жылкы ауруы
лмайды. Қуықты жуып тазарттым,оған антибиотиктер, азот қышқылды күміс (0,1 процент), риванол (1:1000), 0,25-0,5 проценттік ляпаис ерітіндісін ектім. Микрофлораны күрту үшін қуық ішіне дезинфекциялағыш заттар жібердім. Сонымен негізгі ауру емделді.
Сақтандыру шаралары. Қуыққа катетер жібергенде және оның ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда асептикалық және антисептикалық ережелерді қатаң орындадым. Қабыну қоса қабат келетін, жүқпалы аурулардың сол сияқты бүйрек, несеп жолы, үріп өзегі, жыныс мүшесі жүйелері ауруларының пайда болуына жол берілмеді.
Ветеринария ғылымының кандидаты Нұралиев Сайрамбек, мал дәрігері Солвьёва Полина студенттерге нұсқау беріп, басшылық жасады.
Техника қауіпсіздігі
— Операция бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасалуын, жиналуын дұрыс қадағалау керек.
— Мал мен жануарларға операция жасау кезінде оларды бекемдеу әдістерін дұрыс ұйымдастыра білу керек.
— Фармакологиялық дәрі- дәрмектерді қолдану кезінде мұқиат болу керек.
— Асептика және антисептика ережелері иен тәртіптерін қатаң сақтау қажет.
— Операция бөлмесі кең, күн сэулесі жақсы түсетін, терезелері солтүстікке қараған, шаң, шыбын-шіркей кіре алмайтын, едені су өтпейтін материалдардан төселген және күнделікті дезинфекция жасауға ыңғайлы болуы керек.
— Мамандардың стерильді халат, телпек, алжапқыш тағы басқа арнайы киімдері болуы қажет.
— Хирургиялық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану керек.
— Пышақ-скалпельдер, қайшылар, аралар істен шықпаған, сапалы, өткір болуы керек.
Қорытынды
Қорыта келгенде қуық жүйесінің ауруларын болдырмау үшін, ауруды тудыратын себептерді жойып, дер кезінде асқындырмай емдеу керек. Мысалы: жіті нефритті емдеу үшін күн сайын терісін сылап — сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әр түрлі өсімдіктердің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі, ет қоректілерге сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері беріледі. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады.
Сонымен қатар, бүйректе нәрдің жетіспеуіне апарып ұрындыратын заттардың мал организіміне еніп кету мүмкіндіктеріне жол бермеу қажет және іріңді процестер қоса қабат келетін аурулардың алдын алады. Урологиялық шараларды қолданған кезде, әсіресе қуыққа катетер жібергенде және қуықтың ішін цистокоппен қарағанда, сол сияқты малды қолдан ұрықтандырғанда антисептикалық ережелерді қатаң орындау қажет.
Қуық — зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты үш бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Оның ортаңғы қабаты сақина бағытты, ал ішкі және сыртқы қабаттары бойлама еттерден құралады. Қуық бос болған кезде оның қабырғасының қалыңдығы 1,5 см, ал ол зәрге толып, керілген кезде -2-3 мм-ге дейін жұқара созылады. Бірыңғай салалы ет талшықтарының ерекше кернеуді өзгертпей жиырылатын қасиетімен байланысты зәр көп жиналып, қуық қанша керілсе де, оның ішіндегі қысым аса көп көтерілмейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кононов » Ветеринарлық анықтама «.
2. Ілиясов Б.К «Алғашқы ветеринариялық жәрдем» Алматы 2001 ж
3. Мүрәлінов Қ.Қ. » Оперативтік хирургия» Алматы 2006
4. Т. Несіпбаев «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы 2005
5. М.Молдағұлов «Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары» Алматы 1993
6. Ж.Бердімұратов «Ірі қара аурулары» Алматы Қайнар 1976
7. Магда И.И., Иткин Б.З., Воронин И.И.» Оперативная хирургия с основами топографической анатомии.» М. Колос, 2003
8. Магда И.И., Воронин И.И.» Обезболивание животных» М. 1974.
9. Оперативная хирургия лошадей. М. 2001 г.
10. Пульняшенко П.Р. » Анестезия собак и кошек » М, 2000 г
11. Лебедев А.В., Липовский К.А. » Общая ветеринарная хирургия » М, 2000 г.
12. Шакалов К.И и другие » Частная ветеринарная хирургия» М, 2000 г.
13. Виденин В.Н « После операционное гноиное воспалительные осложнение у животных» Л, 2000 г.
| | скачать работу |
жылкы ауруы |