Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

басқаратын пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей мен жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салсам- командирлік міндеттің орындалғаны ғой деп ойлаймын».

        Жүргізуші: Бұл қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың майданның алдыңғы шебінен тілшілерге берген алғашқы сұхбаты еді.

        Оқырман (7):  

                               Абайлады сонда Мәншүк жан-жағын,

                              Көрді өзінің жапа-жалғыз қалғанын.

                              Көзге жанар, көкірекке кек толып,

                              Қинады қимай серік-саңлағын.

 

                              Қара көзі жарқ етті тек танадай,

                              Төңкерілді ашылып бір қарамай.

                              Пулеметте ойнап тұрған он саусақ.

                              Қалды қатып бір серпуге жарамай.

                                                  (М.Хәкімжанова «Мәншүк» поэмасынан)

        Жүргізуші: 1943 жылы қазан айының 7-сі күні Невель қаласының маңында орналасқан Изочка темір жол стансасын басып алу ұрысы болды. Осы ұрыста жанқиярлықпен соғысып, пулеметпен көптеген фашистердің көзін жойды. Бірақ өкініштісі сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапты.  Шығыс халықтарының тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, туған Отанын, халқымыздың ар-намысын қорғаған Мәншүк Мәметова есімі барлық уақытта да жастарға өшпес өнеге болмақ. Сол жылдары Мәншүктің қарулас жалдастары анасына былай деп хат жолдапты: «Аға сержант М.Мәметова жолдас өмірінің соңғы минутына дейін фашистік жауыздарды аямай жойды. Мәметова жолдас жаудың боратып атқан оғына, сондай-ақ өзінің жаралануына қарамастан жауды үздіксіз атқылап, шабуылына шыққан бөлімдердің тоқтаусыз алға басуын қамтамасыз етіп отырды. Шексіз батырлығымен жауынгерлерде жаңа жігер тудырып, оларға фашистерді құртуда бар күштерін жұмсауға зор дем берді.

        …Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп, Невель қалалық Советі атқару комитетінІң бірінші мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін пулеметші қазақ қызы Мәншүк Мәметованың, ал Торфяной переулогін Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданды… Мәншүктің қарулас жолдастары 1943 жыл, 25 қазан.»

        Біраздан кейін Мәншүк Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.

        Қыз бала (3):  ...Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің де түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінем, неге десең мектепте әлде де болса бірқатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым. Өміріме өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ, ол-өзім туралы емес-сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным...

        ... Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты терең окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, ал қолымда винтовка бар...

        Жүргізуші: Иә, бұл  ержүрек  Әлияның туыстарына жазған хаты еді.  1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревнясы үшін кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін қиып түсті. Бұл 1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі қалса, Әлия бес айдан соң 19 жасқа толар еді...Оның қысқа өмірінің екі жарым жылы қанды майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл – жалын боп лаулап, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен, кейінгі бүкіл іні-сіңлілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ол қаһармандық дастанын жазып үлгірді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас етті...

        Оқырман:  (8)

                              ...Жан емес пе, махаббат пен бақыт үшін жаралған,

                              Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр алған!?

                              Күйер ме екен от-жалынға жапырағындай жас талдың

                              Әлияның жүрегінде өркен жайған бар арман?!

                                                                   «Аққу поэмасы» Н.Исабаев

        Жүргізуші:Кеңес Одағының Батыры атағын алған ержүрек қыз Әлия соғыста таңғажайып ерлік жасады. Ол тамаша соғыс шебері, мерген, барлаушы, сапер, автоматшы, керек кезінде қол бастаған командир міндетін де атқарған. Әлия Молдағұлованың қысқа өмірінде жасаған ғаламат ерлігін қастерлеп жауынгер достары да оны «батырдың батыры» деп атап кеткен. Міне, ол мұндай қасиеттерді туған жерінің топырағынан, өскен ортасынан, қазақ деген халқынан, анасының ақ сүтімен бойына дарытқан деп мақтан тұтуға әбден халқымыз.

(С.Бәйтерековтың Б.Тәжібавтың сөзіне жазыллған «Әлия әнінің әуенімен»)

        Оқырман (9):

                               Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

                              Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

                              Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

                              Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

                                               (Т. Молдағалиев «Махабат оты сөнбейді»)

        Жүргізуші:Қазақ халқының екі көзінен үзіліп түскен қос тамшысындай Әлиясы мен Мәншүгі жарық жұлдыздай болып, аспан төсіне мәңгілікке қадалып жатты. Алайда төрт жылғы қанды топалаңда жарты Еуропада іздерін қалдырып, туған топырағына аман-есен оралған батыр апаларымыз да баршылық. Солардың арасында қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Доспанова Хиуаз.

        Қыз бала (4):“Ең бірінші әскери тапсырманы Краснадонда алып, жаудың күші мен техникасын жоюға біз аспанға түнде көтерілдік. Айналаның бәрі тастай қараңғы. Құлақ түбінен уілдеген желдің ызыңы ғана естіледі. Ұшағымыз ауада қалқып келе жатқандай, анда-санда тербеліп қояды... Тек сонау төменде айқыш-ұшқыш атылған оқтардың, жерге түс

Пред.678910След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ