ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ
Другие рефераты
Республикамыздың егемендігін құрметтеу, ұлттық тіл мен мәдениеттің қарқынды дамуын қамтамасыз ету, саяси қайраткерлердің жергілікті тұрғындар арасынан жоғарылауына кедергі жасамау талаптарымен 1986 жылы желтоқсан айында Алматыдағы Республика алаңына халық жиналды. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастар еді. Олар орталық өкілдерін маңызды мәселелерді шешуде жергілікті билік органдарымен есептесуге шақырды. Жастар ойындағысын толық айтып қалуға тырысты. Мәскеудегі орталықтың жергілікті халықпен санаспастан Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбинді тағайындауы көтерілістің басталуына түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертең 300-дей адам жиналған алаң кешке 20 мыңға толды.
Қазақстан астанасына ІІМ-нің арнаулы әскері жіберілді. 18 желтоқсан күні алаңға әскери училищенің бөлімдері енгізілді. Орталық комитеттің үйі қоршалды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті шекара училищесінің курсанттары да әкелінді. Митингіге шыққан халықты ұстап, жазалай бастады. Олардың біразы арнаулы орындарға, тергеу изоляторларына қамалды. Көтерілісшілерге қарсы сапер күректері қолданылып, үйретілген иттер жіберілді.
Көтеріліске «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, оған қатысқандар қуғын-сүргінге ұшырады. 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаланды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірнешеуі қаза тапты. Олардың қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар еді.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Желтоқсан оқиғасының барлық шындығы ашылып, ол жөнінде жинақтар, кітаптар жарық көріп, кинофильм түсірілді.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|