Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жүсіпбек Аймауытов — әдебиет сыншысы



 Другие рефераты
Жұбан Молдағалиев ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889-1931) Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн Жүрсін Ерман

Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.

Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі //«Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»//, Мағжанның мұра-мирастары //«Мағжанның ақындығы туралы»//, театр табиғаты мен тағылымдары //«Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы»//, сөз өнерінің сырлары //«Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары»//, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары //«С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С.Торайғырұлының жиналған сөздері»//, т.т. әдеби-сын  еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының  мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды [1. 110-290].

Ж.Аймауытұлы адам, қоғам, кезең хақында //«Қазақтың өзгеше мінездері», «Партия», «Пара алу тоқтала ма?»//, ағартушылық-гуманистік һәм тәлім-тәрбие туралы //«Жаңа мектеп туралы», «Журнал туралы», «Емлені өзгертуге жоба», «Мектеп қандай болу керек», «Хат таныту әдістері» // қазіргі кезеңде де мән-маңызы айырықша болып табылатын мақалаларында ұлт мұратын, елдік һәм ұрпақ ұлағатын, мәдени-рухани мәселелерді кең көлемде қозғайды.

Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері арасында – Абай әлеміне айрықша мән-маңыз беріледі. Айталық, «Абайдың өнері һәм қызметі» атты мақаласында ақын өмірі мен шығармашылығына, ақындық мектебі мен оның айналасына, басты ерекшеліктеріне мән береді. Абайдың үлкен мақсат пен дарын иесі, ой мен сөзден сыр іздеген бітімі бөлек талант екендігі танылады. Ұлт мұраты мен руханияты туралы толғам-толғаныстарын кең көлемде ашады. Ақын ақиқаты, талант табиғаты мен тағылымы былай білдірілген: «Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімінің әр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп. Сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипатымен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы әрі ақындығы, «қызыл тілді шешендігі»  … Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті болуына лайық».

Мақала авторы Абай әлемін нақтылы туындыларын сөз ету негізінде жан-жақты ашады. Ақындық өнердің бастау арналарына, көркемдік мұрат пен шеберлік сырларына, тіл мүмкіндіктеріне кең орын береді. «Өнер алды – қызыл тіл» сипаты, көркемдік құпиясы, асыл сөздің құдірет-қасиеттері алуан салыстыру, талдаулар арқылы жүйелі жеткізіледі. Абай мұрасы, өлеңдегі өмір өрнектері, сөз сыры мен сипаттары кезең-уақыт шындықтары тұрғысынан байыпты сараланады. Абайдың сөз өрнегі, көркемдік әлемі, руханият ісіне қосқан үлесі жан-жақты айқындалады. Көркемдік көкжиегіне, өлең өнер өлшемдеріне, ой-сөз жүйесіне кең орын беріледі. Абай ақиқаты, ақын айтқан ұлт мұраты мен тарих-таным төңірегіндегі өрнекті ойлар мен толғамды толғаныстар жан-жақты ашылады.  Қысқасы, Абай әлемі мен оның өлең өнері – ұлт тарихы мен руханиятындағы айрықша құбылыс екендігі кеңінен көрсетіледі. Таным өлшемі айқындалады. Ақын әлемі, сөз сыры ашылады.

«Абайдан соңғы ақындар» атты мақалада ұлттық поэзияның жай-күйі, даму бағыт-бағдарлары мен көркемдік мұраттары, өзіндік өзгешіліктері сөз етіледі. Өлең сөзге қойылатын талап-шарттар мен өлеңші төңірегінде көзқарастар білдіреді. Өлең-өнердің дамуы мен ондағы жаңашылдық сипаттарға Абайдың, «Қазақ» газетінің әсер-ықпалы болғаны кеңінен көрсетіледі. Өлең өрісі мен өресі, «сезімге әсер беретін суретті өлеңдер» – Мағжан, Міржақып, Сұлтанмахмұт пен «сырты төгілген, сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл» – А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Өтетілеуов шығармашылығына зор маңыз беріледі. «Әдебиет бақалшының қоржыны емес» екені де назардан тыс қалмайды. Қысқасы, Абайдан кейінгі ақындар әлеміндегі артық-кем тұстардың бары, жүйелі сөз етіледі. Сонымен бірге қазақ сөз өнері, ақын әлемі, өлең-мұра сипаттары кеңінен көрсетіледі. Талант табиғаты мен тағылымына мән беріледі. Бастысы, әрине ақын әлеміне еркін еніп, одан кейінгі сөз өнерінің белесті кезеңдеріне, көркемдік таным арналарына ден қояды. Ақын мен өлеңші сыры ашылады. Ортақ мін, кемшіліктер көрсетіледі. «Әдебиетімізге жақсы өлең, шын ақынның сөзі көрік беріп, күшейте алады» деген қорытындыға келеді. Өлеңнің өрнекті де өрісті, көркем де келісті сипат алуы негізгі назарда болады. Әдебиет – ардың айнасы, көңілдің сәулесі, жан-жүрек толғаныстарының мәнді, нәрлі көріністері екендігі кеңінен көрінеді. Сөз өнері мен өрнегі басты нысана етіледі. Талант табиғаты айқындалады. Еңбек сипаттары мен шабыт шалқары шығармашылық шыңы ретінде көрсетіледі. Маңыздысы, Абай мен оның айналасы, ақындық өнердің өзіндік ерекшеліктері, өлең сөздегі сыр мен сымбат үйлесімі, сезім мен сүйіспеншіліктің мөлдір шықтай тамшылары терең тебіреністермен табиғи жеткізіледі. Ақын мұраты, оның өрісті өнері мен өрнекті үлгі-өнегелері кең көлемде көрсетіледі. Абай мұрасындағы ел-жер, өмір-тұрмыс, еңбек-уақыт шындықтары – адам әлемі, келелі келешек хақындағы толғам-толғаныстармен байланыста беріледі.

Ал «Әдебиет мәселесі», «Әдебиет мұралары», «Көркем әдебиетті саралау» сынды мақалаларда қазақ сөз өнерінің табиғаты, арғы-бергі тарихы мен тағылымдарына кең орын беріледі. Айталық, алғашқы мақалада «әлеуметтің зор құралы – әдебиеттің» мұрат-міндеттері сөз етіледі. Қазақ әдебиетінің төңкерістен бұрынғы бағыттары мен орын-үлестері, күнгейі мен көлеңкелі тұстары кеңінен сараланады. Ал, «Көркем әдебиетті саралауда» төңкерістен кейінгі қазақ сөз өнерінің белгі-ерекшеліктері, артық-кем тұстары жан-жақты қозғалады. Әдебиеттің халықтық мұраты, көркемдік-эстетикалық қуаты, рухани нәрі нақтылы көрсетіледі. Халықтық сипаты, көркемдік қайнарлары айқындалады. Басты мұраты, мәні ашылады.

«Әдебиет мұралары» сөз өнерінің қыр-сырын, мұрат-міндеттерін айқындаумен бірге оны қамқорлыққа алу, басты орындары арқылы көпшілікке жеткізу, жинап-жүйелеу мәселелерін кеңінен қозғайды. «…Мәдениет мұрасы тарихымызға бір олжа салса, әдебиет мұрасы он олжа салды» деп оған қамқорлықты күшейту көзделеді. Халық әдебиетін жинау, бастыру мәселелері кеңінен қозғалады. Ел әдебиетінің мән-мазмұны ашылады. Оны жинап, жариялау ісіне мұқияттылық, зерделілік, жанашырлық қажеттілігі баса көрсетіледі. Әдеби мұра – ел қазынасы, қалың көптің ортақ игілігі екендігі басты назарда тұрады. Автор халық әдебиетіне жанашырлық пен жауапкершілікті күшейту – елдік мұратқа адалдықты, рухани құндылықтарға қамқорлық пен құштарлықты танытады дегенді айқын аңғартады. Ұлт мұраты, елдік мәселесі, мәдени-рухани құндылықтар әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне қатысты қозғалады. Әлеуметтік мәні ашылып, көркемдік-эстетикалық  қуаты еселеп арта түседі. Елдік мұрат пен руханият ісіне, халық мұрасындағы тарих пен таным арналарына, өмір-тұрмыс сырларына, дәстүр өнегелеріне ерекше мән беріледі. Әдеби мұра ел қазынасы, ұлттық тарих пен руханияттың қымбат жауһар-жәдігерлері ретінде жоғары бағаланады. Ұлт пен ұрпақтың, тарих пен танымның қымбат қазыналары қатарына жатқызылады. Әдеби-тарихи құндылықтары, мәдени-рухани мәні кеңінен қозғалады. Бастысы, әрине әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары, халық қазынасының руханият әлеміндегі орны, ұлт пен ұрпаққа берер тағылым, сипаттары тереңнен қозғалып, байыпты сараланады.

Ж.Аймауытұлының әдеби сын еңбектерінде («Қалыбек әртіс», «Қазаққа пайдалы жас талап», «Тәрбие», «Театр кітабы туралы», «Ән-күй жайында», «Тіл туралы», «Сауық кеші» т.т) ұлттық мұрат пен ұрпақ қамы, адам еңбегі мен өнегелі үрдістері, сахна өнері мен оның көрнекті өкілдері, тіл туралы толғам-толғаныстар кең орын алады. Аталған мақалалардың қай-қайсысында да елдік мұрат-мүдде, ұлттық құндылықтар мен руханият ісінің түйінді тұстары, талант табиғаты мен тағылымдары, көзқарас пен қолтаңба мәнері, шеберлік пен шешендіктің сыр-сипаттары кеңінен көрініс береді. Ең бастысы, әрине Ж.Аймауытұлы ұлттық құндылықтар мен руханият ісіне қатысты мәселелерді кеңінен қозғайды. Өмір, уақыт шындықтарын негізгі назарда ұстайды. Артық-кем тұстарды анық та, ашық айтады. Кедергі-кемшіліктерден арылу жолдарын көрсетеді. Ортақ мұрат, келелі мәселелерді алға тартады. Нәтижесінде, сөз жоқ ұлттық мұрат пен руханиятқа қатысты көкейкесті мәселелерді уақыт биігінде, талап деңгейі тұрғысынан танып, жіті таразылайды. Автор ізденісі мен көзқарастарынан, таңдау мен талдау мәдениетінен, саралау мен салыстыруларынан еркіндік те, тереңдік те танылады. Тақырып табиғатына ену, елдік мұраттарға назар аудару, мәдени-рухани құндылықтарды жоғары бағалау, көркемдік қайнарларына ден қою – Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде кеңінен көрінеді. Осы реттен келгенде, Ж.Аймауытұлының білікті әдебиетші, сындарлы сыншылығын академик С.Қирабаев тап басып таниды: «Жүсіпбек – өз заманының белгілі сыншысы болған, әдебиет мәселелеріне

123
скачать работу


 Другие рефераты
Защита программ от компьютерных вирусов
Понятие биосферы. Начало и вечность жизни
Ғабиден Мұстафин (1902-1985)
Управление жалобами заказчиков


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ