Жер экожүйесіндегі адамзат
Другие рефераты
Дәріс мақсаты: Адамзатқа табиғатта популяцияда болып жататын барлық экологиялық құрылыстар және жағдайлар туралы түсінік беру.
Тақырып сұрақтары:
1. Адамның принципиалды экологиялық ерекшеліктері.
2. Биоәлеуметтік түр дегеніміз не?
3. Адамзат алдындағы глобальды мәселе.
Адам – жер бетіндегі белгілі болып отырған 3 млн. биологиялық түрдің бірі болып саналады. Ол орны жануарлар дүниесі жүйесінен орын алған:
Сүтқоректілер класы, приматтар отряды, гоминад тұқымдасы, адам туысы, қазіргі уақытқа дейін тек қана бір ғана түр – саналы адам (Нотто sapiens) сақталған.
Адамның биологиялық табиғаты барлық тірі дүниеге бағытталған және өзінің көбеюіне және ұрпағын өсіру мен тәрбиелеуге, оларға максимум қауіпсіздік жасауға, өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл жағдайларды жүзеге асыру адамның өзін қоршап тұрған ортасымен тікелей байланысты.
Адамзатқа табиғатта, популяцияда болып жататын барлық экологиялық құбылыстар мен жағдайлар әсер етеді. Бұл адамдардың популяциядағы барлық биологиялық түрлерге ұқсастығын көрсетеді.
Популяциядағы басқа да биологиялық түрлерден адам баласының ерекшеліктері де басым, оларды табиғатпен экологиялық байланыстарынан және оларды жүзеге асыру барысындағы атқарылатын формаларының ерекшеліктерінен көруге болады.
Осылайша, адамның басқа биологиялық түрлермен ұқсастығы оның биологиялық шығу тегіне, биологиялық заңдылықтар жүзеге асатын табиғатына байланысты. Ал олардың экологиялық айырмашылығы оның адамдар қоғамының яғни, қоғамдық және әлеуметтік заңдылықтар жүзеге асырылатын қоғамда өмір сүруінде. Бұл екі құбылыс ғаламшарда жалғыз ғана биоәлеуметтік түр болып саналатын, тек адамзатқа ғана тән құбылыс.
Өзінің шығу тегіне, құрылысына және ағзаның атқарар қызметіне байланысты адам Жер бетіндегі басқа тіршілік иелерінен сапалық жағынан экологиялық байланыстарына қарай ерекшеленеді.
Адамның принципиалды экологиялық ерекшеліктері: келісілген қоғамдық іс-әрекетке негізделген айқын әлеуметтілік, ерекше энергиялық қарулану және әртүрлі еңбек құралдарын жан – жақты пайдалану. Бұл ерекшеліктер жер бетіндегі тірі ағзалар үшін табиғатпен әлеуметтік – экологиялық өзара байланысты тудырады, ал адамның өзі ерекше биоәлеуметтік түр болып табылады.
Құралдарды қолдану мен жасаудың экологиялық нәтижесі және отты пайдалану ертедегі адамдардың эмансипациясында ортаның абиотикалық факторлары әсер еткен сапалы жаңа сатысы болады, сондай-ақ өзінің әлеуметтік байланыстарын басқару мен жасырын энергиясын меңгерудегі ерекшеліктері. Осының бәрі адамның табиғатқа басшылық етуге жағдай жасайды.
Саналы адамның шығуына байланысты адамзаттың сапалық қасиеттері де өзгерді. 40 – мың жылдан астам уақыт аралығында әлеуметтік – экологиялық деп дамып келеді. ХХ ғасырдың аяғында экологиялық жағдайлар кризиске ұшырап, адамзатқа жалпы қауып төнді – бұл адамзат алдында глобалды міндеттер қойды.
Экологиялық демография
Адамның саны мен популяциядағы структуралық өзгерісін демография зерттейді.
Адам өзінің демографиялық үрдісіне әсер етуші факторлардың әсерін түзетіп отырады. Адам баласы энергияны қолдана отырып, тамақтанудың түрлі жолдарын тауып, сапасын өсіру нәтижесінде, сонымен қатар түрлі құрал жабдықтарды өз қолымен жасау негізінде және қоғамдық өмірге үрене жүріп, өзін және өзінің ұрпағын сырттан келетін түрлі келеңсіз жағдайлардан, жыртқыш аңдар шабуылынан, климаттың кері әсерлерінен, түрлі аурулурдан сақтану жолдарын тапты.Осыдан кейін ғана жер бетіндегі тұрғылықты халықтың саны өсіп, өмір сүру ұзақтығы артты және өлуге қарағанда (әсіресе, балалар арасындағы) туудың өсуіне байланысты халық саны да өсе бастады.
Адам санының өсуінің дәлелдейтін мына фактілерді қарастырайық: 1830 жылдар айналасында адамзат баласы өздерінің ең алғашқы миллиард санын белгіледі, ал екінші миллиардты — 100 жылдан кейін (1939 ж.), үшіншісін – 20 жылдан кейін (1960 ж.), төртіншісін – 15 жылдан соң (1975 ж.), бесіншісін – 12 жылдан кейін (19897 ж.) атап өтті.
1994 жылы жер бетінде 5,5 млрд. адам тұрады деп саналған. 2000 жылы олардың саны – 6 млрд. адамға жетті. Тек саналы және сауатты түрдегі демографиялық саясат қана жер бетіндегі адамдар қонысын реттеу проблемаларын шеше алады.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Неліктен адамды биоәлеуметтік түр деп атайды?
2. Адамзат демографиясының экологиялық ерекшеліктері неде?
3. Адамның демогарафиялық болашағы қандай?
Тапсырма (жазбаша орындалады):
1. Адам баласының толық жеңген және оның толық бақылауындағы ауруларды атаңдар. Қандай аурулар әлі де болса, адамдар арасында жоғары деңгейдегі өлім шығынына әкеліп соғады? Қандай соңғы шыққан ауруларға дәрі әлі табылған жоқ?
2. Адам тамақ ресурстарының жетіспеушілігін қандай жолдармен жоя алады және өз өмірінде әлеуметтік-экологиялық жағдайын қамтамасыз ете алады?
3. Дамушы елдерге көмек көрсетуші қандай халықаралық ұйымдарды білесіңдер? (сызбаны құру).
4. Отбасы құру бағдарламалары қандай формаларда жүзеге асырылады?
5. ХХІ ғасырдағы бүкіл дүниежүзілік экологиялық міндеттердің мақсаты қандай және олардың қандай жолдармен жүзеге асырылуда? (Сөзжұмбақ құрастыру.)
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Әдебиеттермен жұмыс.
Негізгі әдебиеттер: (12, 16)
Қосымша әдебиеттер: (22, 23).
| | скачать работу |
Другие рефераты
|