Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

нтенсивті өсуі, нақты айтқанда клавесинизмнің дамуы, француздық органдық мектепті артқа шығара бастады.

       Германиядағы органдық музыка. Органдық музыканың нығайып, бұрын - соңды болмаған күш пен жарқындыққа ие болған мемлекет Германия еді.

        Органистқа богослужение уақытындағы музыканы толығымен бақылау тапсырылды: хорды басқару, общинаның ән салуын органмен сүйемелдеу, аспаптық пьесаларды орындау. Алғаншқы неміс органдық композиторлары венециялықтар Анлреа және Джованни Габриелилердің шәкірттері еді.

        Италияда білім алған немесе шеберлігін арттыруға барып келген неміс музыканттары итальяндық мәдениеттің таратушылары болып шыққан.

          Неміс аспаптық музыкасының дамуына Амстердамнан келген нидерландық әйгілі композитор Ян Питерс Свелинк (1562 - 1621) ықпал етті. Неміс протестандық хорал неміс органдық өнердің негізі. 17ғ. Иоган Себастьян Бахтың алдында болған ғұламалар – Пахельбель, Бём, Рейнкен, Букстехуде – хоралды әртүрлі бағытта дамытып өңдеумен айналысқан.

             17ғ. негізгі жанрлардың бағыттары айқындалды : әртүрлі эпизодтарды біріктіре алатын, импровизациялық және имитация принциптері қаталдырақ ұсталатындар. Импровизациялық типке жататын пьесалар прелюдиялар, фантазиялар, токатталар; ал имитациялық құрылыстылардан фуга бастауын алады. Бұл жанрлардың барлықтары Бах шығармашылығында пісіп жетілді. Ол импровизациялық және фугалық құрылымдарды бөлек – бөлек дамытты.

          Импровизациялық құрылымдық және фуганың біркелкі көркемдік импровизацияға біріккен, және циклдік шығарма ұйымдастырылды.

         Бах огандық музыкада полифониялық циклдің тамаша үлгілерін шығарып, бұл форманы клавирлік өнерге аударды, «Жақсы темперацияланған клавир» 48 прелюдия мен фугада оның қасиеттерін ашты.

          И. С. Бахтың прелюдиялары мен фугалары.

Оның көптеген прелюдияларына кейбір ортақ қасиеттер тән. Олар - әрекеттің моторлы сипаты, фактура мен ритмнің біркелкілігі. Ондай прелюдияларда, фугаларға қарағанда, тақырыпты анықтап табу қиын.

           Қалыптасқан сыртқы формаларды сақтағандай боп Бах оларды ішкі жағынан сындырып жаңа деңгейге көтерді.

            Әуендік  және гармониялық дамытудың амалдарымен моторлықты жойды.

           Фуга  - полифониялық музыканың ең күрделі және биік формасы. Бахтың фугалары полифониялық музыканың биік үлгісі, сұлулығының  нормасы  боп саналады. Оның әр фугасы – органдық, клавирлік және хорлық - өзіндігімен, формасының көркемдігімен ерекшеленеді.

           Фуга көпдауысты шығарма. Оның негізінде бір немесе екі – үш тақырып жатады.

            Фуганың типикалық формасы – үш бөлімдік: экспозиция, өңдеу бөлімі, реприза.   

Клавирлік музыка. Клавишалық – ішектік аспап, клавир жайлы

Алғашқы мәлімет 14 – 15ғғ. жатады. 16 ғ. клавирдің екі түрі анықталып ең кең таралған аспап болады. Бұлар – клавесин мен клавткорд, және олар әртүрлі атауларға ие болды: клавесин, чембало, спинет, харпсихорд, верджинел.

             16ғ басталған клавишалық – ішектік аспаптарды шығармашылық игеру бөлек ұлттық мектептердің пайда болуына, кейінгі кейінгі буындардың композиторлары сүйенген дәстүрлердің қалыптасуына әкелді. Европалық мемлекеттерінің көпшілігінде – Италияда және Польшада, Испания мен Чехияда – клавирш – музыканттар клавирлік музыканың таралуына және музыкалық өмір мен тұрмысқа енуіне үлкен ықпал етті.

              Клавирге арналған сюита мен вариацияның қалыптасуы. Таза музыкалық дамуға талапты, бірақ өзінің тууымен биге міндетті жанрлар қалыптаса бастайды: сарабанда, чакона, пассакалия.

        Бах пен Гендельдің монументалды шығармашылықтарында бұл ежелгі жанрлардың тарихы аяқталады.

         16 – 17ғғ. клавирлік өнердің алдыңғы орны Франция мен Англияда болған.

          Ағылшын верджинелшілерінің 16 ғ. және 17ғ. басындағы музыкалық жинақтарында кең таралған халықтық – тұрмыстық ән әуендері және билерге вариация болып табылатын пьесалар басым болды. Француз клавесиндік мектебінің негізін қалаушы боп  Шамбоньер ретінде танымал, Жақ Шампион (1601 ж кейін – 1670 /72). Клавесиндік стиль француздық клавесиншылар мектебінің көрнекті өкілі Франсуа Куперен арқасында классикалық нормаларына ие болды.

         Егер ағылшын верджинелшілері вариациларды клавирлік музыкаға енгізсе, француз клавесиншілерінің шығармашылығы клавирлік сюитаның пайда болып дамуымен байланысты.

         «Сюита» атауы француз сөздері “suite”, “partie” деген, «тізбек» ұғымын білдіретін сөздерден шыққан. Оның негізін сипаты жағынан контрастты билер құрайды.

        Ежелгі сюитаның өзегі – төрт би – аллеманда, куранта, сарабанда, жига.

         Аллеманда – ауырлау келген сабырлы – ұстамды әрекетті би. Көбінесе полифониялық түрде жазылады.

          Куранта – үш үлесті көлемдегі шапшаңдау би.

          Сарабанда – діни – дәстүрлік жағдайда пайа болған. Соңара оны траурлық церемониялар кезінде орындаған. Бұл баяу әрекетті, үш үлесті метрлі, екінші үлесті ұзарту тән.

           Жига – ең тез ежелгі би. Ол финалды би функциясына ие болған. Материал полифониялық, фугалық та жазу жиі кездеседі.

           Аталған төрт биден басқа сюитаға қосымша басқа билер енгізілген: гавот, менуэт, бурре, паспье, полонез.

          

       Француз клавесиндік мектебі.Француздық  клавесиншылар әуезді, әшекейлі әуендікті тапты. Әртүрлі морденттердің, группеттолардың, форшлагтардың 18ғ. Жалпы француз мәдениетіне тән әшекейлйлікпен туыстастығы көрінген. Осы қасиет арқасында бұл ғасыр «рококо» мәдениеті деп аталды.

          «Ұлы Франсуа» деген атаққа ие болған Франсуа Куперен (1668 – 1733) шығармашылығы француз клавесиндік өнерінің шыңы болып табылады. Оның сюиталары ұлан көлемдерге дейін өсіп, оның ішіне бағдарламалық миниатюралар да енген: «Застенчивая», «Сумрачная», «Будильник» т. б.

            Куперенде көптеген оқушылар мен ізбасарлар болғанмен (Жан Франсуа Дандриё, Клод Дакен т. б. ), әйгілі Рамо мен қосқан да да ешқайсысы француз клавесиндік музыкасын кеңейтіп, ары қарай дамыта алмады.

            Куперен шығармашылығы – француз клавесиндік музыкасының дамуының ұзақ процессінің қорытындысы, оның формалары, жанрлары және клавесиндік стилі де осы ғұламаның еңбектерінде қалыптасты.

12345
скачать работу

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ