефераты
Бұған дейінгі тақырыптарда экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері нарықтардың бір-бірінен тәуелсіздігі тұрғысынан қарастырылды. Бұл жағдайда олардың қабылдайтын шешімдері автономды әрекет етуші нарықтардың нәтижелері болып табылады, ал олардың тепе-теңдік жағдайлары тек оған әсер ететін факторлардың әсерінен жүзеге асырылады. Бұл жағдайдағы тепе-теңдік мәселелері бір ғана тауардың немесе саланың, яғни жеке тепе-теңдік тұрғысынан қарастырылады.
Жеке тепе-теңдік– бұл жеке алынған нарықтың тепе-теңдігі, ол осы нарыққа қатысушы субъектілердің өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, және бұл жерде сол субъектілердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге деген ынталары болмайды.
Жеке нарықтық тепе-теңдік нарықтық экономиканың әрекет ету сипаты туралы шектеулі ғана түсінік береді, яғни өзінің табиғаты бойынша толық емес болып табылады. Біріншіден, ол нарықтардың арасындағы өзара байланыстарды және олардан туындайтын салдарларды сипаттамайды. Екіншіден, бұл жерде кез-келген нарыққа тән кері байланыс есепке алынбайды. Үшіншіден, жеке тепе-теңдік нарық субъектілерінің бір уақытта қабылдайтын шешімдерінің көптүрлілігін есепке алмайды.
Бірақ, микроэкономикада жалпы тепе-теңдік деген ұғым бар, яғни барлық нарықтық жүйенің тепе-теңдік жағдайы, бұл барлық нарықтарда (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығында) тепе-теңдіктің бір уақытта орындалуы деп түсіндіріледі.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделінің көмегімен нарықтық жүйедегі барлық нарықтардың өзара байланыстылығы мен әрекеттілігі зерттеледі. Нарықтар вертикалды түрде байланысуы мүмкін, яғни бір саланың өнімі басқа сала үшін өндіріс ресурсы болып табылса, сондай-ақ нарықтар горизонталды түрде байланысуы мүмкін, егер бір саланың өнімі басқа саланың өнімін тұтыну кезінде ауыстырса немесе толықтырса. Мұндай әрекет етудің түрін кері байланыс әсері деп атайды. Кері байланыс әсері дегеніміз бұл жеке бір нарықтағы жеке тепе-теңдік шарттардың (сұраныс пен ұсыныстың) өзгеруі басқа бір нарықтағы тепе-теңдікті бұзуы, ал ол нарық өз кезегінде жаңа тепе-теңдікке ұмтыла отырып бірінші нарықтың тепе-теңдік жағдайының нәтижесіне әсер етеді. Осыған байланысты, бір нарықтағы жағдайдың өзгеруі екінші бір нарықтағы баға мен өндіріс көлеміне әсер етуі және ол жағдайдың керісінше орын алуы мүмкін. Сондықтанда жеке тепе-теңдік негізінде алынған талдау нәтижелері өзгерістер туралы жеткілікті түрде сипаттама бере алмайды. Яғни, экономикалық іс-әрекеттердің заңдылықтарын зерттеудің аса жоғарғы дәрежесі ретінде жалпы нарықтық тепе-теңдіктің шартын анықтау, яғни нарықтардың барлық жиынтықтарын тепе-теңдік жағдайға келтіру механизмін талдаудың қажеттілігі туындайды.
Микроэкономикада барлық тауарлық нарықтар бір жағынан, ресурстар нарығымен байланысты, ал екінші жағынан, ресурстардың көмегімен өндірілген игіліктерге деген сұраныспен байланысты. Шындығында, еңбек нарығы мен төлем қабілеттілігі бар сұраныс тауарлар мен қызметтер нарығын байланыстырады: егер бір тауарға сұраныс өссе, онда басқа бір тауарға деген сұраныс қысқаруы мүмкін. Бұл ресурстар нарығына да байланысты, әсіресе, бұл құбылыс әртүрлі мамандықтар бойынша сипатталатын еңбек нарығына тән. Жалпы тепе-теңдік моделінің көмегімен жекелеген нарықтардың бір-біріне қалай әсер ететіндігі туралы қарастыруға болады.
Жеке төрт нарықты алып қарастырайық: технологиялық жағынан бір-біріне байланыссыз екі салалық нарық, мысалы, тұрғын үй нарығы мен автомобильдер нарығы, сондай-ақ, еңбек нарығының екі түрі – құрылысшылар нарығы мен автомобиль құрастырушылар нарығы. Барлық нарықтар тепе-теңдік жағдайда деп ұйғарамыз.
Айталық, экономикада құрылыс қарқыны басталды: тұрғын үйге сұраныс күрт өсті, бұл құрылысты арттырады және құрылысшыларға деген сұранысты да арттырады. Тұрғын үй нарығындағы сұраныстың артуы мен бағаның өсуі автомобиль нарығындағы сұранысты төмендетеді. Бұның салдарынан, автомобиль құрастырушылардың еңбегіне деген сұранысты төмендетеді, яғни олар енді біртіндеп жалақысы өскен құрылысшылар нарығына ағыла бастайды. Сонымен, қарастырып отырған нарықтарда келесідей параметрлер орын алады. Тұрғын үй құрылысы нарығында сұраныс өсті және бағалар да өсті. Осыған байланысты еңбек нарығының сегментіне, яғни құрылысшыларға сұраныс та, жалақы да өсті. Ал автомобиль нарығында сұраныс төмендейді және жалақының да төмендеуі байқалады.
Бағаның өсуінен құрылыс фирмаларының ұсынысы кеңейеді. Жұмыс уақытының артуынан және басқа салалардан жұмысшылардың келуі есебінен құрылысшылардың еңбегіне де ұсыныс өседі. Ал автомобиль нарығында баға төмендегендіктен өндірушілер өндіріс көлемін қысқартады. Міне бұл нарықтарда осындай жаңа тепе-теңдіктің параметрлері орнайды. Бұл жағдай құрылыс қызметі нарығындағы өскен ұсыныс өзінің сұранысын толық қанағаттандырғанша, және баға тепе-теңдіктен төмендегенше дейін жалғаса береді. Керісінше, енді автомобиль нарығындағы төмендеген ұсыныс пен төмен бағалар келесі жаңа кезеңде сұранысты арттырады және сәйкесінше, автокөліктің бағасын өсіреді. Сондай-ақ, автомобиль құрастырушы мамандарға деген сұраныс та арта бастайды. Нәтижесінде қарастырылып отырған нарықтар қайтадан бастапқы тепе-теңдік жағдайға қайтып келеді. Сұраныс, баға және ұсыныс жалпы тепе-теңдіктің жаңа параметрлері орнағанша дейін кері бағытта өзгере береді.
Сонымен біз трансакциондық шығындар орын алмаған кездегі жетілген бәсеке жағдайындағы жалпы тепе-теңдік орнауын қарастырдық. Бірақ, нақты өмірде нарықтың тұрақтылығын ұстап тұру қиын немесе мүмкін емес. Жалпы тепе-теңдіктің қарастыратын басты мәселесі мынада, яғни бәсекелі экономикалық жүйе барлық ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз ете ала ма, сонымен қатар әрбір субъект өзінің экономикалық мақсаттарына жете ала ма деген мәселелерді қарастырады. Бұл идеяны, яғни жалпы тепе-теңдік теориясын алғаш рет швейцар экономисі Леон Вальрас (1834 - 1910) ашқан. Ол өзінің белгілі «аукционист моделі» арқылы жалпы тепе-теңдікті белгілі бір қағидаларға сүйене отырып сипаттайды. Оның моделі тепе-теңдікке жету механизмін трансакциондық шығындардың қатысынсыз сипаттайды, бұл модельде уақыт факторы ескерілмейді, яғни нарықтық келісімдер бірден немесе қас-қағым сәтте тек дайын тауарларға жасалады. «Аукционист» Адам Смиттің «көрінбейтін қол» моделі сияқты толық нарықтық ақпаратқа ие бола отырып, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыратын бағалар жиынтығын іздейді. «Аукционист» - бұл нарықты тиімділікке жетелейтін автоматты өзін-өзі реттеу механизмі.
Л. Вальрастың «аукционист» моделі де, А. Смиттің «көрінбейтін қол» әрекеті де (бұл 1776 жылы пайда болған идея) нарықты жалпы тепе-теңдікке бағыттайтын күш ретінде сипатталады. Бұл итермелеуші күш – пайдаға ұмтылу, әрбір жеке кәсіпкерді өз пайдасын максималдауға мәжбүрлейтін бәсекелік күрес деген сөз. Бәсекелі өндіріс нәтижесінде кәсіпкерлер барлық қоғамның мүдделері үшін әрекет етеді. Бірақ, бұл ресурстарды тиімді қолдану кезінде ғана болуы мүмкін. Ресурстарды тиімді қолдану деп біз сол ресурстарды тиімді пайдалану жолында ең жақсы нәтижеге жету дегенді түсінеміз, немесе, басқаша сөзбен айтқанда, ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмау және ешқандай пайданы жоғалтпау деген сөз.
Тиімді өндірістің шарты болып ресурстарды тиімді бөлу табылады. Сәйкесінше, бәсеке ресурстарды тиімді бөлудің табиғи стимулы және ұйымдастырушысы болып табылады.
Адам Смиттің идеяларын әріқарай өңдеген итальяндық экономист Вильфредо Парето (1848 - 1923) болды. Ол ресурстарды тиімді бөлудің критерийін анықтады: нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші бір субъектінің жағдайын төмендетпей жақсарта алмағанда ресурстар мүмкіндігінше тиімді бөлінеді деп санады. Мұндай тиімді бөлуді Парето – тиімді бөлу деп атайды. Сонымен, нарық тиімділігінің критерийі Парето – тиімділік болып табылады.
Парето бойынша ресурстарды бөлудің тиімділігі қоғамдық пайдалылықты максималдауға тырысатынын айтқан маңызды, бұл аса маңызды критерий болып табылады.
Бірақ қоғамның әл-ауқаттылығы қалай максималды деңгейге жетеді? Бұл әл-ауқаттылық экономикасының неоклассикалық теориясының басты сұрақтарының бірі. Әл-ауқаттылық экономикасы теориясының пәні экономикалық оптимум моделін жасау және экономикалық жүйенің тиімділігі мен ресурстарды тиімді бөлудің әділеттілігі арасындағы арақатынастың мәселелерін шешу болып табылады. Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдаудың мүмкіндіктерін зерттеуде «Эджуорт қорабы» деген модель (сурет 12.1) қарастырылады. Бұл модель екі субъектінің пайдалылықтарын сипаттайтын диаграмма болып табылады және ол экономикалық иігіліктердің т
| | скачать работу |
Другие рефераты
|