Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зиянкестердің морфологиялық сипаттамасы

ілде айларында өтеді. Жұмыртқаларын топырақтың 30 см тереңдігіне салады. Аналығының ұрықтануы – 30 жұмыртқа. Дернәсілдер бірінші уақытта қарашірікпен, ұсақ қабықпен, сосын қалың тамырларда терең тесік жасайды. Ақ шыртылдауық кемірген жерлер құрғақшылық жағдайда орман өсіруге бөгет жасайды.

Жүгері дублягі немесе көңші – Pentodon idiota Hrbst. Әр түрлі шөптік және сүрек өсімдіктеріне зиян келтіреді. СССР-дің европалық бөлігінің далалық және орманды-далалық жерлерінде, Қырым, Батыс Қазақстанда және Кавказда кездеседі. Ұрықтануы үшжылдық.

Топырақта қоңыз бен дернәсілі екі рет қыстайды. Қыстан шыққан қоңыздардың ұшуы мамырдың соңында және маусым айында өтеді. Қоңыздар бір жылдық екпе көшеттеріндегі жапырақты таужыныстарын тістеп тастайды, ал 2-3 жылдықтарда тамырлық мойнының жанындағы бағанасын кеміреді. Маусым соңында ашық, құрғақ жерлерде жұмыртқалайды. Бір айдан кейін дернәсілдер пайда болады, ол дернәсілдер кейін тәлімбақтар мен жас өскіншектер емен, жиде, алмұрт, өрік және басқа да сүрек өсімдіктерінің тамырын жейді. 2 рет қыстағаннан кейін олар жаз соңында қуыршақтанады, қыркүйекте қоңызға айналады да, көктемге дейін топырақта қалады.

Күрес шаралары. Мамыр және маусым айларында тәлімбақтарда көрсетілген екпе көшеттерінде инсектицидтермен өңделеді. Қуыршақтар пайда болу уақытында топырақты 15 см тереңдікке барлық керек препаратты енгізеді, май шартылдауықтарына қарсы жасағандай.

Бақ шартылдауығы – Phyllopetha horticola L. Топырақтағы әр түрлі сүрек өсімдіктерінің екпелері мен өсінділеріне зиян келтіреді. СССР-дің барлық жеріне жайылған, Шеткі Сібірден және далалық жерден басқа. Ұрықтануы біржылдық.

Дернәсілдер топырақтың үстіңгі (20 см дейін) қабатында қыстайды. Көктемде, мамырда олар қуыршақтанады. Қоңыздар маусым мен шілде айларында пайда болады, жемісұрығының түйінімен және сүрек жапырақтарымен және бұтақтық талжыныстарымен қоректенеді. Дернәсілдері ұсақ шөптік және сүрек өсімдіктерінің қабықтарымен қоректенеді. Көптеп пайда болғанда өсінділер мен сүрек дақылының жас екпелерге зиянын келтіреді.

Күрес шаралары. Қоңыздарды ұшу кезінде оларды жою үшін – жеміс өсімдіктерін жерден хлорофос шашу керек немесе 0,6-0,8 және 0,3 кг 1 га-ға сәйкес метатионды шашу керек. Дернәсілдерді басқа шартылдауықтардікітдей жояды.

Сарғыш түсті түнгі шаршылдауық – Serica brunnea L. Шөпті өсімдіктен басқа, тәлімбақтардағы және екпе көшеттеріндегі сүрек өсімдіктерінің өзіндікекпелер өсінділері мен жас екпелеріне зиян келтіреді. Далалық, орманды-далалық және СССР-дің европалық бөліктің оңтүстік жағында және Сібірден Иркутскке дейінгі жерде кездеседі. Ұрықтануы біржылдық.

Қоңыздар мен дернәсілдер қыстайды. Қоңыздардың ұшуы мамырдан қыркүйекке дейін өтеді. Қоңыздар әр түрлі ағаштар мен бұталардың жапырақтарын жейді. Жұмыртқаларын орманның ашық жерлеріне, орманды-даладағы орман асты жерлерде топыраққа салады. Дернәсілдер топырақта қарашілік жеп жата береді, ауыл өсімдіктерінің өзіндікекпелерін бүлдіруі мүкін.

Далалық екпе шыртылдағы – Agriotes gurgistanus Fard. Орманды-даланың оңтүстігінде және СССР-дің европалық бөлігінің далалық жерлерінде кең тараған. Көпулы. Далалық, көкөністік және техникалық ауылшаруашылық дақылдарға қатты зиянды әсер етеді. Оның дернәсілдері (сымқұрттары) ормандық тәлімбақтарындағы шашылған дәндеріне зиян келтіреді және олардың шеттерін кеміреді немесе ішінен жейді. Өсіп келе жатқан дәндердің сыртқы қабықшасы мен өсіндісіне зақым түсіп, өлуіне әкеліп соғады. Ұрықтануы үшжылдық.

Әр түрлі жастағы дернәсілдері топырақ астында қыстайды. Соңғы жастағы дернәсілдің қуыршақтануы көктемнен шілде айына дейін болады. Қуыршақ кезеңі 10-12 күнге созылады. Мамыр соңынан бастап топырақ үстінде жас қоңыздар пайда болады, 7-15 күннен кейін топыраққа жұмыртқасын басады да, өліп қалады.

Қара пар көмегімен (тәлімбақтағы) екпе айналымы, жұмыртқа салу үшін қоңыздарды тартатын тамыр сабақты және басқа да арам шөптерді жою, басқа да агротехникалық шаралар. Химиялық шаралар – дәндерді құрамында ГХЦГ гамма-изомері бар препараттармен залалсыздандыру, тәлімбақтар немесе орман дақылдарына қолдану алдында бір жыл бұрын топырақты гексахлоранмен залалсыздандыру керек. Тәлімбақтарда қоңыздардың көбейгенін ескерту үшін, гексахлоранмен өңделген шөп үйіндісі үйіп қойылады. 1 га жерге мамыр-маусым айларында 50-100 1,5-2 кг гексахлораны бар дустымен көңіл аударғыш шөптері қойылады.

Шағын дала шыртылдағы – Agriotes sputator L. СССР-дің европалық бөлігіндегі оңтүстік орман даласы мен далалық аумақтарда Қырым, Кавказда және Батыс Сібірде көп тараған. Ауыл шаруашылығындағы ең қауіпті зиянкестердің бірі болып табылады. Оның дернәсілдері ауылшаруашылық дақылдардан басқа, отырғызылған орман дәндерін, екпе көшеттерінің тамырларын және екпелерді бүлдіреді. Ұрықтануы төртжылдық.

Қоңыздар мен әр түрлі жастағы дернәсілдер топырақта қыстайды. Қоңыздар топырақтан көктемде ерте сәуір-мамыр айларында шығады және 10-20 күннен кейін жұмыртқаны 2-5 см тереңдікке салып бастайды. Аналықтың ұрықтылығы 150 жұмыртқа. Жұмыртқа 20-30 күнге дейін дамиды. Күндіз басқа да шыртылдақтар секілді тыныш өмір сүреді. Жер түйіршіктерінің астына, өсімдік қалдықтарының астында және басқа да тығылуға ыңғайлы жерлерде жасырынады. Кешке қарай ұшып бастайды. Дернәсілдер 3-4 одан да көп жылдар бойында температураға байланысты дамиды. Соңғы жастағы дернәсілдер шілде-тамыз айларында қуыршақтана бастайды. Қоңыздар қуыршақтардан 8-12 күннен кейін туа бастайды. Жас қоңыздар топырақта қыстауға қалады.

Алапес дала шыртылдағының – Agriotes lineanus L. (8 сур., 7, 8) өмір салты алдындағы екі шыртылдақ салтына ұқсас. СССР-дің европалық бөлігіндегі оңтүстік орман даласы мен далалық аумақтарда, Кавказда және Батыс Сібірде көп тараған. Ол қара топырақты жерлерден гөрі, жеңіл топырақты жерлерде көптен кездеседі.

Жуан шыртылдақ – Selatosomus latus Fabr. СССР-дің европалық бөлігіндегі оңтүстік орман даласы мен далалық аумақтарда, Қырымда, Кавказда және Батыс Сібірде, Амурмаңында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында және Түркменияда көп тараған. Ұрықтануы төрт-бес жылдық.

Қоңыздар мен әр түрлі жастағы дернәсілдері топырақта қыстайды. Қоңыздар көктемде ерте пайда болып, ашық өмір сүреді. Аналығы жұмыртқаларын топырақтың үстіңгі қабатында 3-5 үймелеп салады. Аналықтың ұрықтануы 200 жұмыртқаға дейін жетеді. Жұмыртқаның дамуы 12-18 күнге созылады. Дернәсілдер мамыр-маусым айларында пайда болады. Олар кемінде 3, солтүстік аумақтарда 4-5 жыл дамиды. Шілде-тамызда қуыршақтанады. Қуыршақтану мерзімі 2-3 аптаға созылады. Жаңа туған қоңыздар топырақта келесі көктемді тосып қалады.

Сұр шыртылдақ – Brachylacon murinus L. барлық жерді мекендейді десе де болады, тек шөл мен шөлейт жерлерде болмайды. Ормандарда дернәсілдер бірінші кезде қарашірікпен қоректенеді, сосын дәндерді бүлдіреді, сүрек өсімдіктерінің өспесін, басқа жәндіктердің дернәсілдері мен қуыршақтарын жейді. Ұрықтануы төрт-бес жыл.

Қоңыздар мен әр түрлі жастағы дернәсілдер қыстайды. Қыстан шыққан қоңыздар мамыр мен маусымның басында топырақтан шығады. Жұмыртқаларын топыраққа орман отырғызылған жердің астына салады.

Құм медлягі –Opatrum sabulosum L. (8 сур., 2, 3, 4). СССР-дің европалық бөлігіндегі оңтүстік орман даласы мен далалық аумақтарда, Қырымда, Кавказда және оңтүстік Сібірде, Орта Азия тауларында көп тараған. Ауылшаруашылық дақылдары мен орман тәлімбұтақтарына зиянын тигізеді. Ұрықтануы біржылдық.

Қоңыздар топырақтың үстіңгі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Көктемде пайда болады сәуір мен мамырда, күндіз топырақ үстінде жүреді, ашық өмір салтын ұстанады. Жаңбырлы күндері және түнде қоңыздар өсімдік қалдықтарының астына және тағы басқа жасырынатын жерлерге тығылады. Қоңыздар көктемде сүрек пен бұталардығ таужыныстарын бұзады (8 сур., 5), тәлімбақтарда ең бірінші гүлдер мен жапырақтарды жейді. Аналықтары жұмыртқасын топырақтың жұмсақ жерінде, бет жағына салады. 10-12 күннен кейін пайда болған дернәсілдер топырақта 2 айға жуық дамиды. Осы кезде олар қарашірікпен және әр түрлі қабыршақты өсімдіктермен қоректенеді. Дернәсілдер шілде-тамыз айларында қуыршақтанады. Жаңа ұрпақ қоңыздары қыстайды.

Күрес шаралары. Қоңыздарды уланған тамақтар арқылы көңілін аулап, өлтіру. Қорғалған тәлімбақта (аумақта) 6 х 6 м қашықтықта сабақ мен былтырғы шөп үйінділері гексахлоранның гамма-изомерімен уланып қойылады. Қоңыздар көптеп шыққанда 0,8 кг/га өлшемінде хлорофос шашылсын.

Дала медлягі – Blaps hatophila Fish. СССР-дің европалық бөлігіндегі оңтүстік орман даласы мен далалық аумақтарда, Батыс Сібірде, Орта Азияда көп тараған. Далалық аумақтарда зияны көптеу, ауылшаруашылық дақылдарына тиеді. Орман тәлімбақтарындағы қоңыздар мен дернәсілдер көктемде дәндерді, өскіндерді және өсімдік қабыршақтарымен қоректенеді. Ұрпақтануы біржылдық.

Қоңыздар мен дернәсілдер қыстайды. Жас қоңыздармаусым мен шілде айларында топырақта туады және бірден жұмыртқа салады. Қоңыздар 2 жылдай жыл сайын топыраққа жұмыртқа салып өмір сүреді. Аналықтың жалпы ұрықтануы – 500 жұмыртқа. Жұмыртқаның дамуы 10-12 күнге созылады. Пайда болған дернәсілдер қыстайды, мамыр аяғы мен шілдеде қуыршақтанады.

Дала медлягінің қоңызы тығылып өмір сүреді.

Кравчик-головач – Lethrus apterus Laxm. (8 сур.,1). СССР-дің европалық бөлігінің оңтүстік орманды-дала және дала аумақтарында болады. Шығыс жерлерде осы туыстықтың басқа түрлері өмір сүреді. Сүрек және шөпті өсімдіктерді бүлдіреді. Қоңыздар зиян келтіреді. Дернәсілдері зиянсыз.

Қоңыздары қыстайды. Қоңыздар көктемде ерте пйда болып наурыздың соңы – сәуірде қоңыздар өсіп жатқан өсімдіктердің жап

123
скачать работу

Зиянкестердің морфологиялық сипаттамасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ