Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

сауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып  қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады.

         Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен  Талғат Бигельдиновтың  және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен  жазылды.

        Севастополь үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-қиямет соғыс бейнеленген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіров, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовтың, жау “жолбарысына” қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атайды. Бұлардың бәріне Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Кеңес Одағының Батыры атағын екі реттен алған, даңқты сұңқарларымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздың мәңгі есінде. Белорусс ормандарында Әди Шәріповтың басқаруындағы партизан отрядтары жауға қарсы шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры С.Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болған еді.

        Біз 900 күн қоршауда қалған ленинградтықтардың рухын көтеріп, қажырын жаныған Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» атты жалынды жырын жадымызда ұстаймыз.

        Республика ұлы жеңіс үшін орасан үлес қосты. Қазақстан майданға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай ақ, республикамыз 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.

        Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емшектегі баласын жөргекке орай салып, кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын, туыстарын, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара алады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да, тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбылға дейін отандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты.  Қазақстандықтар Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын туған жеріндей жанқиярлықпен қорғады, Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдавияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. Ленинград қаласына қауіп төнгенде Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» атты жүрек жарды, жалынды жырын майдандағы «жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір» жауынгер балаларына жолдады. Кейіннен қаланы қорғаушы жауынгерлердің бірі: «Бұл сәлемді көзге жас, көңілге қуаныш толы сезіммен оқымауға болмайды... Біз күшімізді еселей түсіп ұрысқа аттандық»,-деп еске алды.

        Қазақстандықтар Варшаваны, Софияны, Белградты, Праганы азат етушілердің қатарында болды. 151-қазақстандық бригада негізінде құрылған 150-Идриск атқыштар дивизиясы жауынгерлері «ұялы қасқырдың» ордасы Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагтың күмбезіне жеңіс туын тігуге қатысты. Алқызыл туды биікке көтеріп, алғаш болып жеңіс дабылын қаққандардың қатарында  қазақ Рахымжан Қошқарбаев болды.

        Ұлы Жеңіске жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан жасақтары да үлес қосты. Зерттеулер бойынша Белоруссия мен Украина ормандарының партизан отрядьтарында 3 мыңнан аса қазақтар шайқасқан. Партизан отрядтарына командир, комиссар болған, есімдері ел аузында аңызға айналып, кейінгі ұрпаққа жеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин есімдері көзі қарақты көпшілікке мәлім.

        Қазақстандықтар қанішер жаумен қасық қанын аямай осылай шайқасты. Олардың бәрін ортақ іске, жеңіске, отанына деген сезім біріктірді.  Дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. «Правда» газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында «Қазақтар» деген мақала жаияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия туралы еді. Осы бір жеңіс күндері көрнекті совет жазушысы И.Эренбургтың 1942 жылы жазған «Қазақтар» деген мақаласында: «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім...» деді. Фрицтер көп нәрсені білмеуші еді. Оларға Ресейдің үлкен екенін ғана айтып, ал ол елде көптеген халық тұратынын айтпаған.Шығыстың кең даласында ежелден қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығында көндіккен ержүрек адамдар тұрады. Бұл елдің ақындары Қазақстанның даңқты батырларыжайлы сыр шертеді. Ал бұл елдің батырлары ең алдымен арын ардақтаған. Ер Тарғын алты кез алдаспаннан қолына алып, алты мың жауға жалғыз өзі қарсы шабуылға шығып тұрып: «Маған бәрінен де арым қымбат!» деп айғай салған!...

      Далада салт атпен жүруге үйренген қазақ. Егер қажет болса еңбектей де алады, жүгіреді де, таулы жерде шыңға қарай өрмелейді, батпақ болса белуардан саз кешіп те жүре береді. Әйтеуір, қазақтарды ешнәрсе де тоқтата алмайды... 

      Қазақтар орыстармен қатар тұрып ұрыс салуда. Біз бірге қайғы кештік, бірге жаумен шайқасып жүрміз, жеңістің алғашқы таңын да бірге қарсы алып, бірге қуанатын боламыз!» -деп жазды.

        Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды.»- дегенді айтады.

        От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Келешек үшін, дүние жүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.

 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ өнері

сауалнама

 

        1.Соғыс жылдарында Алматыға көшіп келіп, республикамыздағы музыка мен көркемөнердің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан көркем фильм студиялары  (Москва мен Ленинград)

        2. Соғыс жылдарында Алматыда өмір сүрген атақты бишіні атаңыз? (Галина Уланова)

        3. Ю.Завадский  басқаратын Моссовет  театрының қазақтың академиялық драма театрында  қойған атақты комедиясы (В.Шекспирдің «Асауға тұсау»)

        4. 1942 жылы Фрунзе (Бішкек) және 1944 жылы Ташкент қалаларында өткен Орта Азия және Қазақстанның музыка өнерінің онкүндігіне қатысып, ел ықыласына бөленген Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрін басқарған музыкант (Ахмет Жұбанов)

        5. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ композиторлары (Рамазан Елебаев, Мәлік Жаппасбаев, Смағұл Көшекбаев, Әли Базанов және т.б.)

        6. Соғыстың ауыр жылдарында республикамыздың өзінде жоғары білімді мамандар даярлау мақсатында Алматы консерваториясы қай жылы ашылды? (1944)

        7. 1941 жылы Москва түбінде ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровқа арналған ән қалай аталады және авторы кім? (“Жас қазақ”, әні Р. Елебековтікі, сөзі Ғ.Елебаевтікі)

        8. Қарт домбырашы Дина Нүрпейісованың майданда жүрген қазақтар сүйіп тыңдайтын күйі?  («Ана бұйрығы»)

        9. Ұлт композиторлары қолынан шыққан тұңғыш қазақ операсы  сол жылдары жазылған қазақ операларының ішіндегі шоқтығы биік туынды (“Абай”,  авторлары А.Жұбанов, Л.Хамиди)

        10. Майдандағы жаппай ерлік, тылдағы адамдардың жанқиярлық еңбегі  туралы жазылған әскеи-патриоттық «Найзағай», «Панфиловшылар жыры», «Мәлік Ғабдуллин туралы жырдың» авторы кім? (Бақытжан Байқадамов)

        11.  1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім? (Жамбыл)

        12. Соғыстың ауыр жылдарында қазақ өнер қайраткерлері госпитальдар мен әскери бөлімшелерде концерттер қойған, майданның алдыңғы шебіне барып, жерасты үйлерінде, палаткаларда, орыс ормандарында «Ах, Самара, городок» әнін бірнеше мәрте шырқап, көпшілік көңілінен шыққан әнші? (Роза Бағланова)

       

    &n

12345След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ