Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

а сыймады.

Көңілін тартып көп еңбек,

Кетті егіннің басына:

Күнде көмек берем деп

Майдандағы досына...    

                               (Ғ.Орманов  “Жар жалауы”)

Жүргізуші:Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақ сақалды аталар бәріне төзді. Соғыс ауыртпалығының куәсі болған әжелеріміз сол күндерді былай деп еске алады:

Көркемсөз оқушы:«Барлық ауыртпалық әйелдердің мойнына жүктелді. Сол күндерде бел шешіп демалған сәттер есіме түспей тұр. Таңның атысынан, күннің батысына дейін ферманың жұмысымен айналысамыз. Қолымнан бұл жұмыс келмейді дейтін сөз болмайды. Кешке жақын сығырайған керосин шамының жарығымен әскерлерге арнап шұлық тоқимыз. Солардың қан кешіп жүргендері есімізге түскенде, шаршағанымыз ұмытылып кетеді. Қанша қиындық көрсек те біз ел ішіндеміз ғой деп шүкірлік ететінбіз.»

Жасөспірім: өзіне жүктелген міндеттің жауаптылығы мен қажеттілігі әрбір әйелдің, қарттың, баланың жігерін ширата түседі. Соғыс жағдайы қаншалықты ауыр болғанмен әрбір жұмысшы мен әрбір ауыл адамы өзінің шама-шарқынша сағыстағы жауынгерлерге көмектесуді өздерінің ең бірінші, негізгі және ең басты борышы деп санады. Еңбек ерлігі... Бұл Ұлы Отан соғысының ерекше беттерінің бірі.. Жұмысшылар тәулік бойына дерлік заводтарда қару, техника жасады, әскерлерге киім  тікті. Сол кездегі халық аузындағы ең негізгі ұран «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» еді. Станоктың жанында 12-14 жасар балалар жұмыс істеді.

Қыз бала:  Ауыл адамдарының жіберген сыйлықтары біздің майдан шебіндегі жауынгерлеріміздің жан-дүниесін қатты тебіретті. Бұл сыйлықтар ауыр соғыс күндерінің өзінде оларға ауыл мен майданның мызғымас бірлігін еске түсірді, оларға ұлкен моральдық қолдау болды...

Көркемсөз оқушы: «Қымбатты жолдастар! Сіздер жіберген сыйлықты алғанда қандай теюбіреністе болғанымызды тілмен айтып жеткізу қиын. Майдан жағдайы ауыр. Нарядтар жарылып, пулеметтер сақылдайды. Осындай күндерде күтпеген жерден елден алған аппақ матаға ұқыпты оралған пакеттердегі жұпар иісті папиростар... Осы сәт жүректерге үлкен сүйіспеншілік сезімі құйылдыады. Сенімді тылдың соғысып жатқан армияның алдыңғы бөлімдерімен берік байланысын ойлағанда, кеудені мақтаныш сезімі кернейді...!»

Жасөспірім:  Соғыс жылдарыауыл адамдарының еңбектері өте ауыр еді. Адам, техника, ат-көлік, азық-түлік жетіспеді. Бірақ, осы қиыншылықтың бәрін ана мен балаға, ақ сақалды қарттарға қайыспай көтеруге тура келді...

(Шымылдық жабылады)

 

 

МАХАББАТ ТУРАЛЫ

         Көркемсөз оқушы: Өзің де асыл десе асыл едің,

Сен қашан қиындыққа жасып едің?!

Талайлар Отан үшін жанын қиды,

Артық деп қорқақтықтан батыр өлім.

Менің де мақсатым сол алға қойған,

Кек алу, дұшпаныма салып ойран.

Тегінде құрбандықсыз жеңіс болмас,

Қашаннан қатал заңы қанды майдан...

Әрине, мен де өмірді бағалаймын,

Күтемін жақсылығын туар айдың.

Ұйықтасам Жеңіс күнін мерекелеп,

Түсімде туған жерді аралаймын.

Бұл түс те өңге айналар етсек төзек,

Жүрекке «Жеңіс» деген орнап сезім-

Барамыз жауды қуып өз жеріне

Күн жақын оралатын Қарақозың. (Қ. Әбдәлиев«Сүйген жарға», 1942 жыл)

Жасөспірім:  Соғыс! Бұл   қантөгіс, ерлік, өлім ғана деген емес. Соғыста мейірбандылық, батырлық, қайырымдылық та болды... Алыстағы жақындарының маххабаты майдан күндерін аз уақытқа болса да ұмытуға көмектесіп, ерік-жігер беріп отырды. (Землянкаәні орындалады)

         Қыз бала: Соғыс адам баласының  бір-біріне деген  түсінушілігін, сүйіспеншілігін ұмыттырмады. ... Соғыс алдындағы бақытты өмірі, туған-туыс, сүйіктісінің қолдауы оларға өте қажет еді...

(Перде ашылады. Сахнаның шетіне таман қолында қарындашы мен қағазы бар әскери адам өзінің әйеліне хат жазып отырып ойланып кетеді. Сахнаға гимнастеркалы, жалаң бас  жауынгер және жеңіл ақ көйлек киген, қолында бір шоқ гүлі және домбырасы бар қыз шығып екеуі сахнаның  ортасында кездесіп, қыздың қолынан домбыраны алады. Қыз біртіндеп жігіттің қасынан алыстап кете береді. Жігіт  алыстап бара жатқан қызға қол бұлғап тұрады да, Қ.Аманжоловтың «Дариға сол қызын» орынайды. Ақ көйлек киген қыз бен ақ шалбар, көйлек  киген жасөспірім жігіт билеп жүреді. Муызыка тоқтағанда әскери адам тақпақ оқиды.)

         Жауынгер:

 

СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАС

         Көркемсөз оқушы:

Отан үшін! Жеңіс үшін!

                                        Деп содаттар салып ұран,

                                      Көтерілді атакаға,

Оққа қарсы жауып тұрған.

Сол мезгілде бір жауынгер,

Шойырылды ма, сүрінді ме,

Көкірегін қолмен басып

Құлады, сәл жүгірді де.

Жығылды ол, жығыпты оқ,

Ақты қаны ердің жерге.

Жеткені ме арсыз ажал,

«Тағы бір жеңдім» дер ме?

-Жоқ, жоқ! Ажал, қателестің,

Әлі бойда қайратым бар!

Әлі де мен соғысамын!

Қайратым бар, айбатым бар!

          (Ж.Молдағалиев «Екеуін де көтерді ол»)

         Жасөспірім: 1942 жылдың жазының ортасындажарты жылға созылған тарихи Сталинград қырғыны басталады. 

         Қыз бала: Сталинград қаласына миллиондаған бомбалар жарылып, фашистердің үлкен армиясы жұмылдырылды. Дегенмен, жаралы, отқа күйген қала жаумен шайқасын жалғастыра берді.

         Көркемсөз оқушы:

Нүркеннің ерлігі мен айбын-даңқын

Жырлайды домбыра алып ауылда ақын.

Есімі ескірмесін, ен даланың

Сөнбейтін алауындай лауылдасын.

Отырып самолеттіғ рулінде,

Самғаса көк аспанның бір өрінде.

Ілескен ұшарында тілектес боп,

Арқаның ескек желі жүрер бірге,

«Қазақтың жас жігіті көкті қалап,

Қалайша дәл осындай бітті қанат?»

Деген ой басына оның келе қалды,

Орманнан күн асқанда тік сағалап...

...Қаптаған штурмовик қырпып өтіп,

Қалады аспанға атқыш сыр-сыр етіп,

Танктер колоннасын қуып жетті,

От шашқан айналасын күркіретіп.

Нұркеннің машинасы осы жерде,-

Селк етті шығар шақта тосын өрге

Тынысы тұншыққаннан тарылғандай,

Икемі келмей қалды жосуға енді.

Самолет жанып тұрған шүйілерде,

Жауының төбесінен түйілерде.

Құрыш қол қатып қалып, дәл нұсқады,

Фашистік колонна жиын жерге.

Гүрс еткен жарылыстың үні естілді,

Көрсетті қызыл жалын бұл екпінді,

Желбіреп қызыл тудай қайсар жанның

Жеңісін жарлағандай үдеп тұрды!... ()1942жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлікрен қаза тапқан Нүркен Әбдіровке қайтыс болғаннан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

ДЕМАЛЫСТА

         Көркемсөз оқушы: Са

Пред.1112131415След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ