Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зиянкестердің морфологиялық сипаттамасы

ырақтары мен өскіндерін тістеп, оларды өздерінің жердегі жүрістеріне дернәсілдерін тамақтандыру үшін алады.

Қоңыздар өздерінің өтетін жерлерін 60 мм тереңдікте жасайды. Өткелдің төмен жағына жұмыртқалар мен болашақ дернәсілдеріне арнап жасыл шөп дайындап қояды. Жұмыртқа – 10 күн, дернәсіл – 20-25 күн, қуыршақ – 15 күн ішінде дамиды. Жас қоңыздар туылған жерлерінде қыстайды.

Тәлімбақтарға және орман дақылдарына арналған жерлерді жырту. Қоңыздардың жаңа пайда болған кезінде 15-20 кг/га есебімен 12 % гексахлоран дустысын шашу.

Күздік түн көбелек – Agrotis segetum Schiff. Қиыр Сібірден басқа барлық жерлерді мекендейді. Жемдік және тағы басқа ауылшаруашылық дақылдарын құртады. Орман шаруашылығында, тәлімбақтарда 1-2 жылдық дақылдарға зиянын тигізеді. Солтүстік жақтарда – бір ұрпақ болып, орманды-дала, далалық аймақтарда – екі, оңтүстікке жақын Украина және Кавказ маңы желерінде үштік дамуда.

Ересек жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде топырақта қуыршақтанады. Көбелектердің ұшуы екі ұрпақтықтарда бір рет – мамырдан маусымның аяғына дейін, екіншісі – шілдеден қыркүйекке дейін. Көбелектер кешкі қараңғылықта белсенді болады. Жарық пен тоқ иісі оларға жақсы көңіл аудартады, солай санын байқауға болады. Түн көбелектің ұрықтығы 2500 жұмыртқа. Жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе 2-16 дан үйіп, арам шөп жапырақтарында, өсімдік дақылдарында және топыраққа салады. Жұмыртқа 5-17 күнде дамиды. Жұлдызқұрттар бірінші кезде жас жапырақтармен қоректеніп, ашық өмір сүрді, ал ІІ жасынан топыраққа кетіп, түнде қоректенетін болды. Ересек жұлдызқұрттар жер астындағы және тамыр маңындағы өсімдік бөліктерін жейді.

Көбелектер қоректенетін және жұмыртқасын қалдыратын арам шөптерді жұлу. Оларды гексахлоран препараты немесе басқа да улы затпен арам шөптің үлкен жапырақтарын жағып, солай улап өлтіру. Хлорофос немесе гексахлоран препараттарымен жас жұлдызқұрттар отырған жерлерге шашу. Жұлдызқұрттармен күресу үшін, топыраққа түйіршектелген мына препараттар қосылады: базудин 10 %, гексахлоран – 2-4 %.

Кәдімгі бұзаубас – Gryllotalpa gryllotalpa L. (8 сур., 6). Солтүстік аумақтардан басқа СССР-дің европалық бөлігіне қатысты жерлердің бәрінде. Жер шығанақтары мен суқорларының бойында көп кездеседі. Орман тәлімбақтарында және жас отырғызылған жерлерде, дмқыл жерлерде өсімдіктердің тамырын кемріп, өлтіріп тастайды. Ұрпақтануы екіжылдық, оңтүстіктерде біржылдық. Бұзаубас тереңдігі 1 м жерде қыстайды. Шіріген өсімдіктердің жиналғанын қалайды. Көктемде топырақ үстінде пайда болады және жұптаудан кейін мамыр-маусым айларында жердің 10-15 см тереңдігіне ұя жасап, 300 жұмыртқа басады. Дернәсілдері 10-15 күннен кейін жұмыртқадан шығады да, еңбектеп барып өсімдік тамырларына барады. Дамуларын келесі жылдың жазында аяқтап, ересек бұзаубас қайда қыстаса, сонда қыстайды.

Жұмыртқалары бар ұяларды бұзу үшін жерді жырту. Көктемгі-жазғы мезгілде жылқының қиы пайдаланылады. Ал химиялық құралдардан уланған алдамыштар жатады. Оларды жүгері жемінен, басқа да жеміс дақылдарына 2-3 % өсімдік майы енеді.

Шығыс бұзаубасы – Gryllotalpa fossor Scudd. Қиыр Шығыста тараған. Өмір сүру салты басқа бұзаубастарға ұқсайды.

Дымқыл, нәрленген топырақтарда өсімдік тамырларына ұзынаяқ масалардың дернәсілдері зиянын тигізуі мүмкін. Олар Tipulidae семьясына жатады, оған қарсы агротехникалық жабдықтардан басқа да, тұзаққа түсіру арқылы жоюға болады.

123
скачать работу

Зиянкестердің морфологиялық сипаттамасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ