Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

ералар болса қарапайым халыққа арналып жазылды, сондықтан әрқайсысында күрес сахналары, ұйысқан махаббат хикаялары, құдайларға үндеулер арнайы эффекттермен әшкереленіп қолданылған.

           Байыпты опералардың арасына күлкілі сахналарды орнату жаңа дәстүрге айналды. Бұдан кейін опера buffa деп аталатын жаңа демократиялық музыкалық – театрлық  жанр өсетін болды.

           Халық мәдениетіне жақындау венециялық композиторлардың  музыкалық тілін демократизациялай түседі, олар баркарола халық ән жанрын махаббатпен қолданған. Опера өнерінің венециялық кезеңі драматикалық ән салудың гүлденуі де, және музыкалық драманы костюмдегі концертке айналдырған эволюцияның басы.

       Кавалли. Чести. Көптеген венециялық композиторлардың арасында Франческо Кавалли (1602 – 1676) және Марко Антонио Чести (1623  - 1669) ерекшеленеді.

Кавалли жеке ән салудың түрлі формаларын шеберлікпен дамытты. Оның речитативтері мен драматикалық сценалары Монтевердидің өзінен қалмайды.

Опералық өнерді демократизациялау үстінде Ковалли Монтеверді құрған байыпты, биік драматикалық стильді ұстанды.                                                                            Европаға кең тараған парадты сарай операсын  шығарған келесі венеция театрлық қызметкері, Марко Антонио Чести басқа ұмтылыстарымен әйгілі. Ол драматикалық жүрісті тоқтатқан, одан мүлдем тыс концерттік жоспардағы бітеу арияларды ойлап шығарды.

     Вендік императорлық сахна үшін ол Парис және Елена жайлы өзінің ең әйгілі операсын жазды – «Золотое яблоко».

       Чести шығармашылығы жаңа бағыт белгісі, яғни музыкалық драманың «опера - концертке», «виртуоздарға арналған» операға айналудың көрсеткіші ретінде.

      

          Неаполитандық мектеп.17 ғасырдың екінші жартысында итальяндық музыкалық театрдың тарихында маңызды рөл неаполитандық операға ауысады. Неаполитандық композиторлар ойлап шығарған опералық драматургия принциптері универсалды болды да олрды жалпы ұлттық  итальяндық seria операсына ұқсатады.

          Неаполь ежелден – ақ музыкалық мәдениеттің орталығы боп саналған. Ондағы консерваторияларда итальяндық музыка шеберлері дәріс берген, Алессандро Скарлатти, Никола Порпора, Франческо Дуранте және т. б.

           Консерваторияның түлектері, әлемге бұл – бұл  құстар секілді итальяндық музыканың атағын және «тамаша ән салуды» (bel canto) әйгілі еткен.

          Неаполитандық опера эволюциясының бірінші кезеңі  Франческо Провенцале (1627 - 1704) және Алессандро Скарлатти аттарымен байланысты.

    

         Алессандро Скарлатти. Алессандро Скарлатти (1660 - 1725) – Монтевердиден кейінгі сол уақыттың ең көрнекті композиторы. Ол – жүзден астам операның, бірнеше жүз кантатаның, ораториялардың, мессалардың, мадригалдардың, кейбір аспаптардыға арналған көптеген пьессалардың авторы. Бірақ оның бай мұрасының ішінде операның көркемдік мазмұны және тарихи құны маңызды боп табылады.

          Скарлатти Монтеверди, Ковалли, Чести шығармаларына қарап үйренген. Оның шығармашылығында Венеция операсында көрінген ерекшеліктер өңделе түскен. Музыкалық бастау драмадан маңызы жағынан басым тұрады және музыкалық – драматикалық қозғалысқа қарағанда бітеу жеке ән салу формалары ерекше мәнге толы. Ария мен речетативті бөлу күшейе түседі : речитатив әрекетті білдірсе, арияда ішкі дүние ашылады. Скарлатти операларында da capo ария типі қалаптасты. Ол неаполитандық композиторлардың операларындағы басым көп кездесетін негізгі формаға айналды.

Венециялықтардан кейін Скарлаттиден бастап неаполитандықтар операға үйреншікті тұрмыстық жанрларды енгізді. Олардың шығармашылықтарында сицилиананың орындалуы жиіленді.

      Неаполитандық композиторлардың және Скарлаттидің шығармашылықтарында речитатив ары қарай дами бастайды. Екі түр пайда болды: біріншісі secco («құрғақ») деп аталды, ритмдік және темптік жағынан ол бос орындалады, клавесиннің аккордтарымен ғана сүйемелденеді; ал екінші түрі accompagnato («сүйемелденген»), толық дыбысты оркестрмен бірге орындалады, әуені дамыған және ритмдік пен темптік нақты белгілемелері бар. Драматикалық жанрларда екі түрі де кең қолданылды.

       Скарлатти – итальяндық композиторларының ішінде оркестрге үлкен маңыз берген сирек кездесетін сазгер. Ол оркестрлік кіріспе бөлімдерге көп көңіл бөліп классикалық симфонияға ықпал еткен  итальяндық үшбөлімді увертюраның толық қалыптасуына еңбек сіңірген.

      

         Скарлаттиден кейінгі итальяндық опера. Жүзжылдықтың соңына қарай seria операсы Италия шекарасынан шығып Европа елдеріне таралды.

       Музыканың драмаға қарағанды басым болуы әншілердің диктатурасына әкеп соқты. Ариядан басқа опералық формалар қолданудан қалды, ал виртуоздық енді күшті сезімдерді бейнелеу үшін емес өһз алдына өзі мақсатқа айналды. Музыка мен драматикалық әрекеттің бұзылуы операдағы номерлер мен кейде тіпті сахналардың орындарын ауыстыруға әкелді. Seria – ның жаңа түрі pasticcio («паштет», «аралас») , пайда болып таралды. Онда әртүрлі опералар мен түрлі композиторлардың шығармаларының сахналалары қосылуы мүмкін болды. Осының барлығы операның аристократтардың мерекелерде көңіл көтере алатын парадты опера – концертіне айналуына ықпал етті.

         Seria – ның канондалған формаларына  қарама – қарсы buffa демократикалық жанрындағы комедиялық опера пайда бола бастады.

 

                                    Франциялық опера.

         17 ғасырдың екінші жартысы – франциялық абсолютизмінің дамуының шарықтау шегі.

          15 ғасырдан бастап Қайта өрлеу заманының гуманисттік идеялары Франция мәдениетін нәрлендіреді, музыканың, әдебиеттің, театрдың дамуында сәулеленді.

            1567 жылы Парижде «Музыка мен поэзия академиясының» ашылуымен белгілі. Оның ұраны – антикаға оралу – болашақ мәдениет классицизмнің да ұраны болды.

       Людовик 14 хандығы кезінде оның әмірін арттыру аса күшті еді, ел басын қолпаштау абсолютизмге  сай қасиет болса да Людовик 14 патшаны тіпті құдай деп санаған. Мемлекеттің түкпіролеінен Парижге – басқарушылар цитаделіне – тамаша таланттар жиналды, бұл астана мәртебесін арттыру үшін де жасалды. Сонымен Париж елдің көркемдік өмірі мен мәдениетінің қайнар көзіне айналды.    

      Француздық ұлттық операның дамуының бастапқы кезеңі.17 ғасырдвғы Европадағы мемлекеттер арасында Франция ғана Италия музыкасына өзінің ұлттық мәдениетін қарсы қоя алып, өзіндік опера өнерін тапты. Ұлттық операсын қалыптастыру жолында қалыптасып дамыған итальяндық опералық өнердің тәжірибесіне сүйене алды.Француз сарай маңы мен қалалық қауымның итальяндық музыкамен танысуы Екатерина Медичи уақытынан басталды. Ол итальяндық комедиялық музыканы сүйді. Парижде Каваллидің шығармалары шырқалғанға дейін франция операсын шығаруға бірнеше қадам жасалды. Ниеттенушілер – Пьер Перрен ақыны, Робер Камбер музыканты. Камбер «Неблагодарная немая» деген музыкалық – сахналық шығарма жазды; ол 1658 жылы орындалды, ал 1659 Перреннің текстіне «Пастораль» шықты. Сәттілік кездестірген «Пастораль» авторлары Людовик 14 – ге парижде қауымдық опералық театр ашу жайлы өтініш берді. 1669 жылы Камбер мен Перрен «Патша

12345
скачать работу

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ