Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

ай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, бұл ұлы соғысқа жүздеген ұлт өкілдерінің барлығы қатысты. Бұл соғыс сол кездегі кеңес халқының басына келген нәубет еді. Сол апаттың бетін барлық халық бірігіп қайтарды.

        Қыз бала: Бір минут үнсіздік хабарлайды (барлығы тұрады)

        (Үнсіздік минутынан кейін перде ашылады. Сахнаға кешке қатысушылардың барлығы шығады)

        Жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы мен боп атылған, ел даусысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! 

 

Соғыс және балалық

 

Қазақ жазушыларының шығармалары бойынша 5-9 сынып оқушыларына арналған әдебиеттерге шолу

 

... Бала дәурен өтті ғой құйындаған,

                                                                     Балы менен шекері бұйырмаған.

                                                                    Өзін -өзі он жастар қорғамаса

                                                                    Өзгелерді қорғауы қиын, балам!

       

 

        Қырқыншы жылдардағы балалар...  Олар да мекитепте оқитын. Қазіргі балалар сияқты асыр салып асық ойнап, ертеңгі күнге үлкен сеніммен қарайтын.  Бірақ, сұм соғыс сол жылдардағы балаларды ерте есейтті. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түнді, яғни 4 жыл салды. Ерте есейген балғын балалар осынау отты кешулерде Жеңісті жақындатуға балалар да аямай ат салысты. Гвардияшылар сапында полк балалары, партизан балалары, тыл балалары.

        Соғыс жылғы балалар...

        Олар әкелерін майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын өз қолына алды. Ертеден кешке дейін, қараңғы түн құшағында  егін орды, жер жыртты, станокта тұрып оқ жонды, бомба жасады, жауынгерлер үшін жылы киім жинастырды.

        Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас,рас көзімізден жас ақты.

Бірақсо бір дауыл жылдар,от жылдар,

Бірімізден бір-бір батыр жасапты...

 

Кейінгі ұрпақ, саған салған өткелдің,

Сағасында өткен жастық, өткен күн.

Қаршадайдан қара шаруа атанған,

Сен әкеңді батыр емес деп көргін.

                                                («Қырқыншы жылдар» М.Мақатаев)

        Апаларымен бірге бір сәт те тыным алмаған кішкентайлардың дұшпанға деген кегі мен ашу-ызасы жау шебіне бұршақша жауды.

        Соғыс жылғы балалар тылда тыным алған жоқ. Олар байтақ елімізбен білек сыбанған қалың жұртпен бірге  Жеңісті сағат сайын жақындата түсті.

        Майданнан елге оралған Жеңіс жауынгерлерінің мойнына асылып, алапат соғыста гимнастеркаға сіңген оқ-дәрі мен түтін иісін алғаш жаттаған да сол балалар болатын.

        Соғыс жылғы балалар! Сол Жеңіс көктемінің таңында ауыл-аукылда, қала-қыстақтарда “Сүйінші! Біз жеңдік! Жеңіс жетті бізге!” деп жар сала жүгірген де балалар болатын.

        Уақыттың есте қалар белгісі – ол тарих. Уақыт өктемдігі жүрмейтін жағдайлар болады. Ұлы Отан соғысы – солардың бірі. Біз бейбіт өмір сүру кезеңінде дүниеге келдік, ешқашан әуе дабылын, бомба жарылысыннан қираған үйлерді көрген жоқпыз, суық траншеялар мен окоптарда отырмадық. Ел басына күн туған ауыр кезеңдерде майдандағыларға арнап мектеп оқушылары мыңдаған дана киім, сәлемдеме жіберіпті.    1941-1945 жылдары Қазақстанның 50 шақты мектептері мен балалар үйлерінің ұжымдары Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінен майданға берген көмектері үшін алғыс алған.

                Балалар сендердің назарларыңа “Соғыс және балалық” тақырына жазылған қазақстандық шығармалар таныстыру. Төменде балалық бал дәурендері соғыс өртіне ұрлатқан жеткіншектер туралы болмақ:

- Бәрібір соғысқа мен бармай болмайды. Баруым керек. Барайыншы... Сосын олар көреді менен көресіні... Мен оларды жеңбей қайтпас едім. Сөз жоқ ауылға оларды жеңіп барып келемін. Қорықпаймын олардан. Қанымды  тамшылатып жүріп соғысамын олармен.

- Сөз жоқ, мен оларды жеңіп барып ауылға келемін. Сонда сендер қайтесіңдер, рине, сендер менің соғыстан жеңіспен қайтып келе жатқанымды естіп үйде отыра бермейсіңдер. Арбаға мініп алдымнан шығасыңдар. Бәрімізге шұрқырасып Табақтыға кездесеміз? Сонда қайтер екенбіз... Қарқылдасып күлеміз-ау, ә... Жоқ. Бәріміз де ағыл тегіл боп жылайтын шығармыз.. Жылаймыз ғой, ә?

Қайран Саян. Мұқағали Мақатаев ағаларың айтпақшы осы Саян сияқтылардың соғыс жылдарына тұспа-тұс келген балалық дәурені балы мен шекері бұйырмастан өте шықты ғой. Осы Саянның сөздерінен үлкендерге тән ызғар, жауға деген өшпес өшпенділігі сезіліп-ақ тұрған жоқ па? /Нұрмағамбетов Т. Он төрт жасар жігіт: Әңгіме // Нұрмағамбетов Т. Әңгімелер.-Алматы, 1977.- Б.52-81

        Ал Мағауин өзінің “Бір атаның балалары” повесіне /Мағауин М. Бір атаның балалары: Повесть, әңгімелер.- Алматы, 1974.- Б.175-239/ мынадай кіріспе жазыпты: ...Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілерінің жанын жұбатар бір шумақ жырым”.

        “Әке, есіңізде ме? Майданға керерде менің маңдайымнан сүйіп тұрып: “Мә, құлыным, жоғалтпа, -деп бір тал шашыңды жұлып беріп едің ғой.- Жоғалтпа, тығып қой. Мені сағынғанда осы шашты тұтатқайсың. Сонда мен ЕрТөстіктің Шалқұйрық аты құсап жетіп келемін,- деп едің ғой, әке. Мен сенің аманатыңды ұзақ сақтай алмадым. Қырық үшінші жыдың қысында өзіңді қатты сағынып, үй сыртынағы төбегее барып шақпақ тұтаттым. Бір тал шашың лып етіп жанып кетті, бірақ сен уәдеңде тұрмадың, көп күттім, алыста ғой, жете алмай жүрген шығар деп ойладым. Бірақ сен келмедің... Сөйтіп сенің өзіңнен де, көзіңнен де айрылдым, әке. Ендігі көңілге медет етіп келе жатқаным майданнан жазған хаттарың ғана, иә, хаттарың”.

                Балауса пәк көңіл-ай десеңші. “Менің  әкем, менің ағам, менің туысым жеңіспен елге аман оралса екен”,-деген жалғыз ауыз сөз сол жылдардағы сәбилердің жүрек жарды арманы еді ғой. Сол тілекпен, сол сезіммен олар сонау көгілдір жоннан ауылға құлап түсер қасқа жолға қарайтын. Пошташы шалдың хат қалтасына үмітпен, күдікпен көз тігетін.Олардың ішінде К.Сегізбаевтың Ештайы /Сегізбаев К. Жылдың ең қысқа күндері: Повесть.- Алматы,1978.-Б. 7-79./, С.Танекевтің Сағыны /Танеке С.Қиял Асу: Повесть.- Алаты, 1979.-198 б./, Д.Қасеновтың Сиқымы/ Қасенов С. Серт: Повесть.- Алматы, 1975.- 54 б./ бар.

                Олар белорус, украин, орыс т.б. балалар сияқты дұшпан эшалонын құлатып, жанар май толы цистерналарды жарған жоқ, гитлершілерге оқ атқан жоқ... Олар әлі кіп-кішкентай балалар еді. Олардың аты-жөні... Иә, олардың аты –жөні 40-шы жылдардағы балар еді. Олар – ерте еейген сендердің әкелерің, аталарың еді.

  Күн өтеді, ай өтеді... Ай оралып жылдар, замандар өтеді... Осы бір “тарих” деп аталатын қасиетті өмір жолын әр кезде әр ұрпақ өзінше түсініп, топшылайды. Оның терең сырын түсінуге, тануға асығады.

Оқырмандардың зейініне ұсынылып отырған төмендегі кітаптар соғыс жылдарындағы балалардың

Пред.1112131415След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ