Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ТӘУЕЛСІЗДІК



 Другие рефераты
ТЫҢ КӨТЕРУ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ БӘЙТЕРЕК Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық. Ата-бабаларымыз сонау көне түркі заманынан ХҮІІІ ғасырдың бел ортасына дейін өз билігі өзінде болып, дербес мемлекет ретінде тіршілік етіп келді. 1731 жылы алдымен Ресейге тақау тұрған Қазақстанның батыс өңірлері, кейінірек басқа аймақтары Ресейдің бодандығына кірді. Содан бері қазақ даласын орыс отаршылдығының билеп-төстеуі басталды. Бірақ намысты ата-бабаларымыз осы отаршылдыққа қарсы сан көтеріліске шықты. Олардың ішіндегі ірісі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс еді.

ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі өрістеді. Ол тарихқа «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Дулатов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ сиездерінде «Алаш» партиясын және Алаш автономиясын құрды. Кеңес үкіметінің орнауы бұл шын мәніндегі мемлекеттік құрылымның қалыптасуына мүмкіндік бермеді. Сөйтіп халқымыз кеңес үкіметінің құрамында алдымен автономия (1920), кейінірек одақтас республика (1936) болып енді.

Өткен ғасырдың соңына таман кеңес үкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздің жөніндегі декларация қабылданды, ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа мойындату үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл үлкен ұлттар, егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы орын алса, қазақ халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді. Тәуелсіздіктің арқасында біз өз саясатымызды еркін жүргізіп, мемлекет мүддесіне орай саяси, халықаралық, экономикалық байланыстарымызды дамыту үстіндеміз. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи ресурстары еліміздің әлеуметтік өркендеуіне бастап келеді. Осының бәрі тәуелсіздік тұсында қол жеткен табыстар.

скачать работу


 Другие рефераты
Нетрадиционные уроки в начальной школе
Дарвин Чарльз Роберт
Сила трения. Коэффициент трения скольжения
Абсолютизм в России


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ