Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жүсіпбек Аймауытов — әдебиет сыншысы

й түсіндіріп берудің жолын көрсетті» [4.223-224]. Сын мұраты мен сыншы сипаттарына терең  мән берді. Ақын ақиқатына, сыншы мұратына айқын көзқарастарын жүйелі жеткізді. Талант табиғатын танудағы ақиқат жайттар, дара дарын қолтаңбасы, талдау-саралау сипаттары айрықша мән-маңызға ие болады. Демек, «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақала тақырыбы мен мазмұн байлығы тұрғысынан көркемдік құнары мен қуаты аса жоғары, ақындық өнер мен ондағы шеберлік пен шешендік сырлары терең, бағалау мұраты мен талдауы нақты да нанымды болып табылады.

Ж.Аймауытұлы түрлі тақырыптарда, алуан жанрларда ерен еңбек еткен. Ұлт мұратын, өмір өрнектерін, еңбек сипаттарын сенімді де серпінді, шебер де шешен сөз етеді. Халық мұрасы мен руханиятқа қатысты көзқарас-мұраларында, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстары туралы талғам-толғаныстарында жауапкершілік пен жанашырлық, сыншылдық пен сыршылдық көптеп кездеседі.

Ж.Аймауытұлының талант табиғатын театртанушы, профессор Б.Құндақбаев терең тебіреністерімен еске түсіреді: «Жүсіпбек Аймауытовтан қалған мұра рухани қазынаның ұзын-ырғасын оймен шолып көз жүгіртсек, оның творчествосының сан қилылығына, әдебиеттің барлық жанрларын түгел қамтитынына, көтерген мәселелерінің көптігі мен тереңдігіне, сол қисапсыз көркем дүниенің бәрін бір адам меңгеріп жазып қалдырды деуге таңданбасқа шараң жоқ. Егер ол жазықсыздан жазықсыз жапа шекпегенде ше?.. Иә, осындай дархан дарынның зорлықтың құрбаны болып, ерте қиылғаны өкінішті-ақ!» [5.5].

Негізінен алғанда, Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері өз уақытының көкейкесті мәселелерін, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстарын, Абай әлемі мен оның айналасын өмір шындықтары тұрғысынан терең де байыпты саралайды. Бұл – бір. Екіншіден, Ж.Аймауытұлының әдебиетшілігі мен сыншылдық сипаттарын саралай түсетін тұстар – Абай әлеміне еркін еніп, ақындық өнердің табиғаты мен тағылымын байыпты саралап, терең талдау жүйесіне айналдыратыны айқын аңғарылады. Үшіншіден, әдеби мұра мен оны зерттеудің жай-күйін елдік мұратпен, руханият құндылықтарымен сабақтастықта жүйелі жеткізеді. Төртіншіден, Мағжан мұрасын  арғы-бергі кезеңдердегі  көрнекті корифейлердің шығармашылықтарымен байланыста сөз етіп, өзіндік өзгешеліктерін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын, тіл-стиль сипаттарын даралап та, талдап та көрсетеді. Талант табиғаты мен тағылымын кең көлемде ашады. Ақындық өнердің дара дарындарда ұшырасатын сирек құбылыс екендігін Мағжан мұрасымен, елдік мұрат-мүддемен, дәстүр, сабақтастық тұрғысынан зейінді зерделейді. Ең негізгісі, әрине Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде ұлттық сөз өнері мен оның танымал тұлғаларының туындылары  терең талдау, байыпты бағалау мен жүйелі сараларға арқау болады. Асылы, ақиқатты айту, шындық сырын ашу – сын мұраты болса, Ж.Аймауытұлының сыншылдық сипаттарынан:

-   қоғам мен кезеңдік көріністер айқын аңғарылады.;

-   адам мұраты, оның өмірі мен еңбегі биік бел-белестерден көрінеді;

-   ұлт мұраты мен руханият мәселелері биік талғам, жоғары жауапкершілік тұрғыдан байыпты сараланады;

-   ақын мұраты мен ақындық өнер кеше-бүгін байланысы, жаңашылдық пен жалғастық тұрғыдан айқындалады;

-   Мағжанның ақындығы ізденіс пен ізгіліктің, көркемдік пен сұлулықтың, сыр мен сезімнің тұтастығы, шынайылық шындықтың үздік үлгісі, өрнекті өрісі ретінде бағаланады.

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінің басым бағыттары мен  оны танып, талдаудағы басты ұстанымдар, көзқарастар жиынтығы осыған келіп саяды.

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. — Алматы: Ғылым,1999. -110-290 бет

2. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. — Алматы: Ана тілі, 1993. -182 бет

3. Тұрысбек Р. Жүсіпбек //Зерттеу//.- Алматы: Санат, 1997.-5 бет

4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. — Алматы: Санат, 1994.-223-224 беттер

5. Құндақбаев Б. Жүсіпбек Аймауытов және театр өнері. — Кітапта: Шернияз //пьесалар жинағы//. — Алматы: Өнер, 1990. -5 бет

 

Жарық сәуле ендіретін қазаққа.

Мәңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!

Бимұхамед Майлин

123
скачать работу

Жүсіпбек Аймауытов — әдебиет сыншысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ