Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155 ,3 мың тонна мақта тапсырды.

ØҚазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді.

ØҰлыОтансоғысынабарлығы35 миллионадамқатынасты, ОртаАзияреспубликаларынансоғысқа  3 миллионға жуық адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандықтар екен.

ØҰлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық, 19 майдандық және флоттық, 103 армиялық газет, ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды. Сол сұрапыл ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1 округтік газет жарық көрген. Олар: «Қызыл әскер ақиқаты», «Қызыл Армия», «Жауға қарсы аттан», «Отан үшін алға», «Дабыл» және т.б.

 

Ұлы Отан соғысы туралы әндердің тізімі:

 

Әлия   - Сөзі: Б.Тәжібаевтікі

              Әні: С.Байтұрсыновтікі

 

Жас қазақ -   Сөзі: Ғ.Мұстафиндікі

                       Әні: Р.Елебаевтікі

 

Соғыстан қайтқан солдаттар – Сөзі: М.Мақатаевтікі

                                                     Әні: Т.Әбілхатиндікі

 

Дубосенова зиратында:  Сөзі: Қ.Шаңғытбаевтікі

                                          Әні: Н.Тілендиевтікі

 

Сол жігіттер қайда екен?  Сөзі: Ә.Ахметовтікі

                                             Әні: Ә.Байділдаевтікі

 

Тыныштық әлемге: Сөзі: Қ.Шаңғытбаевтікі

                                  Әні: С.Мұхаметжановтікі

Жеңіс жыры   Сөзі: Ж.Өмірбековтікі

                        Әні: Е.Ахмедиевтікі

 

Орамал   Сөзі: Ғ.Ормановтікі

                 Әні: А.Еспаевтікі

 

Кестелі орамал:  Сөзі: А.Лекеровтікі

                              Әні: М.Төлебаевтікі  

Жеңіскер ата, әжелер

                   Әні: Ғ.Тамендаров

                   Өлеңі: С.Қалиұлы

Әке даңқы

                              Әні: І.Жақановтікі

                                Сөзі: М.Шахановтікі

Қайталанбасын қасірет

                              Әні: Т.Тайбековтікі

                                Сөзі: Ә.Нілібаевтікі

 

 

 

 

ХАЛЫҚТЫҚСОҒЫС

 

 

Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеш

і

                                                                         “Алға қарыс бассаң бас,

                                                                      Сүйем кейін шегінбе!

   Әдет жоқ ондай тегінде!”  

    (лейтенант Көшеков)

 

Қатысушылар:

Жүргізушілер, жасөаспірім жне қыз бала, көркемсөз оқушы ( Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскер киімін киген бала)

Хор немесе вокалды топ

Театралды топ

Бишілер тобы

 

Безендірілуі:Көріністер барысында хор сахнаның артқы жағында тұрады. Жүргізушілер алдыңғы жақта сол жақта, көркемсөз оқушы оң жақта тұрады. Театрландырылған көріністер және билер сахнаның ортасында көрсетіледі.

Эпизодтардың аттары жабық  пердеде көрсетіледі. Кейбір музыкалық үзінділер аудибаспадан ойналады. Әндер хордың орындалуында беріледі.

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

Перде жабулы. Сахнада жүргізушілер: жасөспірім  мен қыз бала, көркемсөз оқушы

 

         Бала: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зыимырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. .

         Қыз бала:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын  бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 60 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

         Бала: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

              Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды.Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның  сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...

         Көркемсөз оқушы:Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір,

Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір.

Өлім мен өмір батыр алысқанда,

Бұрқылдап қызуына қайнар темір.

Соғыс не? Соғыс апат, соғыс соққы,

Ол соқса шығарушы бұрын жоқты.

Ол дауыл, күш мұхитын тасытады,

Елетпей азды –көпті, ашты-тоқты.

 

Соғыс не? Соғыс елдің сыны,

Ел емген қазыналы жердің сыны.

Адалдың арамменен айғақшысы,

Төгілген керек үшін тердің сыны.

Соғыс сұмдық атадан бала айырылған,

Біреуін қан, біреуін ар айырған.

Гүл бақшам бөлектеліп мен де кеттім,

Дінесім, Шаһмұрат, Анарымнан.

Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы,

Бір өлім, мың өлімнің арашасы.

Соғыста өлім құлап, өмір жеңер

Оны сезбес пікірдің аласасы. (Қ.Әбдіқадыров  «Соғыс»)

 

         Қыз бала: Сонымен, Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтақ және барлығын есімізге алып көрейік:

1941 жыл 22 маусым...СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ

         Перде ашылады. Сахнада мектеп ауласының көрінісі. ( «№ 20 мектеп» деген маңдайша

Пред.678910След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ