Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жүсіпбек Аймауытов — әдебиет сыншысы

қатысты көптеген ой-пікір қалдырған жазушы. Оның мақалаларынан, хаттарынан, тіпті көркем шығармаларының ішінен де автордың жазу өнері жайлы, оның ерекшеліктері туралы, суреткердің психологиялық, творчестволық сипатын түсінудің принциптері жайлы қызықты ойлар кездеседі. Әдебиеттің жаңа дәуірдегі міндеттерін түсіне білген жаңа көзқарасты қаламгер ретінде ол сөз өнеріне, оның өкілдеріне тың міндеттер артты. Олардың ішінде белгілі бір дәуір әдебиеті дамуына арналған шолу да, жеке ақынның шығармашылық бетін анықтауға құрылған портрет те, рецензиялар да кездеседі. Бірсыпыра қызықты ойлар жазушы хаттарында да орын алған» [2.182].

Бұл тұста еске алар жайт – Ж.Аймауытұлы өз уақытында ұлт руханиятына қатысты мәселелердің бәрі-баршасына жіті назар аударған-ды. Ұлттық құндылықтарға, әдеби үдеріске, сын мен сыншы  жайына да айрықша мән берген. Басты мәселелерге, соның ішінде әдебиет қозғалысына, ақын-қаламгерлер шығармашылығына көзқарас-ұстанымдарын, ой-пікірлерін ашық, айқын білдірген. Дәйек-дерек көздерін орынды қолданған. Талдау мәдениетінен, саралау сипаттарынан жан-жақтылық, тереңдік тәрізді белгілер кеңінен көрініс береді.

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде ұлттық тарих пен оның тағылымдары, қоғамдық-кезеңдік көріністер, мәдени-рухани құндылықтар, тәлім-тәрбие ісінің мың сан иірім-сырлары кең орын алады. Танымал тұлғаның әдеби-сын мұрасы – ұлттық сөз өнерінің көркемдік көкжиегін, мәдени-рухани деңгейін, танымдық-тағылымдық сипаттарын айқындай түседі. Болмысы бөлек, дарыны сирек тұлғасы, ерек қаламгерлігі де алуан қырларымен назар аудартады.

«Мағжанның ақындығы туралы» (Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама) атты мақаланың орны бөлек. Мақала авторы бастапқы тұста М.Жұмабаев шығармашылығы, соның ішінде ақындық өнері хақындағы мақсат-мұраттарын қалың көпшілік алдына жайып салады: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз: толық сынау үшін, оның алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек…

Мағжанның өлеңдерін аса құндап, бұлдап жарыққа шығаратын Мағжаншылар да бар; іске алғысыз қылып, өртеп жіберу керек дейтіндер де бар; қысқасы Мағжанның қасы да, досы да бар, мақтаушылар нені біліп мақтап жүр. Оны тексеру біздің мақсатымызда жоқ. Біз шамамыз келгенше Мағжанға сын көзімен қарағымыз келеді. Сын көзі дегенде, біз ғылымның жолын тұтынуымыз керек. Мәдениетті жұрттар жазушыларын, ақындарын қай жолмен тексеріп сынаса, біз де сол жолды қолдануымыз керек» (Сонда, 144-145 бет). Ақындық өнер табиғатын, Мағжан мұрасын, ондағы өзгешеліктерді тап басып көрсетеді. Артық-кем тұстарына тоқталады. Көркемдік құндылықтар мен сырлы сипаттарды бөлекше атайды. Талантты  туынды мен құнарлы қолтаңбаны, айқын көзқарас пен рухани  құндылықтарды жіті зерделейді. Мағжан мұрасының көпке ортақ сипаттарын саралап та, даралап та көрсетеді. Ақындық өнерін биік белеске көтереді. Әділ бағасы беріледі.

Ж.Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласы //«Лениншіл жас», 1923, №5// ұлттық сөз өнеріне, өлең-мұраға қояр талап-тілегімен мәнді болып табылады. Мақалада әдеби сынның мақсат-мұраттары, көркем туындыны танып-таразылаудағы шындық сырлары, өлең-өнердің өзіндік өрнектері айқындалады. Мағжан мұрасы, ондағы көркемдік мұраттар, ізденіс арналар, ой мен сөз жүйелері, тіл-стиль сипаттары кеңінен көрсетіледі. Ақын әлемі туып-өскен, тәлім-тәрбие алған орта, өнегесімен сабақтастықта сараланады. Ақындық мұрат, өнер өрісі Мағжан поэзиясымен сабақтастықта сөз етіледі. Мағжан мұрасын тану мен талдау тұстарында: «Қазақ әдебиетінде романтизм дәуірі аяқтануға Мағжан көмек көрсетті», «Сентиментализм әсері, әсіресе әйел теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде ұшырайды», «Бейнешілдердің өлең жазу әдісін Мағжан қазақ әдебиетіне кіргізеді» деп түйін жасайды. Сонымен бірге: «…ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, школ //мектеп// ашқан күшті ақын», «Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңлы зарымен күшті… нәзік сезімнің ақыны» деп талант табиғатына енеді. Қалам қуатына, ой-сөз жүйесіне, сыр-сезім иірімдеріне мән береді. Біздіңше, автор ақын табиғатын терең ашады. Ақын мұраты мен ақындық өнер сипаттарына еркін енеді. Өлең өнерге, мұра-мирасқа байыпты ден қояды. Көркемдік құпиясына, сөз сыры мен ой орамдарына мән береді. Шындық шырағын ту етіп, ақын әлеміне, поэзия патшалығына батыл барлау жасайды. Ой-сөз жүйесін байыпты саралайды. Ақын мұраты, көзқарас-ізденістері мен көркемдік иірімдері, өзіндік өзгешеліктері өмір-уақыт шындықтарымен, кезең көріністерімен, тұрмыс сырларымен сәйкестікте сөз болады.

Мақалада Мағжан туып-өскен, тәлім-тәрбие алған ортасы, «Ғалия» медресесіне қатысты білім-білігі, алыс-жақын елдердің әдебиет өкілдерінің (Байрон, Бальмонт, Блок, Гейне, Гете, Пушкин, Фет т.б) орын-үлестері кеңінен көрсетіледі. Ақынның ұлтшылдық, түрікшілдік бағыттағы ұстанымдары, елдік мұрат-мүдде жолындағы көзқарастары, әлеуметшіл-мәдениетшіл сипаттары, өлең-өнердегі орны, өзіндік өзгешеліктері жан-жақты ашылады. «Мағжан күшті ақын» деген қорытындыға келеді. Оның мәніс-мәнін, себеп-сырын әр қырынан ашып көрсетеді. Алдымен ақындық өнер, ақын мұраты туралы толғам-толғаныстарға енеді: «… әр адам, әр ақынның өрісі бірінші – заманға, екінші – туып-өскен әлеуметіне, үшінші – нәсіліне (тұқымына) байлаулы. Ақын ерікті-еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамасқа, тілегін орындамаса әдді жоқ.

Өзгелерден гөрі әлеуметтің мұңын баса жоқтайтын ақын болу керек. Өйткені, ақын қоғамның қарапайым тырна қатар топас мүшесі емес, өзгелерден сақ құлақты, сезгіш жүректі, сара ақылды, өткір қиялды мүше. Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпейтінін айтып береді. Әлеуметтің өз табының қатарға кіріп, ер жеткені кейін қалып, кер кеткені өзгеден гөрі ақынға артығырақ батады, ақынның жүрегі өзгеден гөрі көбірек толқиды, көбірек толғанады. Өзгелер салқын қанмен қарайтын нәрсеге ақын күйіп-пісіп қалады.

…Ақын бір жағынан өз табының, әлеуметтің жоғын жоқтап, мүддесін көксеп жүрсе, екінші жақтан оның бір артықшылығы – өзгеден тәжірибиелілігінде, өзгеден өмірді анық, жете білуінде. Өзі өмірді анық біліп, өзгелерге жөн сілтеп, қараңғыны жарық, бұлдырды ашық көрсете алмаған ақын – ақын емес. Сондықтан ақын жалғыз ғана таптың пайдасын көздеп, сойылын соға бермейді, өмірді анық танып, кемшілікті түгел көріп тұрған соң ақын кейде тап көлемінен шығып, жалпы шындыққа, жалпы адам баласының қамына да құлаш ұрып кетеді. Кейде көңілдегі ойы шықпай, басқа нәрселерге де көшіп кетеді» (146-147 бет).

Әдебиет сыншысы бұдан кейінгі жерде Мағжанның ақындығы мен айналасына өзіндік өзгешеліктеріне кеңінен тоқталады:

«Бір жағынан үй іші – әкеге, әлеуметі – ру басыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген, қазақ ішінде туып-өскен болса, екінші – татар медресесінде оқып, түрікшілік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші – патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші – орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп білсе, бесінші – батыстың, қала берсе орыс ақындарының санашылдық (идеализм), дарашылдық школынан сабақ алса, енді Мағжан қай пікірдегі ақын болып шығу керек? Сөз жоқ, Мағжан ұлтшыл, санашыл, дарашыл ақын болып шығу керек» (150 бет), «Күшті ақын өзгелерді өзіне еріксіз еліктетеді, соңынан шәкірт ереді, әдебиет жүзінде жаңа жол (школ) ашады. Мағжан да күшті ақын, күштілігі еліктеткенінен көрінеді. Осы күнгі өлеңшілердің көбі Мағжан өлеңінің не сыртқы түріне, не ішкі мазмұнына еліктемей жаза алмайды. Кім өлең жазса, Мағжан сөзінен бірдемені алмай қоймайды… Санап, тексеріп қарасақ, Мағжанға қарсы жазып жүрген ақындарымыздың бәрі Мағжан өлеңінің даяр түрінен жазып отырғанын көресіз. Жеңіл-желпі өлеңшілер былай тұрсын, бір кезде күшті болған ақындарымыз, Мағжанға ұстаз болған ақындарымыз бұл күнде өлең жазса, баяғы шәкіртіне еліктейтін болыпты» (170 бет), «Мағжан терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. Ел ішінде бай-кедейдің арасындағы қиянатты, тексіздікті көрмейді. Ұлтты жалпағынан алып қарайды. Ол түрікшіл, санашыл, дарашыл, ұлтшыл, өзімшіл ақын, бұ жағынан қарасақ ол – ескі пікірлі ақын.

Жақсы жағын санасақ, ол сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылдыққа, жаугершілікке қарсы күншығысшыл ақын» (171 бет).

Қазақ әдебиеті тарихын кең көлемде қарастырған, «Мағжан-Сәкен»  атты зерттеудің авторы профессор Т.Кәкішев Мағжан мұрасына қатысты мақала туралы былай деп жазды: «Бұл шын мәніндегі сыни-эстетикалық еңбектің екі тұрғыдан, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын жанының қалтарыс-бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, әлі күнге дейін жалғыз мағжантануда ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел болып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш: сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Теориялық ой-пікірлерін мөлдіреген әсем тілмен, ажарлы орамдармен жеткізуінің өзі үлкен өнер. Дұрыс айтқанына да, бұрыс айтқанына да эстетикалық дәлелдер келтіріп, көздеген мақсатына жетудің өнегелі үлгісін осы еңбектен көреміз. Осындай ерекшеліктермен күні бүгінге дейін сын жанрындағы биік шеберліктің эталоны болып келеді… Ж.Аймауытовтың мақаласы көп шындықтың бетін ашты, көркемдік түсініктің ауылы қай жақта болатындығын, оны қалың көпшілікке қала

123
скачать работу

Жүсіпбек Аймауытов — әдебиет сыншысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ