Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зікір

одан Ташкентке келіп қайтыс болды. Ендігі кезекте хан тағына оның інісі Есім сұлтан отыруы тиіс еді. Бірақ халық хан етіп Есімді емес, Тәуеккел Мұхаммедтің ұлы Тұрсын Мұхаммедті отырғызды. Себебі, Тұрсын Мұхаммед Йасауи жолындағы кісі болатын. Есім болса, қазаққа өкпелеп Қашғарға кетіп, сол жақта Абд ар-Рахим ханға біршама жыл қызмет қылды. Одан қырғыздарға келіп хан болды, одан Ұлы жүз руларын өзіне қаратып, сол жердегі Ұлы жүз руларының біразын нақшбандийа тариқатына кіргізді. Шәкәрім қажы жазатын атақты Қалқаман-Мамыр оқиғасынан кейін қазақтар қайта ес жиып, нақшбандилер жолына үрки қарайтын болды. Бұл жағдай Ұлы жүз құрамындағы кейбір рулардың Орта жүз құрамына ауысуына себеп болды. Сол кезеңде Ұлы жүз құрамындағы қарақалпақтар да нақшбандилер ықпалына түсіп, Қазақ хандығына мойын ұсынудан бас тартты. Араларынан Абд ал-Ғаффар дегенді хан сайлап, алғашқы кезде қазақ әскерлеріне дес бермей, Түркістан, Сайрам, Ташкентке дейінгі аралықты өздеріне қаратып алды. Араға біраз уақыт салып қазақтардың біріккен күштері қарақалпақтар әскерін талқандап, Әбдіғаппарды өлтірді. Осы оқиғадан соң қарақалпақтар Ұлы жүз құрамынан шығарылып тасталды. Шегінген қарақалпақтар Сырдың төменгі ағысы мен Арал теңізінің батыс жағалауына, нақшбандийа ықпалындағы Хиуа хандығын барып паналады. Есім ханның Түркістанға ордасын орналастыруы, қазақтардың бір бөлігіне билік жүргізуі осы кезден басталса керек. Оған дейін қазақтар Есімді хан ретінде мойындаған емес. Тұрсын Мұхаммед үлкен қателік жіберді. Өз бауыры болғанымен өзгенің ықпалындағы адамның өзіне дос болмасын кеш түсінді. Кейіннен Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа кеткенде, Тұрсын ханның Түркістанға келіп, Есімнің ордасын шабуы өзінің бұрын жіберген қатесін түзетпек болған әрекеті еді. Есім хан Әндіжан билеушісі Абылай сұлтан мен Бұхара билеушісі Имамқулимен бірігіп Тұрсын ханды шапқаны, өлтіргені тарихтан белгілі.

Есім хан қазақ даласына хан болғансын өзінің атақты «Есім ханның ескі жолы» атты заң жобасын қабылдатты. Қазақ даласында парсы тілі қайтадан ресми дәрежеге қол жеткізді. Оған сол кезде хан ордасында парсы тілінде жазылған уақфтық құжаттар дәлел бола алады. Осы саясаттың нәтижесінде нақшбандийа тариқатын толық қабылдаған Түркістан, Шымкент,Тараз маңындағы халықтар өзбектеніп кетті. Қазақтардың өз ішінде де діни көзқарасына қарай халық іштей жіктеле бастады. Қазіргі тарихта рулық-тайпалық күрес аталып жүрген оқиғалар негізінде сол ру-тайпалар арасындағы діни көзқарас қайшылығы жатты. Тек, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» дүниеге келгенсін бұл қайшылыққа тоқтау салынды. Ол кезеңді қазақ «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» – деп бағалайды. «Жеті Жарғы» Йасауи жолы мен нақшбандийа тариқаты арасындағы қайшылықты келісім жолымен тоқтатты. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр билер қолында қалып, таза діни идеология нақшбандилер қолына берілді. Бұрынғы дін мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұтастығы бұзылып, шариғат жолы тариқат жолы деп екіге бөлінді. Шариғатқа нақшбандилер ие болса, тариқат жолы билер қолына берілді. Сонымен қатар, «Жеті жарғы» хан мен өзге Шыңғыс хан ұрпақтарының билікке араласу құқын күшейтті. Қазақтың үш жүзінің басына хан сайлануы енгізілді. Бұл қазақ халқының арасындағы бірлікті әлсіретті. Бұл шешімнің «улы жемісін» қазақ халқы жоңғар шапқыншылығы кезінде татты. Тек Абылайханның үш жүздің басын қосу жолындағы жанқиярлық еңбегі, Йасауи жолын жалпы мемлекеттік идеология дәрежесіне көтеруі қазақ халқын ары қарай этникалық бөлшектенуден сақтап қалды. Абылай заманында, одан кейінгі кезеңдерде ғана Ұлы жүз тайпаларының игі-жақсылары, Есім хан дәуірінен кейін, қайтадан Әзірет Сұлтан кесенесіне жерлене бастады. Оған Жауғаш, Қойгелді батырлар мен тағы басқа игі-жақсылардың жерленгені дәлел бола алады.

Одан кейінгі кезеңдегі жағдайдың қалай болғанынан жалпы халық хабардар. Абылай хан дүниеден өткесін, қазақ халқының қабырғасы сөгіліп, солтүстігі патшалық Ресейдің, оңтүстігі Қоқан хандығының, Маңғыстау Хиуа хандығының тепкісіне қалғанына тарих куә. Бұл аралықта қазақ халқы не қорлықты көрмеді? Ресей патшалығы «заказной» молдалар арқылы халық ішін ірітуге әрекет жасады. Қоқандықтар болса, Әзірет Сұлтан кесенесінен Йасауи жолындағы қожаларды қуып шығып, орнына нақшбандилермен араласқан қожа әулеттерін отырғызды. Қазақ хандары мен билерінің, батырларының бастарына қойылған тастарды қиратып, Түркістаннан қазақ атын өшіруге күш салды. Бірақ қазақ рухын өшіре алмады. Алайда, әр-бір кезеңдегі Йасауи жолына жасалынған шабуыл халқымызға қаншалықты зиян әкелгенін бір мақала көлемінде толық баяндап шығу мүмкін емес. Бірақ Алтын Орданың ыдырауынан бастап, Қазақ хандығының құлауына дейінгі аралықта бір ортақ заңдылық бар. Ол түркі халықтарының рухани өзегі болған Йасауи жолына жасалынған қастандық бізді халық ретінде ыдыратып, мемлекеттілігімізден айырып отырыпты. Түркі халықтарын орта ғасырларда жік-жікке бөліп, әр-түрлі әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бөлек халықтарға айналдырып, мемлекеттілігінен айырған исламдық бір ағым – нақшбандийа тариқаты еді. Сол идеологияның ықпалына түскен кешегі қандастарымыз Қоқан билеушілері мен хиуалықтардың қазақ халқына көрсеткен зұлымдығын тілмен айтып жеткізу қиын. Малдан жиған зекетті былай қойғанда, қыздан зекет жиғандары қазақ халқының ар-намысын таптау еді. Бұндай қорлыққа шыдамаған қазақтың көптеген ру-тайпалары Ресей бодандығы қамытын мойындарына өз еркімен салды. Әрине, ол кезегінде патшалы Ресейдің отарлау саясатын жылдамдата жүргізуге септігін тигізді. Одан кейінгі кезеңде де қазақ халқы басынан небір қан-құйлы, зұлматты жылдарды, атеизмді басынан өткерді. Бірақ өзінің ешқашанда қазақ екенін, мұсылман екенін ұмытқан емес. Ұмыттырмаған құдыретті күш ғасырлар бойына Йасауи жолының ықпалымен қалыптасқан қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрі болатын. Бүгін Еліміз тәуелсіздік алып, Егемен ел болғанда Йасауи жолы қайтадан күш алып, көктесе керек еді. Өкінішке орай, бүгінгі күні де жағдай басқаша қалыптасып отыр. Йасауи жолы шеттен келген діни ағымдардың тепкісінде қалды және олардың ортақ бір ғана нысанасы бар. Ол – Йасауи жолы. Шеттен дін үйреніп, оқып келген имамдар мен дін оқымыстыларының да негізгі нысанасы – қазақ халқының рухани дүниесінің өзегі Йасауи жолы. Қазір олар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын жеке секта ретінде көрсетуге күш салуда. Жақында «Айқын» газетінде жарияланған Б. Қосбармақовтың «Тахриршілдер, ваххабилер, сопылар: Діни экстремизмнің Қазақстандық синдромы» атты мақаласында Қазақстан Діни Басқармасының уағыз және діни насихат бөлімінің меңгерушісі Ә. Дәуренбекұлы дегеннің «Йасауи жолы жәһили тариқат» деген пікірін жариялады. Ал «Нұр-Астана» газетінде Ғ. Жәдігердің «Қазақстанды» кімдер билейді?» деген мақаласы да Йасауи жолын ұстанып жүрген халықты сектанттар есебінде көрсетуге күш салған. Йасауи жолы мен қазақ халқының рухани мұрасын уағыздап жүрген «Сенім.Білім.Өмір» қоғамдық бірлестігі мемлекетке қауыпты ұйым есебінде көрсетіліпті. Жақында Алмтыдағы «Шәкәрім» медресесінің рухани жетекшісі Исматулла Мақсұмның «Құран сырларының әліппесі» атты кітабының баспадан шыққаны көпшілікке белгілі. Ол кітапта Йасауи жолы өзінің түпкі бастауларын Құран мен Пайғамбар (ғ. с.) хадистерінен алатыны, бұл жолдың кешегі Абай мен Шәкәрімге дейін үзілмей жалғасып келгендігі нақты мысалдармен көрсетілген. Бұл еңбектің шығуына шын мұсылман, нағыз елім, жерім деген әрбір қазақ қуанса керек еді. Осы еңбектің өзіне күдікпен қарау біздің шеттен оқып келген діни оқымыстыларға тән болып отыр. Мысалы, Мұхитдин Исаұлының бұл кітапқа қатысты көзқарасы мынадай: «Құранның тәржімелері мен оған түсінік беруге бақылау жүргізу керек. Мұны билік пен Мұсылмандар Діни басқармасы жүзеге асыру тиіс. Әйтпесе, ел халқының бірлігі бұзылады», – дейді. Сонда ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ халқының рухани мұрасы, Қожа Ахмет Йасауи, С. Бақырғани, А. Йүгнеки, Абай, Шәкәрім тағы басқа мыңдаған арыстардың ғасырлар бойы жасаған рухани мұрасы Исматулла қаридің кітабымен бірге Қазақ елінің бірлігін бұзатын болғаны ма? Әлде, М. Исаұлы сияқтылар шет елде ғылыми дәреже алып келіпті деп, қазақтың бүкіл рухани мұрасын құрбандыққа шаламыз ба? Сырттан келген діни ағымдар тарпынан қазақтың дәстүрлі діни танымына жасалынып жатқан шабуыл бір бұл емес. Шапағат-Нұр журналы (№10 2004 «Орынсыз жала жабудан сақтан» т.б.) мен басқа да діни басылымдарда Йасауиге, қазақтың діни танымына қарсы мақалалар жүйелі түрде жарияланып келеді. «Шапағат-Нұр» баспасынан шыққан Гүлбахрам Жебесіннің «Ақыл-ойдың азғындауы» атты кітабында Қожа Ахмет Йасауиді ақыл-ойдың азғынына айналдырды. Өкінішке орай, Қазақстан Діни Басқармасы мұндай мәселелерге тыйым салудың орнына қазақ халқының дәстүрлі діни танымына қарсы жүйелі түрде күрес жүргізуші орталыққа айналып барады. Діни Басқармаға қарайтын мешіттер радикалды «Хизб ут-тахрир», «Таблиғи Жамағат», ваххабилер, такфиршілер сияқты ағымдар идеяларын тарататын орталыққа айналып отыр. Оның есесіне Йасауи жолын Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп мұраларын, қазақ халқындағы рухани сабақтастықты уағыздап жүрген «Сенім.Білім.Өмір» қоғамдық бірлестігі қауіпті секта ретінде көрсетілуде. Басқаша айтқанда, қазақтың дәстүрлі діні мен рухани дүниесіне соққы ортағасырлардағы жасалынған шабуылдан әлденеше есе қуатты күшпен берілуде. Бұл күрестен нақшбандийа өкідері де тыс қалып жатқан жоқ. Бірақ, олар өз әрекетін өзгелер сияқты дабыра қылмай байыппен жүргізуде.

Қазіргі күні нақшбандийа тариқатының ықпалы Қарағанды облысының Шет ауданында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында күн санап өсіп келеді. Нақшбандийа тариқатына кіргендер арасында дін өкілдері, интеллигенция және т.б. әлеуметтік топ өкілдері бар. Әсіресе, нақшбандийа тариқаты Қазақстанның батыс облыстарында белсенді әрекет етуде. Өткен күзде, қазан айында Маңғыстау облысына ғылыми экспедицияға бар

1234
скачать работу

Зікір

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ