Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

bsp;                                             

 

 

                          

Ару қыздар – алаулап от кешкендер

Әдеби-музыкалық композиция

 

Безендірілуі:

        Сахнаның ортасында «Отан – ана шақырады» деген плакат ілініп тұрады. Плакаттың екі жағына суреттер ілінеді. Бірінде: гранатамен танкке қарсы бара жатқан солдат бейнеленген. Екінші суретте жанып жатқан өрт ішіндегі пилоткалы мейірбике – солдат қыз бейнеленген.

        Үстел үстінде санитарлық сөмке, каска, атылған оқ және қалампыр гүлі жатады.

        Кеш өту барысында мерекелік-байсалды әуен және «Священная война» өлеңінің аудиобаспасы (өлеңі В.Лебедев-Кумачтікі, әні: А.Александровтікі) керек болады.

 

Қатысатындар:  Жүргізуші

Оқырмандар1-11

Пилотка және гимнастерка киген қыздар: 1-8

                          Ақ шашты ана!

                                                           Саптан шықпай нық басып келесің бе?

                                                          Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...

                                            Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

                                                       Ару қыздар – алаулап от кешкендер.

                                                                                              (Ф.Оңғарсынова)

 

        Әйел атын атағанда ең бірінші, біздің аузымызға «мейірімділік» деген сөз түседі. Сонымен қатар «апа», «қарындас» деген де сөздер бар.Бәрінен жоғарысы «ана» сөзі. Әйел өмірге ұрпақ әкеледі, оларға өмір береді.  Сондықтан қазақ халқы да әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Олар аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды, «тіл» әкелді. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді.

       Қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен қаһармандығын әлем алдында әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыста мыңдаған әйел халқы  жауынгер атанды..

        ..Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы қалмай атқа қонғанын бәріміз де жақсы білеміз. Солардың 40 пайызы ерлермен тізе  қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.

        Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз. Қос батыр қыздың Отаны –Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз келіншектердің барлығы дерлік майданға өз  еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан-жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді. Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез-ақ меңгеріп, аса қабілеттілік көрсетті.

        Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған әйел қауымының ар-намысы, биік мұнарасы.

        Жүргізуші: Отан!... Жау!...   Олар қорқақтар сияқты түнде басқыншылықпен бейбіт халыққа шабуыл жасады. Бұл  1941 жылдың 22 маусымы еді...

(Д.Шостаковичтің № 6 симфониясының әуенімен)

        Оқырман (1):       Кең дала-туған анамыз,

                                      Қарындас, сүйген жарымыз...

                                               Әйелге бәрін балаймыз

                                      Ұнатса нені жанымыз.

                                      Тарих-ана атанды,

                                      Ана деп жүрміз Отанды...

                                            (О.Сүлейменов «Адамға табын, жер енді»)

        Жүргізуші:Иә, кешегі он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп те үлгірмеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гүл құшуға ғана жаралғандай сүйрік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.

       

        Оқырман (2):       Тыңда дүние, тыңда ұл, қыз

                                      Тыңдаңдар, барлық әлем, тыңда!

                                 &n

12345След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ