Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

зиторы ретінде негізделген Гендельдің, немесе итальяндық операға өзінің орасан талантын толығымен арнаған Гассенің аттарын мысалға келтірсек жетерлік.

           Неміс композиторы үшін халықпен шығармашылық қарым – қатынас үшін орнының, және эстрада рөлін шіркеу атқарған.

            Германиядағы қауымдық жағдай сол кезеңнің кәсіби музыкасының даму бағытының шіркеу арнасында ғана өтуге ықпал етті.

 

                                       Ағылшын операсы.

          Англиядағы опера өмірі Германияда сияқты қысқа болды. Англия Европа мемлекеттері арасындағы экономикалық, саяси, мәдени жақтардан ең дамыған ел болғандықтан бұл жағдайлар таң қалдырырлық.

     Ағылшын революциясы сол кезең үшін жаңа, жас және прогрессивті буржуазияны және өндірістік күштер қорын іске асыруға жол ашты. 

            Британияда 9, 10, 12 ғғ. ежелгі хроникалары музыканың алдыңғы орындарда тұрғаны жайлы мәлімдейді. Континентке таралған көп дауысты музыка Англияның халықтық музыкалық шығармашылығынан шықты.

         Ағылышын полифонисттерінің шығармашылығы,15 ғ. бірінші жартысының көрнекті композиторы Данстейблдың үлкен кәсіби музыканы көрсете алды.

      16 ғ. Англия өзінің верджиналшы – композиторларымен әйгілі еді.  Ұлттың таланты аса нақышты көрінген тағы бір сала, ол – театр. Ағылшын театрында музыка драматикалық әрекеттің бөлінбес үлесі ретінде қарастырылды.

           Англияда ежелден бері арнаулы «маска» деген атауы бар, ерекше музыкалық – драматикалық жанр бар. Кейбір ғалымдар «маскаларды» ағылшын ұлттық операсының ежелгі үлгісі деп санайды.  «Маскаларға» музыка жазумен көптеген талантты композиторлар айналысты.

           Ағылшын ұлттық операсының шынайы, әрі жалғыз жаратушысы Генри Перселл.

         Генри Перселл. Генри Перселл (1658 - 1695) итальяндық музыканы зерттеп шықты, одан көп дәріс ала алды, бірақ Люлли шығармашылығы оған жақынырақ болды, оны Перселл аса сезімталдықпен қабылдады.

            Перселл шығармашылығы бүкіл жақтарынан қызық та, бай. Ол антемдер, гимндерді, аспаптық музыканы жазды. Ол ондаған музыкалық – драматикалық еңбектердің авторы,  бірақ олардың арасында  тек бір опера. – «Дидона и Эней». «Дидона и Эней» әрекет басынан аяғына дейін музыкаға тапсырылған, әңгімелік қосымшалар мен диалогтар араласпаған ағылшын операсының жалғыз үлгісі деп те айтуға болады.

              Перселл өз талантына зиян келтірмей - ақ итальяндық және француз операларының тәжірибесін қолдана білді. Мысалы, итальяндық әсер жеке ән салуға көңіл бөлінуде, Монтеверди мен венециялық композиторларының қолданған әдістер мен формаларын қабылддағандығында байқалады.

              Люлли ықпалы хор үнінің қарапайымдылығы мен билік құрылыстарда сезіледі.  Осымен қатар бұл эпизодтарда фольклор мен ұлттық дәстүрге жақындық бар. «Дидона и Эней» 17ғ. соңының ағылшын опералық және музыкалық театрлық мәдениетіндегі ең үздік ескерткіші. Мұнда Перселлдің ұлы талантының ең жақсы жақтары көріне алды: терең өткір, ұстамды, шыншыл лиризм, ағылшын халық әндерінің жаңалығы, конструкциялардың кіршіксіздігі. Перселлдің опералық формаларының түрлілігі мен лаконизмі оның замандас итальяндық  және француз композиторларының түсініксіз еңбектерінен аса ерекшеленеді. Дидонаның соңғы ариясы - мұңды чакона - және оны жоқтаған хор сол уақыттың операларына тән емес лирикалық – трагедиялық финал құрайды.

         Перселлдің өмірден мезгілсіз өмірден өтуі ағылшын опрасының соңы болды.

             Патшалық тектің, ақсүйектердің, меценаттардың  қолдауын пайдаланып шетелдерден, көбінесе Италиядан музыканттар көп келе бастады.

                             

                                 17ғ. аспаптық музыкасы.

             Шығармашылықтың жеке саласы  ретінде аспаптық музыка өз орнын бірден ала қойған жоқ. Ол әндерді суемелдеуге ғана арналып, аспаптық музыкалық әдебиеттің барлығы осы мақсатқа бағытталып жасалған вокалдық шығармалардың аудармалары  болды. Тұрмыстық  және концерттік орындаушылық формаларында байқалған  өзгерістер 17 ғ. көрінді. Бұл процессті схематикалық полифониялық және гомофондық музыканың параллельді дамуы секілді елестетуге болады. Полифония діни шығармаларда көп көрінсе, гомофондық ән мен биде негізге ие болғандықтан, тұрмыстыұ музыкаға тән жіне одан ақсуйектік музыка туып шығады. Бір жол – фуга жағына, басқасы – сюита, концерт, симфонияға бағыт алды. Шыныдығында  абсолюттті дифференцияциялауға болмайды, себебі, полифонияда гомофондық қасиеттер болса, керісінше гомофонияда полифониялық элементтер ұшырасып жатады.

                          Полифония мен органдық музыка.

          Полифония(көп дауыстылық деген ұғымды білдіреді) бірнеше бірдей дәрежелі дауыстардың қосылуын білдіреді.  Полифониялық музыкада басты және қосалқы, әуендік және сүйемелдеуші дауыстар болмайды; әрқайсысы маңызды әрі өз жолының иесі.

          Гомофондық құрылыста бүкіл дауыстарды біреуі басқарып негізгі әуенді орындайды, қалғандары қосалқы маңызды. Бұл сүйемелдеуші дауыстар.

         Өзінің пайда болғандығымен халық музыкалық шығармашылығына міндетті көпдауысты музыканың ең алғашқы ескерткіштері 10 – 11 ғғ. жатады.  14 – 15 ғғ. полифония биік өнерге дейін жетті. Осы көпдауыстықтың кезеңінде музыка контрапункт деп аталды.«Контрапункт» - ол әуенді жүргізудің нақты системасы, бірнеше әуендерді біркелкі дыбысталуы өнері.

       Полифонияның  негізгі қасиеттерінің бірі – имитация. Бұл бір уақытта емес, бірінен соң бірі барлық дауыстардың бір әуенді қайталап отырып орындайтын әдіс. Полифонияда бүкіл даустардың бірақ каденциялауы, немесе паузалары салыстырмалы сирек кездеседі.

          Көп ғасырлар бойы көпдаусты музыка дамуы тек вокалды – хорлық шығармашылықта ғана дамыды деуге болады, аспаптық өнер болса ақсүйектік вокалдық - хорлық музыкаға бағыныштылықты  кешіп отырғандықтан одан формаларды, даму әдістерін, мәнерлеу тәсілдерін қамтыды.

             Органдық музыканың дамуы. Аспаптық полифония дамуы органдық музыкасының өркендеуімен тығыз байланысты болды. Бір кездері орган қазіргі күйсандық сияқты ақсуйектік аспап ретінде кең таралды. 16 ғ. соңында техникалық өзгерістері оны сол кезде болған  аспаптар ішінде ең дамығаны етті. Сол уақыттан органның «Аспаптар патшасының» басымшылық кезеңі басталды.

         Егер бұрын шіреуде органға кішкентай ғана рөл берілсе, енді оған шіркеу қызметі кезінде музыкалық әшкерлеудегі негізгі орын тапсырылған.

       Италияда органдық мектептің басшысы Римдегі киелі Петр соборының органшысы Джироламо Фрескобальдиді (1583 - 1643) «итальяндық Бах» деп атаған.

        17ғ. екінші жартысынан бастап басшылық әуендік мәнерлілеу, портативтілеу, иілгіш скрипкаға көшті.

         Францияда 17ғ. ақсүйектік музыка мәдениетінің и

12345
скачать работу

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ