Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

аналардьщ типтік жобаларында азоттың шала тотығы мен оттегін орталықтандырып беру қаралған. Оттегі тікелей сырқат төсеғіне әкелінген, ал медициналық қызметкерлер баллонның ішіндегіні, олар-ды тасымалдау мен ауыстырылып түруын қадағалаудан босатылған. Газдың шығыны да азайды.
Қазіргі өнеркәсіп орындары газдарды орталықтанды-рып беруғе арналған станциялардың екі типін: автомат-ты басқару станциясын және қолмен басқару станция-сын (ҚСС-2) шығарды.
Бірқатар ауруханаларда газ берудің неғүрлым қазір-гізаманғыжүйесі бар. Бір оршындағы қондырғылар «М» белгісі бар және көк түске боялған біркатар улкен оттегі баллондарынан түрады, себебі тек медициналық оттегі-ні пайдалануға болады. Олар күннің тікелей түсетін сәулесінен қорғалған, бөлек тұратын немесе аурухана
үйінің сырт жағына (қабырғалас) орнатылған металл шкафта сақталады және темір қапсырмамен қабырғаға мұқият бекітіледі.
Оттегі орталықтандырмай берілетін ауруханаларда баллондарды сенектерде, жертөлелерде, палаталарда ор-натады. Мұидай жағдайда өртке қарсы және хауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда қиыншылықтар туады.
СЫРҚАТТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ
ТӨСЕК-ОРНЫНЫҢ САЛЫНУЫ
Сырқат ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орны ьщғайлы әрі таза бо-луының маңызы зор. Жуып, дезинфекциялауға одай болу үшін кереует никелденген немесе майлы сырмен сырлан-ған және оның үстіне сырқат өзін еркін сезінуі үшін оның бойына сай болуы тиіс. Сырқатқа кезкелген жағы-нан жақындау оңай болуы үшін кереуеттердің арақа-шықтығы кемінде 1,5 м болуы керек. Кереуеттің бас жа-ғы қабырға жақта тұруы тиіс. Кереуетті жылжытып тұру үшін оның аяғында шағын доңғалақтар болуы қа-жет. Кереуетті арнайы тағандардың көмегімен де орьш ауыстырып қоюға болады, оларды кереуеттің басы мен аяқ жағына бекітеді, бүл әдіс кереуепі еденнен біршама көтеріп, жеңіл орын ауыстырып қоюға мүмкіндік бере-ді. Кереуетті осылайша қозғау тәсілі сырқатты мазала-майды.
Кереуеттің торы мен матрац асты төсеніші болады. Матрац үстіне ақ жайма салады, оның жиырылып неме-се бүктеліп қалмауы үшін шеттерін матрацтың астына тығады. Жастықтарды тіке және астыңғысы (қүс жүні) үстіңгіден (жүн) шығып тұрғандай, ал үстінгісі кереует-тің басқы арқасына тірелетіндей етіп саладьь Жастық-тарға ақ тыс кигізіледі. Қөрпенің бәйкеден жасалғаны дұрыс, себебі ол жақсы желдетіліп, дезинфекци5іланады. Жазда сырқатқа мата көрпелер жамылуына боладьь Оған сейсеп кигізіледі.
ТӨСЕК-ОРЫН ЖАПҚЫШТАРЫН ЖӘНЕ ІШҚІ КИІМДЕРДІ АУЫСТЫРУ
Төсек-орын жапқыштарын гигиеналық ваннаға түс-кен ооң бір аптадан үзартпай ауыстыру керек. Қажет болуын-а қарай қосымша да ауыстырылады. Бөлімшеде төсек-орын жапқыштарының бір тәулікке жететін қоры болуы тиіс. Жапқыштарды орталық жылыту радиатор-ларына кептіріп, сырқатқа қайтадан беруге болмайды. Қірлёген жапқыштарды клеенка қаптарға салып, дереу палатадан әкету керек. Жуылатын жерге жіберілгенше кір киімдерге арналған бактарға немесе жәшіктерге са-лынып арнайы бөлінген бөлімде сақталынады. Төсек-орын жапқыштарын (әсіресе ауыр науқастардың) ме-йіркеш кіші мейіркеш көмегімен ауыстыру керек. Мейір-кеш күн сайын ертемен кіші мейіркештің кірлеген жапқыштарды тапсырып, лсаңасын алғанын қадағалауы керек.
Сырқат жай-күйіне қарай төсек-орын жапқыштарын ауыстырудың түрліше тәсілдері болады. Егер сырқат жүріп-тұратын жағдайда болса, онда ол төсек-орын жапқыштарын кіші мейіркеш көмегімен өзі ауыстырады. Егер сырқаттың басын көтеруіне рұқсат етілсе, кіші мейіркеш оны орындыққа отырғызады да, ақ жаймасын өзі ауыстырады. Төсек тартып жатқандардың ақ жай-масын ауыстыру анағұрлым қиын, Ол үшін кірлеген ақ жапқышты бас және аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп^ белі тұсынан жайлап шығарып алады. Бинт тәрізді екі жағынан ораған таза ақ жайманы домалатьш, жайлап сырқаттың сегіз көзіне жақындатады, ал содаң кейін басы мен аяғына қарай түзетеді. Ақ жайманы басқа да тәсілмен ауыстыруға болады: сырқатты төсектің шетіне қарай жылжытып, кір жапқышты ұзына бойына бинт^ тәрізді орайды да оның орнына тазасын төсейді, содан кейін сырқатты қарама-қарсы жағына жылжытып, екін-ші жағынан кір жапқышты шығарып алып, тазасын (2-сурет); жаядьг^
Төсек-орын жапқышын әдетте екі адам сырқатқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады.
Ауыр науқастың іш киімін ауыстыруда (3-сурет) ме-йіркеш қолдарын сырқаттың сегіз көзі астынан көйлек-тің.етегін қымқыра ұстап, оны жайлап басына қарай ысырады, содан кейін сырқаттың екі қолын көтеріп» мой-нына жиналған көйлекті басынан шығарады. Осыдан кейін ОБЫҢ қолдарын босатадьь Сырқатты осы әдіске
керісінше тәртіппен киіндіреді: алдымен көйлектің жеңін кигізеді, содан кейін оны басынан өткізіп, түзетіп кигі-зедһ
Ауыр науқастар үшін, мысалы миокарданьщ инфарк-тысына арналған арнайы көйлектер тез киіліп шешіледі. Егер сырқат қолы жарақаттанған болса, алдымен кейлекті сау қолынан шығарады. Ал кигізерде керісінше: алдымен ауру қолынан, содан кейін сау қолынан өткі-зеді.
ТЕРІНІ КҮТУ ЖӘНЕ ОЙЫЛҒАН ЖЕРГНЕ пФК ^&Н^ ИРО^ШІАКТЯКА ЖАСАУ
Сырқатты, әсіресе ауыр науқастарды күтуде тері кү» тімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен тұтасты-ғы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жүмсақ-тығы мен серпінділігін сақтау үшін май және тері безде-рі функциясының маңызы зор. Алайда май мен тер терінің бетіне жинальш, оны кірлетеді. Маймен, термен бірге теріге шаң, микроорганизмдер де жиналады. Тері кірлеуінен ол қышиды, одан сызылған (терінің тырнал-ған жері), қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің түтастығы бұзылады. Бұл, өз кезегінде, терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына кө-мектеседі. Осыған байланысты мейіркеш сырқаттың же-ке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және
оларға теріні таза сақтау жөніндегі қажетті әрекеттерді орындауға көмектеседі.
Мейіркеш өз аяғымен жүрген сырқаттың төсек-ор-нын, жапқыштары мен іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу графигін жасап орындауы тиіс. Төсек тартып жатқаң сырқаттарды камфора-спирті бар ерітіндімен дезинфекциялап күнделікті сүрту қажет, ері-тіндіні қолдану алдында қыздыру керек. Ерітіндісі бар ыдысты ағып жатқан ыстық судың немесе орталық жы-лу беру батареясына қояды. Егер белімшеде мұндай ері-тінді болмаса, оны өздері жасауына болады: 0,5 л жылы суға 1—2 ас қасық сірке суын, иіс су немесе спирт қоса-ды. Егер бөлмеде бұл да табылмаса, теріні жылы сумен сүртуге де болады.
Сырқаттың терісін сүрту үшін сүлгінің бір шетін де-зинфекциялайтын ерітіндіге малып, жайлап қысады да онымен мойынын, құлағының сыртын, арқасын, кәкірек клеткасының алдыңғы жағын және қолтық астын сүрте бастайды. Әсіресе емшек бездері астындағы қыртыска ерекше назар аударған жөн, себебі толық және өте тер-легіш әйелдердің сол жерлері иістенуі мүмкін. Содан кейін теріні осы тәртіппен құрғата түседі. Легенді төсек-ке қойып сырқатты аптасына 1—2 рет жуады, содан ке-йін қажетіне қарай тырнағын алады.
Күтімі нашар болып, организм күрт әлсірегеңде де-ненің қысым түскен жері ойылады.
Ойылған жер дегеніміз үстіңгі, ал кейде, тереңдеп жайыла түсетін беткі тканьнің (терінің, тері астындағы клетканың шырышты қабықтың) жансыздануы. Ойылған жерлер әдетте сегізкөздің, жауырынының, үлкен үршық-тық, шынашақтың тұсынан пайда болады. Ойықтың үл-кеюінің негізі — сырқаттың қиын жағдайда жатып, қан айналымының бұзылуы.
і Ойықтың бірінші белгісі — терінің бозарзып, содан К0ЙІНГІ қызаруы, ісінуі мен эпидермистің сыдырылуы; оДан әрі терінің үлбіреуі мен шіруі. Ауыр жағдайларда т№ жұмсақ ткань ғана емес, шеміршек пен сүйек те жан-сі|ізданады. Оған инфекцияның енуі сепсиске алып келе-діІ де, өлуіне себеп болады.
• Ойықтарды болдырмау үшін оның профилактикаеын д^рыс жасау қажет, оның негізгі элементтері мыналар:
1) егер сырқат жағдайы жараса, оның дене қалыпын күніне бірнеше өзгерту;
2) қиқым-сиқым болмауы үшін оның төсегін күніне бірнеше рет сілкіп салу;
3) төсек жапқыш пен ішкі киімдерд бүктеліп қалмау;
4) көп уақыт шалқасынан жатқан ауыр науқае ас-тына жастық тысыңа кигізілген үрленген резеңке дәңге-лекті кигізіп, сырқаттың сегіз кәзіне дөңгелектің тесігі турасынан келетіндей етіп салу;
5) терісін күнделікті мына дезинфекциялайтын ертін-ділердің біреуімен сүрту; камфора қоспасы, камфора спирті, этил спиртінің 40% ертіндісі, иіс су, сірке су ері-тіндісі (300 -ыл суға 1 ас қасық) ал олар табылмаса, жылы сумен жуып, одан кейін құрғата сүртеді;
6) терінің гиперемиясы (қан кернеуі) болған кезде белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау;
7) терінін былжыраған (мацерия) жерін суық сумен сабындап жуу, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу.
Ойық үлкейіп кетсе, оны емдейді. Күлдіреген жер-лерге бриллиант көгінің спирттегі ерітіндісін жағады^ содан кейін құрғақ таңғыш салады, Шіріген жер (не-кроз) шектелгенде өлі тканды алып тастап жараны 1% калий пермангант ерітіндісіне малынған зарарсызданған салфеткамен жабады. Таңғышты күніне 2—3 рет ауыс-тырады, Жараның тазаруына қарай Вишневский майы-нан, перуан майы мен самырсын майының қоспасынан, синтомицин эмульсиясынан т. б. таңғыш салуға кәшеді.
Ойықтардьщ болуы сырқат күтімінің нашар және сол мекеменің санитарлық мәдениетінің жоғары еместігін білдіреді. Сондықтан мейіркеш әр кез сырқат төсегін сілкіп салғанда оның денесін, әсіресе ойықтардың жиі пайда болатын жерлерін мұқият тексеруге тиіс. Өнеркә-сіп орындары ойықтарға профилактика жасауға арнал-ған құрылғылар: электр жылытқышы бар үстіңгі беті кеңірдектеліп жасалған үрлеме резеңке матрац шыға-РУДа.к

123
скачать работу

ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ