Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

bsp;    Өмірге осы біз жауаптымыз,

                                      Ұрпақтың алдында.

                                      Нұрлы күн, жайнаған замана!

                                      Ұқсайсың ақ жарқын анаға.

                                      Қорғаймыз сені бір тұтас ел боп,

                                      Сен үшін садаға, соғысқа жол жоқ!

               (Н.Тілендиевтің  “Өмір дастаны” әні орындалады,

                          сөзі   Т. Молдағалиевтікі)

        Жүргізуші:Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілуде. Бейбіт халықтың денесі жаралы. Жараң қанша болса, кегің сонша өлшеусіз. Көп зұлымдық, көп қорлық ел ішіне тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеуде.

        Сол бір сұрапыл соғыс басталған күннен бері талай жылдар өтсе де, халық жадындағы ауыр күндер ешқашан ұмытылмақ емес. Ерлер өздерінің атақтары үшін емес жер бетіндегі өмір үшін күресті...

       

        Оқырман(3):       1941 жыл ақпандатқан,

                                      Сыртта аяз.

                                      Аулымызды ақ қар жапқан.

                                      Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,

                                      Алапат аспан, жерді аттандатқан.

                                               

                  («1941 жыл.Ақпан» М.Мақатаев)

 

        Жүргізуші: Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады... Соғыстың әрбір күні – қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды. Жеңістердің қуанышы, батырлардың жанқиярлық ерлігі...   

        Оқырман (4):         Аттан! Деді,

                                      Ол ертең аттанады.

                                      Аттанады еңбектің ақ табаны:

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгердің рөлін атқарады.

Ол ертең аттанады.

Жарты Ай тұр шар аспанда-тозған таға,

Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!

Әжем жүр туған жердің топырағын,

                                        Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға...

                   («1941 жыл.Ақпан» М.Мақатаев)

        Жүргізуші: Фашистер Еуропаның барлығын дерлік жаулап бағындырып алды. Олардың қуатты зеңбірек, ұшақ және танктері  мыңдап саналатын. Басқыншылар жолдарында кездескен қарт пен әйелді, бойжеткен мен бейкүнә сәбиді аяусыз атты, дарға асты, қорлады. Фашистер өздерінің Кеңес еліне барар жолын осылай салды. Өздерінің жеңіске жететініне сенді... Бірақ, олар есептерінен оңбай жаңылды...

        Оқырман: (4):  (майданнан келген хаттан үзінді оқиды) 

        Жүргізуші:  Бұл майданнан жазған жауынгердің хаты. Ол мыңдаған Отанын қорғаған солдат сияқты майдан шебінде қайтыс болған...

        Майдан алыс ауылдағы еңбек майданында да, алдыңғы шептегі ұрыстарда да жүріп жатты. Ерлермен қатар нәзік жынысты әйелдер де соғысуда еді. Үлкен ауыртпашылық әйелдің нәзік иығына түскен еді… Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған ару қыздар сан жүздеп саналады. Жыл өткен сайын әйелдердің өшпес ерлігіне, өздерінің бақыттарын Жеңіс үшін күш-жігерін аямағандарын мақтаныш етеміз.  ХХ ғсырдың ең қорқынышты соғысында әйел солдат болды. Майдан шебінде әйел жаралыларға қарап қана қоймай, қолына қару алды, тыңшы болды, жаулардан «тіл» әкелді. Жеріне, еліне, балаларына жауыздықпен қолын салған жауды аяусыз өлтірді.

        Оқырман (6):  « Адам өлтіру әйел адамның  үлесі емес»- деген екен соғысқа қатысқан майдангер әйел. Екіншісі Рейхстаг қабырғасына: «Мен Берлинге соғысты өлтіру үшін келдім» деп жазыпты.

        Жүргізуші: Соғыс жылдары майданның әртүрлі шебінде 800 мыңнан аса әйел адамзаты болған екен. Адамзат тарихында осыншама әйел адамының соғысқа қатысуы болмаған.

        Сонымен 41-жылдары соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді»?

(Сахнаға бірінен кейін бірі ақырындап 8 қыз бала шығады)

Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі  Әкима Ақжолаева есіне алады.

        Қыз бала (1):Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу–біздің бар ой-арманымыз осы болатын.  Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақтап келген бір сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл-дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжатыжоқ адамды майданға алдыңғы шепке бірден жібереді дегенді естіп жүретінмін. Новосібірқаласына жақындағанда құжаттарымды құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып, құжаттарымның жоқ екенінайтып, енді майданға жіберулерін сұрадым. Сол бойымен  Ленинград қаласынан бір-ақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағанымды осы кезге дейін бір адамға айтуға ұялам. Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді… (қатардағы өз орнына барып тұрады)

        Жүргізуші: Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, ұяң, биязылығымен қатар патриоттық сезім, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей.

        Қыз бала (2): «Мен о баста дәрігер болуға талпындым. Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па еді! Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға арым бармайды… Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Мен өзімді-өзім мүлде өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім

12345След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ